ИНСПЕКЦИЯ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

2019 жылдың 6 наурыз күні қылмыстық құқық бұзушылықтар мен басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөніндегі ұсыныстарды талқылау мақсатында Шымкент қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясының ұжымымен кездесу өтті.

Кездесуге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары К.Қабылбеков, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Ж.Әлжанова және инспекция ұжымы қатысты.

К.Қабылбеков сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларға енгізілген өзгерістер мен сыбайлас жемқорлықтың себеп-салдарын жан-жақты түсіндіре келе,заң бұзушылықтардың және сыбайлас жемқорлық деректерінің орын алуына себеп болған мән-жайларды жоюға бағытталған нақты шараларды ұйымдастыру қажеттігін айтты.

Сонымен қатар, Камал Қожахметұлы мекеме басшылығының назарын саладағы сыбайлас жемқорлықты жою бойынша іс-әрекеттерді қатаң бақылауға алып, мекеме қызметкерлері арасында түсіндірме жұмыстарды тұрақты түрде жүргізудің маңыздылығына аударды.

Департаменттің бас маманы Жазира Салханқызы Департамент тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Сондай-ақ, жиын барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы, мемлекеттік қызметшілердің әдебі сөз болды.

«Қызметтік әдеп нормаларын сақтамау сыбайлас жемқорлыққа және түрлі құқық бұзушылықтарға жағдай туғызады, оның арты тәртіптік шара қолдануға алып келуі мүмкін, сондықтан әрбір қызметшіге қызметте және қызметтен тыс уақытта мінез-құлықтарына ұқыпты болу қажет»  – деді Ж.Әлжанова.

Сондай-ақ, жиында қоғаммен кері байланыс орнату маңыздылығы да талқыланып, Департамент тарапынан «WhatsApp» (8-702-201-51-51), 51-51-51 сенім телефондары мен memkyzmet.kz  сайты жұмыс жасайтындығы айтылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *