ИГІ ІСТЕР УАҚЫТЫ!

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова Еріктілер жылы аясында мемлекеттік қызметшілер арасында #Игіістеруақыты бастамасының бастау алуын хабарлаған болатын.

Осы орайда, Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаментінің ұжымы «9 мамыр – Жеңіс күні» қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагері Аскеров Али атамызды Жеңіс күні меркекесімен құттықтады.

Аскеров Али 1942-1948 жылдары Совет армиясы қатарында қызмет еткен. Сталинград майданында 65-ші бөлімшенің бас батальон командирі болып, жауға қарсы көптеген шайқастарға қатысты. 98 жастағы соғыс ардагерінің қазіргі таңда 4 баласы, 14 немересі, 24 шөбересі, 2 шөбшегі бар.

Іс шара барысында ардагердің үйін сырлау, ағаштарын абаттандыру, әрлеу секілді бірқатар жұмыстар жасалып, қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етілді.

Өз кезегінде, Аскеров Али атамыз және оның жанұясы аталған игі бастамаға деген шексіз алғысын білдірді.

Осы іспеттес іс-шаралар мемлекеттік қызметшілердің адами қасиеттерін, бауырмалдылығын арттырып, елімізде игі істердің көптеп атқарылуына өз септігін тигізетініне сенімдіміз.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *