Февраль 22, 2017

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдар мен өкілдіктерін есептік тірк

 «Бизнес және кәсіпкерлік» саласында көрсетілетін қызметтер

 

«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдар мен өкілдіктерін есептік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 233 бұйрығы)

 

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді:


  1) Министрліктің кеңсесі;

2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
3) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

Мемлекеттік корпорацияға:

жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу, сондай-ақ қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды, олардың филиалдарын, (өкілдіктерін) қоспағанда), қажетті құжаттарын қоса беріле отырып, өтініш берілген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі;
сондай-ақ саяси партияларды қоспағанда, үлгілік жарғы болып табылмайтын, қызметін жарғы негізінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаларды, сондай-ақ акционерлік қоғамдарды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары есептік тіркеу қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен кейінгі он жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі;
саяси партиялардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу қажетті құжаттары қоса бере отырып, өтініш берілген күннен бастап бір айдан кешіктірілмей жүргізіледі.
Құжаттарды тапсыру үшін күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды;
көрсетілетін қызметті алушыға қызметтер көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды;
2) Министрлікте:

саяси партияларды қоспағанда, қызметін үлгілік жарғы болып табылмайтын, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаларды, сондай-ақ жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдарын, шетелдік және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктерді филиалдары мен өкілеттіктері есептік тіркеу, қажетті құжаттар қоса беріле отырып, өтініш берілген күннен кейінгі он жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі;
саяси партияларды мемлекеттік тіркеу, қажетті құжаттар қоса беріле отырып, өтініш берілген күннен бастап бір айдан кешіктірілмей жүргізіледі.

3) порталда – шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, өтініш берілген сәттен бастап бір жұмыс күнінің бір сағаты ішінде көрсетіледі.

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлғаларға (бұдан әрі- көрсетілетін қызметті алушы) ақылы көрсетіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін тіркеу алымы белгіленген. Тіркеу алымының сомасы осы стандартқа 4-қосымшасына сәйкес «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген мөлшерлеме бойынша есептеледі және салық салу объектісінің тіркеу орны бойынша тиісті құжаттар берілгенге дейін төленеді.

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

1) Мемлекеттік корпорацияға: жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу, сондай-ақ қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды, олардың филиалдарын, (өкілдіктерін) қоспағанда), қажетті құжаттарын қоса беріле отырып, өтініш берілген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі;
сондай-ақ саяси партияларды қоспағанда, үлгілік жарғы болып табылмайтын, қызметін жарғы негізінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаларды, сондай-ақ акционерлік қоғамдарды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары есептік тіркеу қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен кейінгі он жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі;

саяси партиялардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу қажетті құжаттары қоса бере отырып, өтініш берілген күннен бастап бір айдан кешіктірілмей жүргізіледі.

2) Министрлікте: саяси партияларды қоспағанда, қызметін үлгілік жарғы болып табылмайтын, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаларды, сондай-ақ жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдарын, шетелдік және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктерді филиалдары мен өкілеттіктері есептік тіркеу, қажетті құжаттар қоса беріле отырып, өтініш берілген күннен кейінгі он жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі;
саяси партияларды мемлекеттік тіркеу, қажетті құжаттар қоса беріле отырып, өтініш берілген күннен бастап бір айдан кешіктірілмей жүргізіледі.
3) порталда – шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, өтініш берілген сәттен бастап бір жұмыс күнінің бір сағаты ішінде көрсетіледі.

Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған, оларда кемшіліктер болған, құрылтай құжаттары бойынша сарапшының (маманның) қорытындысын алу қажеттігі туындаған жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша анықталған кемшіліктер жойылғанға дейін немесе тиісті қорытындыны (сараптаманы) алғанға дейін көрсетілетін қызметті беруші заңды тұлғаны, филиалды немесе өкілдікті мемлекеттік тіркеу мерзімі тоқтатылады.

Банктерді, республикалық және өңірлік мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктерді, сонымен қатар, саяси партияларды, шетел және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктерді мемлекеттік (есептік) тіркеуді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) жүзеге асырады.

Жергілікті мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктерді, қорларды және заңды тұлғалардың қауымдастықтарын мемлекеттік тіркеу, қоғамдық және діни бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу, есептік тіркеуден шығару тиісті облыста және Астана және Алматы қалаларында облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының Әділет департаменттері жүзеге асырады.

Министрлікте тіркеуге жататындардан басқа, тиісті облыстарда құрылған, қайта ұйымдастырылған және таратылған заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеуді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тиісті облыстардағы аудандық (қалалық) Әділет басқармалары жүзеге асырады.

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті үшін қажетті құжаттардың тізбесі:


      1) заңды тұлғалар үшін:

осы стандартқа 567 және 8-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша өтініштер (әрі қарай – өтініш);

қызметінің мәні қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын заңды тұлғалар үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің рұқсаты қосымша ұсынылады;
тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісіне жататын заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, олармен аффилиирленген тұлғалар үшін, мұндай құру 2015 жылдың 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 172-бабындағы тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, монополияға қарсы органның алдын ала келісімімен тіркеуші орган жүзеге асырады;

орта және ірі кәсiпкерлiк субъектiсіне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттiк тіркеу үшін өтiнiшке «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылдың 17 сәуіріндегі Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда нотариаттық тәртiппен куәландырылған құрылтай құжаттарын қоса бере отырып, құрылтайшы немесе құрылтайшылардың бiрi не жалғыз құрылтайшы не құрылтайшылардың бірі шетелдiк жеке немесе заңды тұлға болған жағдайларда құрылтайшы уәкілеттік берген адам қол қояды және тіркеуші органға, Қазақстан Республикасының Үкiметiне немесе мемлекеттiк органдарға не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне береді;

жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін өтінішке «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылдың 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабында, «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылдың 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабында және «Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылдың 31 тамыздағы Республикасы Заңының 25-бабында көзделген жағдайларда, нотариаттық тәртiппен куәландырылған құрылтай құжаттарын қоса бере отырып, құрылтайшы (құрылтайшылар) не осыған уәкілеттік берілген адам қол қояды және оны тіркеуші органға береді.

Мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған құрылтай құжаттары тігілген және нөмірленген түрінде, үш данада ұсынылады.

Көрсетілетін қызметті алушы (құрылтайшы, қатысушы) мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, бар заңмен қорғалатын құпиясы бар мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.

Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беруді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері қабылдау туралы қолхат негізінде, жеке басын куәландыратын құжатты (не сенімхатты) көрсеткен кезде жүзеге асырады.

Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай ішінде жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды;

порталда:

шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін құрылтайшы (құрылтайшылар) осы стандартқа 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама береді;

орта және ірі кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін құрылтайшы (құрылтайшылар) өтініш береді.

Портал арқылы жүгінген жағдайда ЭЦҚ куәландырған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі алынған күні мен уақыт көрсетіле отырып хабарлама жіберіледі;

қайта ұйымдастыру жолымен құрылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін тіркеуші органға:

өтініш;
заңды тұлға мүлкi меншiк иесінiң немесе меншiк иесi уәкiлеттік берген органның, құрылтайшылардың (қатысушылардың) шешiмi, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында уәкiлеттік берiлген органның шешiмi немесе 2015 жылдың 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 231-бабы және 1994 жылдың 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 45-бабының 3-тармақшасында көзделген жағдайларда сот шешiмi;

заңды тұлға мүлкінің меншік иесі немесе заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған орган бекіткен, қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша құқықтық мирасқорлық туралы ережелері көрсетіле отырып, бірігу, қосылу, қайта құрылу кезінде – тапсыру актісі, бөліну, бөлініп шығу кезінде – бөліну балансы және заңды тұлға уәкілетті органының тапсыру актісі мен бөліну балансын бекіту туралы шешімі;

заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылғаны туралы кредиторлардың жазбаша хабардар етілгенін растайтын құжат;

қайта ұйымдастырылған заңды тұлға қызметінің тоқтатылғаны үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат беріледі.

 акционерлiк қоғам:

жарғы, өз қызметін үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды қоспағанда;

құрылтай жиналысының хаттамасы не жалғыз қатысушының шешімі;

шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат.

Егер заңды тұлға тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісіне жататын болса, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын олармен аффилиирленген тұлғалар «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылдың 9 шілдедегі және «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылдың 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, тіркеуші орган монополияға қарсы органның алдын ала келісімімен жүзеге асырады.

мемлекеттiк кәсiпорын:

жарғы;

Қазақстан Республикасы Үкiметiнің немесе жергiлiктi атқарушы органының кәсiпорынды құру туралы шешiмi;

заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе құжат.

Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар Қазақстан Республикасы Үкіметінің, ал коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар – жергiлiктi атқарушы органының шешімімен құрылады.

мемлекеттік мекеме:

мемлекеттiк мекеменi құру туралы шешiм;
ереже (жарғы);

заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат.

тұрғын үй-құрылыс кооперативi және тұрғын үй кооперативi:

жарғы;

заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат.

Тұрғын үй және тұрғын үй-құрылыс кооперативтерi осы кооперативтер мүшелерiнiң тегі, аты, әкесiнің аты, туған жылы және тұрған жерi мен ЖСН көрсетілген тiзiмдi де береді.

