#Игіістеруақыты: Волонтерлық сенбілік

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова тарқатқан #игіістеруақыты челленджін Шымкент қаласының Департаменті қолдай отырып, 29 ақпан күні волонтерлық сенбілік ұйымдастырды.
Сенбіліктің қоғамның назарын қала көшелерінің тазалығын сақтауға аударып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруда маңызы зор. Аталған шараға Департаменттің барлық қызметкерлері жұмылдырылып, Тәуке-хан даңғылы мен Б.Момышұлы көшелерінің қиылысындағы аймақты абаттандыру мен жинау жұмыстары жүргізілді. Жұмыс барысында, көшелер мен тротуарлар қоқыстардан және тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, жасыл желектерді күтудің маусымдық жұмыстары жүргізілді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *