Февраль 22, 2017

Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару

«Бизнес және кәсіпкерлік» саласында көрсетілетін қызметтер

«Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 233 бұйрығы)

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді:


            1) Министрліктің кеңсесі;

2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
3) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері Мемлекеттік корпорацияға, Министрлікке және порталда құжаттардың топтамасын тапсырған кезден бастап:

заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару қажетті құжаттарды қоса бере отырып, заңды тұлғаны таратуды мемлекеттік тіркеу туралы, өтінішті тапсырған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру қажет.

Құжаттар топтамасын толық ұсынбаған, онда кемшіліктер болған, құрылтай құжаттары бойынша сарапшының (маманның) қорытындысын алу қажет болған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген негіздер бойынша заңды тұлғаны, филиалды немесе өкілдікті мемлекеттік (есептік) тіркеу мерзімі анықталған кемшіліктер жойылғанға дейін немесе көрсетілетін қызметті берушінің тиісті қорытындыны (сараптаманы) алғанына дейін тоқтатыла тұрады.

Банктерді, республикалық және өңірлік мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктерді, оның ішінде саяси партияларды, шетелдік және халықаралық коммерциялық емес, үкіметтік емес бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерін тарату негіздері бойынша заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді Министрлік жүргізеді.

Жергілікті мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктерді, қорлар мен заңды тұлғалар бірлестіктерін тарату негіздері бойынша заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді, тиісті облыстардағы және Астана мен Алматы қалаларындағы қоғамдық және діни бірлестіктерінің филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу, қайта тіркеу, есептен шығаруды облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының Әділет департаменттері жүзеге асырады.

Министрлікте тіркеуге жататындардан басқа, заңды тұлғалардың таратылуы, тиісті облыстарда филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуден шығару негіздері бойынша заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аудандық (қалалық) Әділет басқармалары жүзеге асырады.

 

Мемлекеттік қызмет шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы түрде көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін тіркеу алымы белгіленген.
Тіркеу алымының сомасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартың 2-қосымшаға сәйкес «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген мөлшерлеме бойынша есептеледі және салық салу объектісінің тіркеу орны бойынша тиісті құжаттар берілгенге дейін төленеді.

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

Мемлекеттік корпорация және Министрлікте мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

  • осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
  • заңды тұлғаның мөрімен (ол болған кезде) бекітілген, құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген заңды тұлға мүлкінің меншік иесінің немесе меншік иесі уәкілеттік берген органның не заңды тұлға органының шешімі;
  • заңды тұлғаны тарату, кредиторлардың наразылықтар мәлімдеу тәртібі мен мерзімі туралы ақпаратты ресми баспа басылымдарында жарияланғанын растайтын құжат;

Наразылықтар мәлімдеу мерзімі, банкроттық жағдайларын қоспағанда, таратылғаны туралы хабарландыру жарияланған кезден бастап екі айдан кем болмайды. Банкроттық кезінде кредиторлардың банкротқа қоятын талаптары кредиторлар талап қоятын өтініштер тәртібі туралы хабарландыру жарияланған кезден бастап бір ай мерзімнен кешіктірілмей мәлімделруі тиіс;

  • кеден баждары, салық және кеден алымдары бойынша берешегінің болмауы туралы анықтама;
  • акциялар шығарудың күшін жою туралы куәлікті (акционерлік қоғамдар үшін);
  • заңды тұлға мөрінің жойылғаны туралы құжат;
  • шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркегені үшін тіркеу алымының бюджетке төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат;
  • құрылтай құжаттары;
  • Қазақстан Республикасыныңзаңнамасында көзделген жағдайларда қосымша:

табиғи монополия субъектiсi үшін табиғи монополиялар саласындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның алдын ала келiсiмi беріледі;

мүліктік кешен ретінде жекешелендірілген мемлекеттік кәсіпорын қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу үшін көрсетілетін қызметті алушы:

мемлекеттік кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде жекешелендіру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің (жергілікті атқарушы органның) шешімін;

мемлекеттік кәсіпорынның мүліктік кешенін сатып алу-сату шартының көшірмесін;

мемлекеттік кәсіпорынның тапсыру актісінің көшірмесін ұсынады;

  • филиалы мен өкілдігін есептік тіркеуден шығару үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылар мынадай құжаттарды:
    осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес заңды тұлға, филиал (өкілдік) қызметінің тоқтатылуын тіркеу туралы өтінішті;

филиал (өкілдік) туралы ережені;

филиалды (өкілдікті) есептік тіркеуден шығару үшін тіркеу алымының бюджетке төленгенін растайтын түбіртекті немесе өзге де құжатты ұсынады.