сенім серiктестiгі:

шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;

үй (пәтер) иелерiнiң кооперативi:

кондоминиум объектiсiндегi үй-жай (пәтер) меншік иелерi құрылтай жиналысының хаттамасы немесе дауыс беру парақтары қосылған жазбаша түрдегі пікір сұрау нәтижесінің хаттамасы;

жарғы;

кондоминимум объектісін тіркеу немесе қайта тіркеу туралы мемлекеттік акт не кондоминимум объектісінің мемлекеттік тіркеуін растайтын тіркеу органның мөртабаны басылған құжат;

заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;

заңды тұлғаның тұрған жерін куәландыратын құжат;

адвокаттар алқасы:

адвокаттар алқасы мүшелерiнiң жалпы жиналысымен (конференциямен) бекiтiлген жарғы;

жарғысы бекітілгендігі туралы уәкілетті органның шешімі;

заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;

нотариалдық палата:

құрылтай жиналысымен бекітілген жарғы;

жарғысы бекітілгендігі туралы уәкілетті органның шешімі;

заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;

қор:

жарғы;

құрылтай шарт (құрылтайшысы бiр адамнан көп болғанда);

жарғысы бекітілгендігі туралы уәкілетті органның шешімі;

алқалық органның (қамқоршылық кеңестің) атқарушы органы тағайындалғаны туралы шешімі;

заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;

қоғамдық бiрлестiк:

құрылтай съезiнде (конференцияда, жиналысында) қабылданған жарғы;

жарғыны қабылдаған құрылтай съезiнiң (конференциясының, жиналысының) оған төрағасы және съезд (конференция, жиналыс) хатшы қол қойылған хаттамасы;

тегi, аты, әкесiнің аты, туған күнi, айы, жылы, ЖСН, тұрғылықты жері, үй және қызмет телефоны, жеке қолтаңбасы көрсетiлген қоғамдық бiрлестiктің бастамашы-азаматтарының тiзiмi;

заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;

тұрған жерін растайтын құжаттар;

Саяси партияларды тiркеу кезінде қосымша ұсынылады:
партия бағдарламасы;

партия мүшелерiнiң тiзiмi, құрамында олардың әрқайсысында тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған айы мен жылын, ЖСН, тұрған жерiнiң мекен-жайын көрсете отырып, барлық облыстардағы, республикалық мәнi бар қаладағы және астанадағы кемiнде алты жүз мүшесi бар құрылымдық бөлiмшелерді (филиалдар мен өкiлдiктердi) білдіретін кемінде қырық мың партия мүшесi болуға тиіс;

заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанындағы бiрлестiгі, дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың бірлестігі, дара кәсіпкерлердің бірлестігі:

жарғы;

бiрлестiктiң барлық құрылтайшылары қол қойған құрылтай шарты;

заңды тұлғаны құру туралы уәкілетті органның шешімі;

заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;

ауылдық тұтыну кооперативі:

құрылтай жиналысының хаттамасы;

жарғы;

заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;

азаматтар үшін – тегі, аты, әкесінің аты, мекенжайы және ЖСН және заңды тұлғалар үшін – атауы, тұрған жері, БСН туралы мәліметтер көрсетілген пай салушылардың тізімі.

Су пайдаланушылардың ауылдық тұтыну кооперативтерін тіркеу кезінде қосымша:

тегі, аты, әкесінің аты, тұратын жері және ЖСН, сондай-ақ заңды тұлғалардың атауы мен тұрған жері көрсетілген кооператив мүшелерінің тізімі, сондай-ақ кооператив мүшелерінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы суармалы жерлердің суын пайдаланушылардың болуы туралы мәліметтер ұсынылады.

аудиторлар палатасы:

жарғы;

заңды тұлғаны құру туралы уәкілетті органның шешімі;

заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;

толық серiктестiк:

шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;

өндiрiстiк кооператив:

тегі, аты, әкесінің аты, мекенжайы және азаматтың жеке басын куәландыратын құжаттың деректері көрсетілген өндірістік кооператив мүшелерінің тізімі, сондай-ақ, егер өндірістік кооператив мүшесі заңды тұлға болып табылса ұйымның атауы, тұрған жері және банктік деректемелері;

шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;

тұтыну кооперативi:

жарғы;

заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат.

Тұтыну кооперативi азаматтар үшiн – осы кооператив мүшелерiнiң тегі, аты, әкесiнiң аты, туған жылы, ЖСН және тұратын жерi, заңды тұлға үшiн – тұрған жерi, банк деректемелері және БСН туралы мәлiметтер көрсетілген тiзiм ұсынылады.

дiни бiрлестiк:

діни бірлестіктің басшысының қолы қойылған діни бірлестіктің жарғысы;

құрылтай жиналысының (съезд, конференция) хаттамасы;

стандартқа 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық және қағаз жеткізгіштерде діни бiрлестiктi құрған бастамашы-азаматтардың тiзiмi;

діни оқудың пайда болу тарихы мен негіздерін ашатын және оған тиісті діни қызметтер туралы мәліметтерді қамтитын діни баспа материалдары;

заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;

діни бiрлестiктің басшысын сайлау туралы шешім не басшысын шетел діни орталығы тағайындаған жағдайда уәкілетті органмен келісім жасалғандығын растайтын құжат.

Өңірлік діни бірлестігін тіркеу үшін қосымша, өңірлік діни бірлестікті құруға бастамашы болған әрбір жергілікті діни бірлестіктер мүшелерінің, тіркеуші орган белгілеген нысан бойынша тізім, сондай-ақ және нотариалды түрде куәландырылған жергілікті діни бірлестіктердің жарғылары ұсынылады.

