Февраль 25, 2017

«Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

«Бизнес және кәсіпкерлік» саласында көрсетілетін қызметтер

«Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 233 бұйрығы)

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді:


            1) Министрліктің кеңсесі;

2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
3) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 20 (жиырма) минут.

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушыға) тегін көрсетіледі.

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

1) Мемлекеттік корпорацияға:

осы стандартқа 6-қосымшаға сәйкес нысандағы заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама алуға сұрау салу, онда берілетін ақпараттың түрі көрсетіледі;

жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (тұпнұсқа салыстыру үшін);
заңнамада көзделген жағдайларда өкілдің өкілеттіктерін куәландыратын құжат.

2) порталға:

заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама алуға көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпиясы бар мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.

Порталға жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» электрондық цифрлік қолмен (бұдан әрі- ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, хабарлама жіберіледі.


 

6-қосымша        

«Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы,
олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік 
тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру» 
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына 
            

Нысан

Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың
филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу)
туралы анықтама алуға сұрау салу

Мен,
_____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның Т.А.Ә. (бар болған кезде), паспорт деректерi (жеке
куәлiк деректерi) және тұрғылықты жерi)
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы және деректемелерi)
___________________________________________________________ негізінде
(өкiлеттiгiн куәландыратын құжат деректемелерi)
__________________________________ заңды тұлғаның атынан әрекет етушi
(уәкiлеттi өкiл толтырады)
Маған _________________________________________________________ заңды
тұлғасына заңды (заңды тұлғаның, филиал мен өкілдіктің атауы)
тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен
өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беруіңізді
сұраймын.
Мынадай құжаттарды қоса беремiн: ____________________________________
Күнi _________,_______________________________________/______________
(өтiнiш берушiнiң/уәкiлеттi өкiлдiң (Т.А.Ә. бар болған кезде және
қолы)
_____________________________________________________________________
(сұрау салуды қабылдаған маманның Т.А.Ә. бар болған кезде және қолы)
Өтінішті орындау/қарау нәтижесi: ____________________________________
тексерiлдi: күнi 20__ жылғы _________ _______________________________
_____________________________________________________________________
(маманның Т.А.Ә. бар болған кезде және қолы)