Февраль 25, 2017

«Запастағы офицерлерге әскери билеттердің (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

«Запастағы офицерлерге әскери билеттердің (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 26 қазандағы № 605 бұйрығы

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы» (бұдан әрі – мемлекеттік корпорация);

2) жергілікті әскери басқару органдары (бұдан әрі – ЖӘБО) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

ЖӘБО-ға немесе Мемлекеттік корпорацияға өтініш жасаған кезде (өтініштер мен құжаттарды қабылдаған күн қызмет көрсету мерзіміне кірмейді):

1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 30 (отыз) жұмыс күні;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің барынша жол берілген уақыты – 15 (он бес) минуттан аспайды;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша жол берілген уақыты – 15 (он бес) минуттан аспайды.

Қажетті құжаттар тізбесі:

Көрсетілетін қызметті алушы (не нотариат растаған сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
ЖӘБО-ға:
1) жоғары оқу орындарының әскери кафедраларында запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша даярлықтан өткендерге:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес запастағы офицер әскери билетін (әскери билеттің орнына уақытша куәлік) беруге өтініш;
жеке куәлік (жеке басын сәйкестендіру үшін);
білімі туралы құжаттың көшірмесі (білімі туралы құжаттың түпнұсқасы – салыстырып тексеру үшін);
3х4 фотосурет – 2 дана;
2) әскери қызметтен запасқа шығарылғандарға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес запастағы офицер әскери билетін (әскери билеттердің орнына уақытша куәлік) беруге өтініш;
әскери есепке қою үшін нұсқама;
жеке куәлік (жеке басын сәйкестендіру үшін);
3х4 фотосурет – 2 дана;
3) басқа мемлекеттерден Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келгендерге:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес запастағы офицер әскери билетін (әскери билеттің орнына уақытша куәлік) беруге өтініш;
жеке куәлік (жеке басын сәйкестендіру үшін);
әскери қызметке қатыстылығын растайтын құжат;
білімі туралы құжаттың көшірмесі (білімі туралы құжаттың түпнұсқасы – салыстырып тексеру үшін);
3х4 фотосурет – 2 дана;
4) ескі үлгідегі әскери билетті жаңасына ауыстырған кезде:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес запастағы офицер әскери билетін (әскери билеттің орнына уақытша куәлік) беруге өтініш;
жеке куәлік (жеке басын сәйкестендіру үшін);
запастағы офицер әскери билетінің (ескі үлгідегі) түпнұсқасы;
ескі үлгідегі әскери билет түпнұсқасының көшірмесі (ҚІБ(Б) бастығы растаған);
3х4 фотосурет – 2 дана;
Мемлекеттік корпорацияға:

Көрсетілетін қызметті беруші мен Мемлекеттік корпорация жұмыскері жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді және тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасын «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
Құжаттар Мемлекеттік корпорация немесе ЖӘБО арқылы қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын (не нотариат растаған сенімхат бойынша оның өкілі) құжатты көрсеткен кезде тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Егер көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызмет нәтижесін алуға өтініш жасамаса, Мемлекеттік корпорация оларды бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды одан әрі сақтау үшін ЖӘБО-ға береді.
Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды алу үшін өтініш жасаған кезде Мемлекеттік корпорация бір жұмыс күні ішінде ЖӘБО-ға сұрау салады. ЖӘБО кейіннен көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін бір жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды жолдайды.

1-қосымша      

«Запастағы офицерлерге әскери билеттердің (әскери
билеттердің орнына уақытша куәліктер) беру»   
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына   
Нысан

Фото үшін орын

________________________
(облысы)
________________________
(ауданы (қаласы)
қорғаныс істері жөніндегі
басқармасының (бөлімінің) бастығына

«Запастағы офицерлерге әскери билет (әскери билеттің орнына уақытша куәлік) беру туралы өтініш

  1. ___________________________________________________________
    (тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болған кезде))
    2. ___________________________________________________________
    (туған күні, айы, жылы, жеке куәлігінің (төлқұжатының) №, жеке                            сәйкестендіру нөмірі)
    3. ___________________________________________________________
    (туған жері – ауыл, кент, аудан, облыс)
    4. ___________________________________________________________
    (ұлты)
    5. ___________________________________________________________
    (отбасы жағдайы)
    6. ___________________________________________________________
    (тұрғылықты мекенжайы)
    ______________________________________________________________
    (себебін көрсету)
    байланысты запастағы офицерлерге әскери билет (әскери билеттің орнына уақытша куәлік) беруіңізді сұраймын.

Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
_______________________________ 20__ж. «___»________ ____________
(тегі және аты-жөнінің бас әріптері)                    (қолы)