Республикадан тыс жерде басқарушы орталығы бар дiни бiрлестiк қосымша ұсынады:

мемлекеттік және орыс тiлдерiнде нотариалды куәландырылған аудармасымен шетел орталығы жарғысының көшiрмесi;

дiни орталық өз елiнiң заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын мемлекеттік және орыс тiлдерінде нотариалды куәландырылған аудармасымен тiзiлiмнен көшiрме немесе басқа құжат;

Дiни басқармалар (орталықтар) негiзiн салған рухани (дiни) оқу мекемелерiнiң, мешiттерiнiң, монастырьлардың және өзге де дiни бiрлестiктердiң жарғыларын (ережелерiн) осы дiни басқармалар (орталықтар) бекiтедi.

Тiркеу үшiн оларды құру туралы дiни басқарманың (орталықтың) уәкілетті органының шешiмi ұсынылады;

жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк:

шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;

қосымша жауапкершілігі бар серiктестiк:

шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;

мекеме:

мекеменi құру туралы меншiк иесiнің шешiмi;

ереже (жарғы);

құрылтай шарты немесе басқа да келiсiм (меншік иелері (құрылтайшылары) бiрден көп болған кезде);

заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;

бағалаушылар палатасы:

жарғы;

заңды тұлғаны құру туралы уәкілетті органның шешімі;

заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат.

2) филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшін:

филиалдар (өкілдіктер) үшін:

өтінішке филиалды (өкілдікті) құратын заңды тұлға уәкілеттік берген адам қол қояды және ол заңды тұлғаның мөрімен (бар болған жағдайда) бекітіледі;

филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу үшін бюджетке тіркеу алымының төленгендігін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат;

филиал (өкілдiк) басшысына заңды тұлға органы берген сенiмхат;

заңды тұлға жарғысының (ережесiнiң) көшiрмесi немесе өз қызметін Үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын заңды тұлғаның тіркеу (қайта тіркеу) туралы өтінішінің көшірмесі;

Өтінішке филиалды (өкілдікті) құратын заңды тұлға уәкілеттік берген адам қол қояды және заңды тұлғаның мөрімен бекітіледі.

Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғалардың филиалдары (өкілдіктері), сондай-ақ акционерлік қоғамдықтар үшін заңды тұлға бекіткен мемлекеттік және орыс тілдерінде үш данада филиал (өкілдік) туралы ереже, жарғының (ереженің) көшірмесі және филиалдың (өкілдіктің) басшысына берілген заңды тұлғаның (қоғамдық және діни бірлестіктерді қоспағанда) сенімхаты қосымша ұсынылады.

Заңды тұлғаның басшысы филиал (өкілдiк) басшысы болған жағдайда, тіркеуші органына сенімхат табыс етілмейді;

Мемлекеттік кәсіпорынның филиалы (өкілдiгі) құрылған кезде, филиал (өкілдiк) құру үшін Ұлттық банктен не мемлекеттік мүлікті басқару бойынша (жергілікті атқарушы органның) уәкілетті органының келісімін растайтын құжат қосымша ұсынылады.

шетелдiк заңды тұлғалардың филиалдарын (өкiлдiктерiн) есептік тiркеу үшін:

өтініш;

заңды тұлға органы бекiткен филиал (өкiлдiк) туралы ереже;

филиал немесе өкілдiк басшысына заңды тұлға берген сенімхат, мемлекеттік және орыс тiлдерінде нотариалды куәландырылған аудармасымен;

филиал (өкілдік) құру үшін заңды тұлғаның шешімі мемлекеттік және орыс тiлдерінде нотариалды куәландырылған аудармасымен;

шетелдік заңды тұлғаның сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді көшірмесі, құрылтай құжаттары немесе басқа да заңдастырылған құжат, филиал (өкілдік) құратын шетелдік заңды тұлғаның шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын растайтын, сондай-ақ салықтық тіркеу нөмірі (немесе оның аналогы) көрсетіле отырып, шетелдік заңды тұлғаның инкорпорация еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжат;

заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының мемлекеттік және орыс тiлдерінде нотариалды куәландырылған аудармасымен көшірмесі;

филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат ұсынылады.


 

5-қосымша     

«Заңды тұлғаларды мемлекеттік 
тіркеу, олардың филиалдары мен
өкілдіктерін есептік тіркеу»  
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 

