«Бизнес және кәсіпкерлік» саласында көрсетілетін қызметтер
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу,олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 233 бұйрығы)
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді:
1) Министрліктің кеңсесі;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
3) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) Мемлекеттік корпорацияда:
жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік қайта тіркеу, сондай-ақ қызметін типтік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын қажетті құжаттар қоса беріле отырып өтініш берілген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі;
жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаларды, сондай-ақ саяси партияларды қоспағанда, қызметін типтік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік қайта тіркеу қажетті құжаттар қоса беріле отырып, өтініш берілген күннен кейінгі он жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
саяси партияларды мемлекеттік қайта тіркеу және олардың филиалдарын (өкілдіктерін) қайта тіркеу қажетті құжаттар қоса беріле отырып, өтініш берілген күннен бастап бір айдан кешіктірілмей жүргізіледі.
2) Министрлікте:
жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаларды, сондай-ақ саяси партияларды қоспағанда, қызметін типтік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды, олардың филиалдары мен шетелдік және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктердің өкілдіктерін мемлекеттік қайта тіркеу және есептік қайта тіркеу қажетті құжаттар қоса беріле отырып, өтініш берілген күннен кейінгі он жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі;
саяси партияларды мемлекеттік қайта тіркеу және олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік қайта тіркеу қажетті құжаттар қоса беріле отырып, өтініш берілген күннен бастап бір айдан кешіктірілмей жүргізіледі.
3) порталда – қызметін типтік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды, олардың филиалдарын (өкілдіктерін), шет елдік коммерциялық емес заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерін қоспағанда, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды және олардың филиалдарын (өкілдіктерін) мемлекеттік қайта тіркеу бір жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүргізіледі).
Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі- көрсетілетін қызметті алушы) ақылы көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін тіркеу алымы белгіленген. Тіркеу алымының сомасы осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген мөлшерлеме бойынша есептеледі және салық салу объектісінің тіркелген жері бойынша тиісті құжаттар берілгенге дейін төленеді.
Қажетті құжаттар тізбесі:
Мемлекеттік корпорацияға немесе Министрлікке жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы стандартқа 5, 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі- өтініш);
2) заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкілдік) туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін мемлекеттік (есептік) қайта тіркеу туралы заңды тұлғаның уәкілетті органының, заңды тұлғаның мөрімен бекітілген (бар болған жағдайда) не шешімінен үзінді көшірме;
3) жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары (өкілдіктері) үшін өзгерістер мен толықтырулар енгізілген құрылтай құжаттарының (ережелерінің) үш данасы;
4) жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның бұрынғы құрылтай құжаттарының, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелердің төлнұсқалары;
5) заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркегені немесе филиалды (өкілдікті) есептік қайта тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат.
Шаруашылық серiктестiгіне қатысушылардың тізілімін жүргізу бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушы жүзеге асыратын шаруашылық серiктестiктерін қоспағанда, қатысушылар құрамының өзгеруі негізі бойынша шаруашылық серiктестiктерiн мемлекеттік қайта тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерiне және құрылтай құжаттарына сәйкес шаруашылық серiктестiгінің шығатын қатысушысының серіктестік мүлкіндегі (жарғылық капиталындағы) үлесіне немесе оның бір бөлігіне құқығының иелiктен шығарылғанын (бiреуге берiлгенiн) растайтын құжат ұсынылады.
Шаруашылық серiктестiгінің шығатын қатысушысының серіктестік мүлкіндегі (жарғылық капиталындағы) үлесіне немесе оның бір бөлігіне құқығын иеліктен шығару (біреуге беру) шартының тарапы жеке тұлға болып табылатын жағдайда, жеке тұлға қолының төлнұсқалығын нотариат куәландыруға тиіс.
Табиғи монополия субъектiлерiн мемлекеттік қайта тiркеу үшiн табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның келiсiмi талап етiледi; тиiстi тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiлерiн, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын олармен үлестес тұлғаларды, мұндай құру Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, қайта тiркеу үшiн монополияға қарсы органның келiсiмi талап етіледi.
Филиалдар мен өкілдіктер атауы өзгерген жағдайда қайта тіркелуге жатады.