Соттың шешімі бойынша таратылған заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу соттың шешімі және тарату іс жүргізуін аяқтау туралы сот ұйғарымы негізінде жүзеге асырылады.

Оған қатысты сот мәжбүрлеп тарату туралы шешім шығарған заңды тұлғаның филиалын (өкілдігін) есептік тіркеуден шығару:

  • филиал (өкілдік) туралы ережені;
  • филиалды (өкілдікті) есептік тіркеуден шығару үшін тіркеу алымының бюджетке төленгенін растайтын түбіртекті немесе өзге де құжатты қоса бере отырып, осындай шешім негізінде жүзеге асырылады.

Порталда заңды тұлға, филиал және өкілдік қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу үшін осы стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып және «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы тіркеу алымын төлей отырып, электрондық құжат нысанын толтыру арқылы заңды тұлғаның, филиалдың немесе өкілдіктің қызметін тоқтату туралы өтініш береді.

Заңды тұлғаның, филалдың (өкілдіктің), шетелдік заңды тұлғаның филиалының (өкілдігінің) Жеке бастарын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді, көрсетілетін қызметті алушының бюджетке алым сомасын төлегенін растайтын құжатты (ЭҮТШ арқылы төлеген жағдайда), қызметін тоқтатып жатқан заңды тұлға, филиал (өкілдік) шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) бойынша салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектерінің болмауы (болуы) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.


 

3-қосымша      

«Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын 
мемлекеттік тіркеу, филиал мен   
өкілдікті есептік тіркеуден шығару»
мемлекеттік көрсетілетін     
қызмет стандартына       
    

_____________________________
тіркеу органының атауы

Нысан

Заңды тұлға, филиал (өкiлдiк) қызметiнің тоқтатылуын
тiркеу туралы өтiнiш

  1. Ұйым нысаны (тиiстi ұяшықта х түрiнде көрсетiңiз)
    1) заңды тұлға _________________ 2) филиал __________________________
    3) өкілдік __________________________________________________________
    2. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкiлдiктiң) атауы _____________________
    _____________________________________________________________________
    3. Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) (болмаған жағдайда тіркеу
    нөмірі) _____________________________________________________________
    4. Қызметтi тоқтату негiздемесi мынаның нәтижесінде туындады (тиiстi
    ұяшықта х түрiнде көрсетiңiз)
    1) тарату _______ 2) қосылу арқылы қайта ұйымдастыру ________________
    5. Заңды тұлға, филиал (өкiлдiк) қызметiнің тоқтатылу (тиiстi ұяшықта
    х түрiнде көрсетiңiз)
    1) ерікті _______________ 2) мәжбүрлі _______________________________
    6. Заңды тұлға, филиал (өкiлдiк) қызметiнің тоқтатылуы туралы
    хабарландыру жарияланған баспа органының атауы, нөмiрі және жариялану
    күні ________________________________________________________________
    _____________________________________________________________________
    _____________________________________________________________________
    7. Заңды тұлғаның филиалдары (өкiлдiктерi) туралы мәлiметтер (тиiстi
    ұяшықта х түрiнде көрсетiңiз)
    1) иә ____________________________ 2) жоқ ___________________________
    Өтінішке: ___________________________________________________________
    _______________________________________________________ қоса беріледі

Өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін __________
20__ жылғы «___» _____________ (қолы)

 


 

4-қосымша        

«Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын 
мемлекеттік тіркеу, филиал мен   
өкілдікті есептік тіркеуден шығару»
мемлекеттік көрсетілетін     
қызмет стандартына       
  

_____________________________
тіркеу органының атауы

Нысан

Тіркеу куәліктерін (заңды тұлғадан) кері қайтарып алуға (күшін
жоюға) өтініш

Заңды тұлғаның сәйкестендіру деректері БСН: _________________________
Ұйымның атауы: ______________________________________________________
қызметінің тоқтатылуына байланысты жоғарыда аталған заңды тұлғаның
қызметкерлеріне берілген барлық бұрын шығарылған тіркеу куәліктерін
кері қайтарып алуыңызды сұраймын

Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісемін __________
20__ жылғы «___» _____________ (қолы)

Басшысы________________________
(Т.А.Ә.)