Нысан

_______________________________
тіркеу органының атауы

Заңды тұлғаны, филиалды (өкілдікті) мемлекеттік (есептік)
тіркеу туралы өтініш

  1. Ұйым нысаны (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз)
    1) заңды тұлға _______ 2) филиал ________ 3) өкілдік ________________
    2. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) атауы _____________________
    _____________________________________________________________________
    3. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) құрамында шетел
    инвесторларының қатысуы (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз)
    1) иә ___________________________ 2) жоқ ____________________________
    4. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) мекенжайы
    Пошталық индексі: __________________ Облыс: _________________________
    Қала, аудан, қаладағы ауданы: _______________________________________
    Елді мекен (ауыл, кенті): ___________________________________________
    Көше, шағын аудан, квартал, тұйық көше, даңғыл: _____________________
    Үйдің нөмірі: ______ пәтер, бөлме: __________________________________
    Телефон нөмірі (факс) _______________________________________________
    5. Басшының Т.А.Ә. __________________________________________________
    6. Құрылтайшылардың құрамы және саны (тиісті ұяшықта х түрінде
    көрсетіңіз, саны цифр мен белгіленген түрінде):
    1) заңды тұлға _______________ 2) жеке тұлға ________________________
    Заңды тұлғаның атауы ________________________________________________
    Жарғылық капиталдағы үлесі % _____ Үлес сомасы (мың теңге) __________
    Жеке тұлғаның Т.А.Ә (бар болған жағдайда)._____________________________
    Жарғылық капиталдағы үлесі % _____ Салым сомасы (мың теңге) _________
    Егер құрылтайшылар саны біреуден асатын жағдайда олар туралы
    мәліметтер: Т.А.Ә. (жеке тұлға үшін) атауы (заңды тұлға үшін)
    сондай-ақ олардың жарғылық капиталдағы үлесі пайыздық және ақшалай көрінісінде жеке парақта өтінішке қоса тіркеледі.
    7. Экономикалық қызметтің негізгі түрінің кодын көрсетіңіз: _________
    8. Жарғылық капиталдың мөлшері ______________________________________
    9. Жұмыспен қамтылатын адамдардың күтілетін (шамамен) саны __________
    10. Жеке кәсіпкерлік субъектісі (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз):
    1) шағын кәсіпкерлік субъектісі _____________________________________
    2) орта кәсіпкерлік субъектісі ______________________________________
    3) ірі кәсіпкерлік субъектісі _______________________________________
    11. Заңды тұлғаның құрылуына қайта ұйымдастыру негіз болды (тиісті
    ұяшықта х түрінде көрсетіңіз):
    1) қайта құру ________________ 2) қосылу ____________________________
    3) бөлініп шығу ______________ 4) бөліну ____________________________
    Ақпараттық жүйедегі заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді
    пайдалануға келісемін 20 жылғы «___» (қолы)
    _____________________________________________________________________
    Өтінішке: ___________________________________________________________
    ______________________________________________________ қоса беріледі.

 

6-қосымша     

«Заңды тұлғаларды мемлекеттік 
тіркеу, олардың филиалдары мен
өкілдіктерін есептік тіркеу»  
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 

Нысан

_______________________________
тіркеу органының атауы

Қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын шаруашылық
серіктестіктерді мемлекеттік тіркеу туралы өтініш

  1. Заңды тұлғаның атауы _____________________________________________
    ____________________________________________________________________)
    2. Ұйымдық-құқықтық нысаны (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз):
    1) толық серіктестік _____________________ 3) жауапкершілігі шектеулі
    серіктестік _________________________________________________________
    2) сенім серіктестігі _________________ 4) қосымша жауапкершілігі бар
    серіктестік _________________________________________________________
    3. Құрамында шетел инвесторларының қатысуы (тиісті ұяшықта х түрінде
    көрсетіңіз):
    1) иә ______________________ 2) жоқ _________________________________
    4. Заңды тұлға еншілес ұйым болып табылады (тиісті ұяшықта х түрінде
    көрсетіңіз):
    1) иә ______________________ 2) жоқ _________________________________
    5. Заңды тұлғаның орналасқан жері