Мемлекеттік және орыс тілінде толтырылған құрылтай құжаттары, нөмірленген және тігілген түрінде үш данада және Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен куәландырады.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы егер Қазақстан Республикасы заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін береді.
Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беруді Мемлекеттік корпорация қызметкері қабылдау қолхаты негізнде, жеке басын куәландыратын куәлікті (немесе сенімхатты) ұсынған кезде жүзеге асырады.
Мемлекеттік корпорация нәтиженің бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін береді.
Көрсетілетін қызметті алушы бір ай ішінде жүгінген жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның сұрау хаты бойынша бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды жолдайды.
Порталда:
орта кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу үшін құрылтайшы (құрылтайшылар):
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦК-н куәландырылған электрондық құжат нысанында сұрау салу;
өзгерістер мен толықтырулар енгізіле отырып құрылтай құжаттарының (ережелерінің) электрондық көшірмесі;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және құрылтай құжаттарына сәйкес шаруашылық серіктестігінің шығатын қатысушысының серіктестік мүлкіндегі (жарғылық капиталындағы) үлесіне немесе оның бір бөлігіне құқығының иеліктен шығарылғанын (біреуге берілгенін) растайтын құжаттың электтрондық көшірмесі.
Егер көрсетілетін қызметті алушы «электрондық үкімет» шлюзі арқылы мемлекеттік алым төлеу тәсілін таңдап алмаған жағдайда түбіртектің/төлем тапсырмасының электрондық көшірмесі.
5-қосымша
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік
қайта тіркеу, олардың филиалдары
мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
Нысан
_______________________________
тіркеу органының атауы
Заңды тұлғаны, филиалды (өкілдікті) мемлекеттік (есептік)
қайта тіркеу туралы өтініш
- Ұйым нысаны (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз)
1) заңды тұлға ____________________ 2) филиал _______________________
3) өкілдік __________________________________________________________
2. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) атауы _____________________
_____________________________________________________________________
3. Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН)_________________________________
4. Қайта тіркеудің негізі (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз)
1) атауын өзгерту ___________________________________________________
2) жарғылық капитал мөлшерінің азаюы ________________________________
3) шаруашылық серіктестіктің қатысушылары құрамының өзгеруі _________
_____________________________________________________________________
(қатысушылардың тізілімін, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушысы
жүргізетін жағдайдан басқа)
5. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) орналасқан жері
Пошталық индексі: __________________ Облысы: ________________________
Қала, аудан, қаладағы ауданы:
_____________________________________________________________________
Елді мекен (ауыл, кенті):
_____________________________________________________________________
Көше, шағын аудан, квартал, тұйық көше, даңғыл:
_____________________________________________________________________
Үйдің нөмірі: _____ пәтер, бөлме:
_____________________________________________________________________
Телефон нөмірі (факс)
_____________________________________________________________________
6. Басшының Т.А.Ә. __________________________________________________
(жеке куәлігінің және ЖСН деректерін көрсете отырып)
7. Құрылтайшылардың құрамы және саны (тиісті ұяшықта х түрінде
көрсетіңіз, мөлшері сан түрінде):
1) заңды тұлға ______________ 2) жеке тұлға _________________________
Заңды тұлғаның атауы ________________________________________________
(БСН көрсете отырып)
Жарғылық капиталдағы үлесі % ______ Салым сомасы (мың теңге) ________
Жеке тұлғаның Т. А.Ә.________________________________________________
(жеке куәлігінің және ЖСН деректерін көрсете отырып)
Жарғылық капиталдағы үлесі % ______ Үлес сомасы (мың теңге)__________
Егер құрылтайшылар біреуден көп болған жағдайда, олар туралы
мәліметтер: Т.А.Ә. жеке куәлігінің және ЖСН деректерін көрсете отырып
(жеке тұлғалар үшін), БСН көрсете отырып (заңды тұлғалар үшін атауы),
сонымен қатар олардың пайыз және ақшалай жарғылық капиталдағы үлесі
жеке парақта өтінішке қоса беріледі.