    Пошталық индексі: ___________________ Облыс: ________________________
    Қала, аудан, қаладағы аудан: ________________________________________
    Елді мекен (ауыл,кент): _____________________________________________
    Көше, шағын аудан, квартал, тұйық көше, даңғыл: _____________________
    Үйдің нөмірі: __________ пәтер, бөлме: ________ телефон нөмірі (факс)
    _____________________________________________________________________
    6. Басшының Т.А.Ә. __________________________________________________
    (ЖСН және азаматтың жеке куәлігінің деректері көрсетіле отырып)
    _____________________________________________________________________
    7. Экономикалық қызметтің негізгі түрінің кодын көрсетіңіз: _________
    8. Жарғылық капиталдың мөлшері ______________________________________
    9. Құрылтайшылардың құрамы және саны (тиісті ұяшықта х түрінде
    көрсетіңіз, мөлшері санмен белгіленеді):
    1) заңды тұлға ________________ 2) жеке тұлға _______________________
    Заңды тұлғаның атауы ________________________________________________
    (БСН көрсетіле отырып)
    Жарғылық капиталдағы үлесі % ________________ Үлес сомасы (мың теңге)
    _____________________________________________________________________
    Жеке тұлғаның Т.А.Ә. ________________________________________________
    (ЖСН және азаматтың жеке куәлігінің мәліметтері көрсетіле отырып)
    Жарғылық капиталдағы үлесі % ____ Үлес сомасы (мың теңге) ___________
    Егер құрылтайшылар саны біреуден көп болған жағдайда олар туралы мәліметтер: Т.А.Ә (бар болған жағдайда). ЖСН және азаматтың жеке
    куәлігінің деректерін көрсетіле отырып, салықтық тіркеудің аналог
    нөмірі немесе ел коды, (жеке тұлға үшін), БСН көрсетіле отырып атауы,
    салықтық тіркеудегі аналог нөмірі немесе ел коды (заңды тұлға үшін),
    сондай-ақ олардың жарғылық капиталдағы пайыз түріндегі және ақшалай
    үлесі көрсетіле отырып, бөлек парақта өтінішке тіркеледі.
    10. Байқау кеңесі құрылған жағдайда айрықша құзыреті:
    ____________________________________________________________________
    ____________________________________________________________________
    ____________________________________________________________________
    11. Тексеру комиссиясының мерзімін көрсетіңіз (жеке ревизор):
    _____________________________________________________________________
    12. Жұмыспен қамтылатын адамдардың күтілетін (шамамен) саны _________
    13. Жеке кәсіпкерлік субъектісі (тиісті ұяшықта х түрінде
    көрсетіңіз):
    1) шағын кәсіпкерлік субъектісі _____________________________________
    2) орта кәсіпкерлік субъектісі ______________________________________
    3) ірі кәсіпкерлік субъектісі _______________________________________
    14. Заңды тұлғаның құрылуына қайта ұйымдастыру негіз болды (тиісті
    ұяшықта х түрінде көрсетіңіз):
    1) қайта құру __________
    2) қосылу _____________
    3) бөлініп шығу ________
    4) бөлу ________________
    15. Қайта ұйымдастыруға қатысатын заңды тұлғалардың саны
    _____________________________________________________________________
    16. Қайта құрылған жағдайда келесі мәліметтерді көрсету керек:
    Заңды тұлғаның бұрынғы атауы ________________________________________
    Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) ___________________________________
    17. Қосылған жағдайда мына мәліметтерді көрсету керек:
    Қосылуға қатысатын заңды тұлғалардың атауы __________________________
    Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) ___________________________________
    18. Бөлініп шығу жағдайында мына мәліметтерді көрсету керек:
    Бөлініп шыққан жаңа заңды тұлғаның атауы ____________________________
    Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) ___________________________________
    19. Бөлінген жағдайда мына мәліметтерді көрсету керек:
    Заңды тұлғаның негізінде құрылған заңды тұлғалардың атауы ___________
    _____________________________________________________________________
    Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) ___________________________________
    Ақпараттық жүйедегі заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді
    пайдалануға келісемін 20 жылғы «___» ______________(қолы)
    Өтінішке: ___________________________________________________________
    _____________________________________________________________________
    ______________________________________________________ қоса беріледі.

Құрылтайшылардың қолдары және Т.А.Ә (бар болған жағдайда).
(қатысушылардың тізілімі бағалы қағаздар нарығының кәсіби
қатысушысымен жүргізілетін жағдайда – жалпы жиналыстың
құрылтайшыларының хаттамасымен уәкілетті тұлғаның қолы (қатысушының
шешімімен).
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын
шаруашылық серіктестіктерін қоспағанда, қол (дар) қою шынайылығын
нотариат куәландырған блуға тиіс.


 

7-қосымша     

«Заңды тұлғаларды мемлекеттік 
тіркеу, олардың филиалдары мен
өкілдіктерін есептік тіркеу»  
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 

Нысан

_______________________
тіркеу органының атауы

Нысан

Қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік
қоғамды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш

  1. Тіркелетін акционерлік қоғамның атауы ____________________________
    _____________________________________________________________________
    2. Құрамында шетел инвесторларының қатысуы (тиісті ұяшықта х түрінде
    көрсетіңіз):
    1) иә ___________________ 2) жоқ ____________________________________
    3. Заңды тұлға еншілес ұйым болып табылады (тиісті ұяшықта х түрінде
    көрсетіңіз):
    1) иә ___________________ 2) жоқ ____________________________________
    4. Акционерлік қоғамның орналасқан жері
    Пошталық индексі: ___________________ Облыс: ________________________
    Қала, аудан, қаладағы аудан: ________________________________________
    Елді мекен (ауыл,кент): _____________________________________________
    Көше, шағын аудан, квартал, тұйық көше, даңғыл: _____________________
    Үйдің нөмірі: ____ пәтер, бөлме:____ телефон нөмірі (факс) __________
    5. Басшының Т.А.Ә. __________________________________________________
    (ЖСН жеке адам куәлігінің деректері көрсетіле отырып)
    6. Экономикалық қызметінің негізгі түрінің кодын көрсетіңіз _________
    7. Жарғылық капиталдың мөлшері ______________________________________
    8. Құрылтайшылардың құрамы және саны (тиісті ұяшықта х түрінде
    көрсетіңіз, санын цифр түрінде):
    1) заңды тұлға _______________ 2) жеке тұлға ________________________
    9. Артықшылығы бар акциялар бойынша дивидендтің кепілдік берілген
    мөлшерін көрсетіңіз: ________________________________________________
    (тіркелген көрсеткіште немесе оның мәні қол жетімді және жүйелі
    _____________________________________________________________________
    болған жағдайда қандай да болса көрсеткішке қатысты индекстелуімен)
    10. Артықшылығы бар акциялар бойынша дивидендтерді төлеу кезеңділігін
    көрсетіңіз: _________________________________________________________
    _____________________________________________________________________
    11. Міндетті жариялауға жататын ақпаратты жариялау үшін
    пайдаланылатын бұқаралық ақпарат құралдарын көрсетіңіз: _________________
    _____________________________________________________________________
    12. Қоғамның директорлар кеңесі мүшелерінің саны ____________________
    (Үлгілік жарғының 37-тармағының талаптары қаржылық ұйымдарға
    қолданылады)
    13. Қоғамның басқарма мүшелерінің саны ______________________________
    14. Жұмыспен қамтылатын адамдардың күтілетін саны (шамамен) _________
    15. Жеке кәсіпкерлік субъектісі (тиісті ұяшықта х түрінде
    көрсетіңіз):
    1) орта кәсіпкерлік субъектісі ____
    2) ірі кәсіпкерлік субъектісі ___
    16. Заңды тұлғаның құрылуына қайта ұйымдастыру негіз болады (тиісті
    ұяшықта х түрінде көрсетіңіз):
    1) қайта құру _______________ 2) қосылу _____________________________
    3) бөлініп шығу _______________ 4) бөлу _____________________________
    17. Қайта ұйымдастыруға қатысатын заңды тұлғалардың мөлшері _________
    18. Қайта құрылған жағдайда мынадай мәліметтерді көрсету керек
    Заңды тұлғаның бұрынғы атауы ________________________________________
    Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) ___________________________________
    19. Қосылған жағдайда мына мәліметтерді көрсету керек:
    Қосылуға қатысатын заңды тұлғалардың атауы __________________________
    Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) ___________________________________
    20. Бөлініп шығу жағдайында мына мәліметтерді көрсету керек:
    Одан жаңа заңды тұлға бөлініп шыққан, әрекет етіп тұрған заңды
    тұлғаның атауы
    _____________________________________________________________________
    _____________________________________________________________________
    Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) ___________________________________
    21. Бөлінген жағдайда мынадай мәліметтерді көрсету керек:
    Негізінде заңды тұлғалар құрылған заңды тұлғаның атауы
    _____________________________________________________________________
    _____________________________________________________________________
    Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) ___________________________________

Ақпараттық жүйедегі заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді
пайдалануға келісемін 20 жылғы «___»________________ (қолы)

Өтінішке: ___________________________________________________________
_____________________________________________________________________
______________________________________________________ қоса беріледі.
Т.А.Ә (бар болған жағдайда) және басшының қолы
Қолдың шынайылығын нотариат куәландырған болуға тиіс.


 

8-қосымша     

«Заңды тұлғаларды мемлекеттік 
тіркеу, олардың филиалдары мен
өкілдіктерін есептік тіркеу»  
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына

Нысан

__________________________
тіркеу органының атауы

Нысан

Қызметін үлгілік жарғы негізінде өзінің жүзеге асыратын
өндірістік кооперативті мемлекеттік тіркеу туралы
өтініш