8. Экономикалық қызметтің негізгі түрінің кодын көрсетіңіз: _________
9. Жарғылық капиталдың мөлшері ______________________________________
10. Жұмыспен қамтылатын адамдардың күтілетін (шамамен) саны
_____________________________________________________________________
11. Заңды тұлғаны қайта тіркеу негізі, қайта ұйымдастыру нәтижесінде
туындайды (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз):
1) иә ________________ 2) жоқ _______________________________________
12. Қосылу жағдайында мынадай мәліметтерді көрсету қажет:
Қосылатын заңды тұлғалардың атаулары ________________________________
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) ___________________________________
13. Жеке кәсіпкерлік субъектісі (тиісті ұяшықта х түрінде
көрсетіңіз):
1) шағын кәсіпкерлік субъектісі _________________ 2) орта кәсіпкерлік
субъектісі ____________ 3) ірі кәсіпкерлік субъектісі _______________
Ақпараттық жүйедегі заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді
пайдалануға келісемін 20 жылғы «___» ________________________________
Өтінішке:____________________________________________________________
______________________________________________________ қоса беріледі.
Өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы «___»
6-қосымша
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік
қайта тіркеу, олардың филиалдары
мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
_______________________________
тіркеу органының атауы
Қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын шаруашылық
серіктестікті мемлекеттік қайта тіркеу туралы өтініш
- Заңды тұлғаның атауы _____________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
2. Ұйымдық-құқықтық нысаны (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз):
1) толық серіктестік ___ 3) жауапкершілігі шектеулі серіктестік _____
2) сенім серіктестігі __ 4) қосымша жауапкершілігі бар серіктестік
_____________________________________________________________________
3. Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) ________________________________
4. Шаруашылық серіктестікті қайта тіркеудің негізі (тиісті ұяшықта х
түрінде көрсетіңіз):
1) атаудың өзгеруі __________________________________________________
2) жарғылық капиталдың мөлшерінің азаюы _____________________________
3) шаруашылық серіктестікке қатысушылар құрамының өзгеруі _____________
_____________________________________________________________________
(қатысушылардың тізілімін бағалы қағаздар нарығына кәсіптік
қатысушысы жүргізілетін жағдайдан басқа)
5. Заңды тұлғаның орналасқан жері:
Пошталық индексі: __________________ Облысы: ________________________
Қала, аудан, қаладағы ауданы ________________________________________
Елді мекен (ауыл, кенті): ___________________________________________
Көше, шағын аудан, квартал, тұйық көше, даңғыл: _____________________
Үйдің нөмірі:______ пәтер, бөлме: ___________________________________
Телефон нөмірі (факс) _______________________________________________
6. Басшының Т.А.Ә. __________________________________________________
(жеке куәлігінің және ЖСН деректерін көрсете отырып)
7. Экономикалық қызметтің негізгі түрінің кодын көрсетіңіз:
_____________________________________________________________________
8. Жарғылық капиталдың мөлшері: _____________________________________
9. Құрылтайшылардың құрамы және саны (тиісті ұяшықта х түрінде, санын
цифр түрінде көрсетіңіз):
1) заңды тұлға ________________ 2) жеке тұлға _______________________
10. Заңды тұлғаның құрылтайшылары туралы мәліметтерді көрсетіңіз
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(қатысушылардың тізілімін бағалы қағаздар нарығына кәсіптік
қатысушысы жүргізілетін жағдайдан басқа)
Заңды тұлғаның атауы ________________________________________________
(БСН көрсете отырып)
Жарғылық капиталдағы үлесі % ____ Үлес сомасы (мың теңге) ___________
Жеке тұлғаның Т.А.Ә. ________________________________________________
(жеке куәлігінің және ЖСН деректерін көрсете отырып)
Жарғылық капиталдағы үлесі % __ Үлес сомасы (мың теңге) _____________
Егер құрылтайшылар біреуден көп болған жағдайда, олар туралы
мәліметтер: Т.А.Ә. жеке куәлігінің және ЖСН деректерін
көрсете отырып (жеке тұлғалар үшін), БСН көрсете отырып (заңды
тұлғалар үшін атауы), сонымен қатар олардың пайыз және ақшалай
жарғылық капиталдағы үлесі жеке парақта өтінішке қоса беріледі.