  1. Өндірістік кооперативтің атауы ___________________________________
    _____________________________________________________________________
    2. Құрамында шетел инвесторларының қатысуы (тиісті ұяшықта х түрінде
    көрсетіңіз):
    1) иә __________________ 2) жоқ _____________________________________
    3. Заңды тұлға еншілес ұйым болып табылады (тиісті ұяшықта х түрінде
    көрсетіңіз):
    1) иә __________________ 2) жоқ _____________________________________
    4. Өндірістік кооперативтің орналасқан жері
    Пошталық индексі: ____________________ Облыс:________________________
    Қала, аудан, қаладағы аудан: ________________________________________
    Елді мекен (ауыл,кент): _____________________________________________
    Көше, шағын аудан, квартал, тұйық көше, даңғыл:______________________
    Үйдің нөмірі: ____ пәтер, бөлме:____ телефон нөмірі (факс) __________
    5. Басшының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)_____________________________
    (ЖСН және азаматтың жеке куәлігінің мәліметтері)
    6. Экономикалық қызметінің негізгі түрінің кодын көрсетіңіз: ________
    7. Капиталдың мөлшері: ______________________________________________
    8. Құрылтайшылардың құрамы және саны (тиісті ұяшықта х түрінде
    көрсетіңіз, саны цифр түрінде):
    1) заңды тұлға ____________ 2) жеке тұлға ___________________________
    9. Заңды тұлғаның құрылтайшылары туралы мәліметтер:
    Жеке тұлғаның Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) __________________________
    _____________________________________________________________________
    Пай мөлшері % _______________________ Мүліктік жарна
    Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) Жеке тұлғаның (ЖСН, салықтық тіркеу
    нөмірінің аналогы не елдің коды (шетелдік жеке тұлға үшін)
    пай мөлшері % _____ мүліктік жарна __________________________________
    Егер құрылтайшылар біреуден көп болған жағдайда олар туралы
    мәліметтер: Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) ЖСН, жеке адам куәлігінің деректері және ЖСН көрсетіле отырып салықтық тіркеу нөмірінің
    аналогыне елдің коды (шетелдік жеке тұлға үшін) аналог нөмірін немесе
    елдің коды, сондай-ақ мүліктік жарна, туралы мәліметтер көрсетіле
    отырып, бөлек парақта өтінішке тіркеледі.
    10. Кооператив мүшелерінің мүліктік жарна салуының тәртібі, тәсілдері
    және мерзімдері _____________________________________________________
    _____________________________________________________________________
    11. Кооператив пен оның мүшелерінің, атқару органы мен еңбек
    ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас:
    _____________________________________________________________________
    _____________________________________________________________________
    _____________________________________________________________________
    12. Тексеру комиссиясының құрамы ____________________________________
    13. Тексеру комиссиясын сайлау мерзімі ______________________________
    14. Жұмыспен қамтылатын адамдардың күтілетін саны (шамамен)
    _____________________________________________________________________
    15. Жеке кәсіпкерлік субъектісі (тиісті ұяшықта х түрінде
    көрсетіңіз):
    1) шағын кәсіпкерлік субъектісі _______
    2) орта кәсіпкерлік субъектісі _______
    3) ірі кәсіпкерлік субъектісі ____________________
    16. Заңды тұлғаның құрылуына қайта ұйымдастыру негіз болды (тиісті
    ұяшықта х түрінде көрсетіңіз):
    1) қайта құру _____________________ 2) қосылу _______________________
    3) бөлініп шығу _____________________ 4) бөлу _______________________
    17. Қайта ұйымдастыруға қатысатын заңды тұлғалардың саны ____________
    18. Қайта құрылған жағдайда мына мәліметтерді көрсету керек:
    Заңды тұлғаның бұрынғы атауы ________________________________________
    Бизнес–сәйкестендіру нөмірі (БСН) ___________________________________
    19. Қосылған жағдайда мына мәліметтерді көрсету керек:
    Қосылуға қатысатын заңды тұлғалардың атауы __________________________
    Бизнес–сәйкестендіру нөмірі (БСН) ___________________________________
    20. Бөлініп шығу жағдайында мына мәліметтерді көрсету керек:
    Жаңа заңды тұлға бөлініп шыққан, әрекет етіп тұрған заңды тұлғаның
    атауы
    _____________________________________________________________________
    _____________________________________________________________________
    Бизнес–сәйкестендіру нөмірі (БСН) ___________________________________
    21. Бөлінген жағдайда келесі мәліметтерді көрсету керек:
    Заңды тұлғаның негізінде құрылған заңды тұлғалардың атауы ___________
    _____________________________________________________________________
    Бизнес–сәйкестендіру нөмірі (БСН) ___________________________________
    Ақпараттық жүйедегі заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді
    пайдалануға келісемін 20 жылғы «___» _________ (қолы)
    Өтінішке: ___________________________________________________________
    ______________________________________________________ қоса беріледі.
    Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) және кооператив басқармасы төрағасының
    (төраға) қолы
    Қолдың шынайылығын нотариат куәландырылған болуға тиіс.

 

9-қосымша  

«Заңды тұлғаларды мемлекеттік 
тіркеу, олардың филиалдары мен
өкілдіктерін есептік тіркеу»  
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына    

Нысан

Нысан

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы
хабарлама

Ұйымдық нысаны: _______________________________________________
Ұйымдық-құқықтық нысаны: ______________________________________
Ұйымның атауын ұйымдық-құқықтық нысансыз көрсетіңіз
Орыс тіліндегі толық атауы:____________________________________
Қазақ тіліндегі толық атауы:___________________________________
Ағылшын тіліндегі толық атауы:_________________________________
Орыс тіліндегі қысқаша атауы:__________________________________
Қазақ тіліндегі қысқаша атауы:_________________________________
Ағылшын тіліндегі қысқаша атауы:_______________________________
Заңды тұлға,
филиал (өкілдік) құрамында шет ел инвесторларының қатысуы:
___________________________
Басшы: ________________________________________________________
Кооператив мүшелерінің мүліктік жарна салу тәртібі,
тәсілі және мерзімдері: _____________________________________________
Кооператив пен оның мүшелері, атқарушы органдар
мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас: _____________________
Бақылау кеңесі құрылған жағдайда ерекше құзыретін көрсету
қажет:
_____________________________________________________________________
Тексеру комиссиясының құрамы:
___________________________________
Тексеру комиссиясын сайлану мерзімі:
(жеке дара ревизор): __________________________________________
Құрылтайшылар туралы мәліметтер: құрылтайшыны қосу
Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) мекен-жайы: ____________
Меншікті жылжымайтын мүліктің мекен-жайы. Жалға алынған
жылжымайтын мүліктің мекен-жайы.
Пошталық индексі: _____________________________________________
Облыс, қала, аудан, елді мекен: _______________________________
Көше: _________________________________________________________
Үйдің нөмірі: _________________________________________________
Пәтер, бөлме: _________________________________________________
телефон нөмірі (факс): ________________________________________
Экономикалық қызметтің негізгі түрінің коды: __________________
Жұмыспен қамтылатын адамдардың күтілетін (шамамен) саны:
_____________________________________________________________________
Жеке кәсіпкерлік субъектісі: __________________________________
Тіркеуші орган ________________________________________________