11. Жұмыспен қамтылатын адамдардың күтілетін саны (шамамен)
_____________________________________________________________________
12. Байқау кеңесі құрылған жағдайда айрықша құзыретті көрсетіңіз: _____________________________________________________________________
13. Тексеру комиссиясының (жеке тексерушінің) мерзімін көрсетіңіз: __
14. Жеке кәсіпкерлік субъектісі (тиісті ұяшықта х түрінде
көрсетіңіз):
1) шағын кәсіпкерлік субъектісі _________________ 2) орта кәсіпкерлік
субъектісі ____________ 3) ірі кәсіпкерлік субъектісі _______________
15. Заңды тұлғаны қайта тіркеу негізі, қайта ұйымдастыру нәтижесінде
туындайды (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз):
1) иә __________________________ 2) жоқ _____________________________
16. Қосылған жағдайда мынадай мәліметтерді көрсету керек:
Қосылатын заңды тұлғалардың атауы ___________________________________
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) ___________________________________
Ақпараттық жүйедегі заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді
пайдалануға келісемін 20 жылғы «___» ________________________________
Өтінішке: ___________________________________________________________
______________________________________________________ қоса беріледі.
Құрылтайшылардың қолдары және Т.А.Ә. ((қатысушылардың тізілімін
қоса беріледі бағалы қағаздар нарығына кәсіппен қатысушы жүргізетін
жағдайда құрылтайшылардың жалпы жиналысын хаттамасымен өкілетті
тұлғаның қолы (қатысушының шешімімен)).
Қолдың төлнұсқалығы нотариалды тәртіппен бекітілген түрде болуы
тиіс.
7-қосымша
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік
қайта тіркеу, олардың филиалдары
мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
_______________________________
тіркеу органының атауы
Қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік
қоғамды мемлекеттік қайта тіркеу туралы өтініш
- Акционерлік қоғамның атауы _________________________________
_____________________________________________________________________
2. Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) ________________________________
3. Акционерлік қоғамды қайта тіркеудің негізі (тиісті ұяшықта х
түрінде көрсетіңіз):
1) атаудың өзгеруі ___ 2) жарғылық капиталдың мөлшерінің азаюы ______
4. Акционерлік қоғамның мекенжайы:
Пошталық индексі: __________________ Облысы: ________________________
Қала, аудан, қаладағы ауданы: _______________________________________
Елді мекен (ауыл, кенті): ___________________________________________
Көше, шағын аудан, квартал, тұйық көше, даңғыл: _____________________
Үйдің нөмірі: _____ пәтер, бөлме: ___________________________________
Телефон нөмірі (факс) _______________________________________________
5. Басшының Т.А.Ә. __________________________________________________
(жеке куәлігінің және ЖСН деректерін көрсете отырып)
6. Экономикалық қызметінің негізгі түрінің кодын көрсетіңіз: ________
7. Жарғылық капиталдың мөлшері ______________________________________
8. Құрылтайшылардың құрамы және саны (тиісті ұяшықта х түрінде
көрсетіңіз, мөлшері сан түрінде):
1) заңды тұлға ____________ 2) жеке тұлға ___________________________
9. Артықшылығы бар акциялар бойынша дивидендтің кепіл мөлшерін
көрсетіңіз: _________________________________________________________
(бекітілген көрсеткіште немесе оның мәні қол жетімді және жүйелі
_____________________________________________________________________
болған жағдайда қандай да болса көрсеткішке қатысты қайта есептелген)
10. Артықшылығы бар акциялар бойынша дивидендтерді төлеу кезеңділігін
көрсетіңіз: _________________________________________________________
_____________________________________________________________________
11. Міндетті жариялауға жататын ақпаратты басып шығару үшін
қолданатын бұқаралық ақпарат құралдарын көрсетіңіз: _________________
_____________________________________________________________________
12. Қоғамның директорлар кеңесі мүшелерінің саны ____________________
_____________________________________________________________________
Үлгілік жарғының 37-тармағының талаптары қаржылық ұйымдарға
қолданылады.
13. Қоғамды басқару мүшелерінің саны ________________________________
14. Жұмыспен қамтылатын адамдардың күтілетін саны (шамамен) _________
15. Жеке кәсіпкерлік субъектісі (тиісті ұяшықта х түрінде
көрсетіңіз):
1) орта кәсіпкерлік субъектісі ___ 2) ірі кәсіпкерлік субъектісі ____
16. Акционерлік қоғамды қайта тіркеу негізі қайта ұйымдастыру
нәтижесінде туындайды (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз):
1) иә ________________________ 2) жоқ _______________________________
17. Қосылған жағдайда келесі мәліметтерді көрсету керек:
Қосылатын заңды тұлғалардың атауы ___________________________________
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) ___________________________________
Ақпараттық жүйедегі заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді
пайдалануға келісемін 20 жылғы «___» ________________________________
Өтінішке: ___________________________________________________________
______________________________________________________ қоса беріледі.
Басшының Т.А.Ә. және қолы/__________________________________________/
Қолдың шынайылығы нотариалды бекітілген түрде болуы тиіс.
8-қосымша
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік
қайта тіркеу, олардың филиалдары
мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
_______________________________
тіркеу органының атауы
Нысан
Қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын өндірістік
кооперативті мемлекеттік қайта тіркеу туралы өтініш
- Өндірістік кооперативтің атауы ___________________________________
_____________________________________________________________________
2. Өндірістік кооперативтің атауын өзгерту __________________________
_____________________________________________________________________
3. Бизнес–сәйкестендіру нөмірі (БСН) ________________________________
4. Заңды тұлғаның мекен-жайы
Пошталық индексі: __________________ Облысы: ________________________
Қала, аудан, қаладағы ауданы: _______________________________________
Елді мекен (ауыл, кенті): ___________________________________________
Көше, шағын аудан, квартал, тұйық көше, даңғыл: _____________________
Үйдің нөмірі: ______ пәтер, бөлме: __________________________________
Телефон нөмірі (факс) _______________________________________________
5. Басшының Т.А.Ә. __________________________________________________
(жеке куәлігінің және ЖСН деректерін көрсете отырып)
6. Экономикалық қызметінің негізгі түрінің кодын көрсетіңіз:
_____________________________________________________________________
7. Капиталдың мөлшері _______________________________________________
8. Құрылтайшылардың құрамы және саны (тиісті ұяшықта х түрінде
көрсетіңіз, мөлшері сан түрінде):
1) заңды тұлға _______ 2) жеке тұлға ________________________________
9. Заңды тұлғаның құрылтайшылары туралы мәліметтер
Жеке тұлғаның Т.А.Ә. ________________________________________________
ЖСН, СТН аналогы немесе елдің коды көрсетілуі тиіс (шетелдік жеке
тұлға үшін)
Пайдың үлесі % ___________________ Мүліктік жарна ___________________
Егер құрылтайшылар біреуден көп болған жағдайда қосымша парақта
келесіні көрсетіңіз: Т.А.Ә., жеке куәлігінің деректері, ЖСН, СТН
аналогы немесе елдің коды (сонымен қатар мүліктік жарна, пайдың үлесі
туралы мәліметтер)
10. Кооператив мүшелерінің мүліктік салым салудың тәртібі,
әдістері және мерзімі _______________________________________________
_____________________________________________________________________
11. Тексеру комиссиясының құрамы ____________________________________
12. Тексеру комиссиясын сайлау мерзімі ______________________________
13. Жұмыспен қамтылатын адамдардың күтілетін саны (шамамен)
_____________________________________________________________________
14. Кооператив пен оның мүшелерінің, атқару органының және
еңбек ұйымы арасындағы байланыс: ____________________________________
_____________________________________________________________________
15. Жеке кәсіпкерлік субъектісі (тиісті ұяшықта х түрінде
көрсетіңіз):
1) шағын кәсіпкерлік субъектісі _____________________________________
2) орта кәсіпкерлік субъектісі ______________________________________
3) ірі кәсіпкерлік субъектісі _______________________________________
16. Өндірістік кооперативті қайта тіркеу негізі оның қайта құрылуы
негізінде туды (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз):
1) иә _____________________________ 2) жоқ __________________________
17. Қосылған жағдайда келесі мәліметтерді көрсету керек:
Қосылатын заңды тұлғалардың атауы
Бизнес–сәйкестендіру нөмірі (БСН) ___________________________________
Ақпараттық жүйедегі заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалануға келісемін 20 жылғы «___» ________________________________
Өтінішке: ___________________________________________________________
______________________________________________________ қоса беріледі.
Кооперативтің басқару төрағасының (төрағасы) Т.А.Ә. қолы/___________/
Қолдың шынайылығы нотариалды бекітілген түрде болуы тиіс.