Февраль 21, 2017

Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру

«Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығы)

 

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) “Азаматтарға арналған үкімет” Мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

2) көрсетілетін қызметті беруші (Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары);

3) www.egov.kz “электрондық үкімет” веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) құжаттардың топтамасын қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап – 10 минут, Мемлекеттік корпорацияға және порталға – 15 минут.

 

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыссыз азаматты тіркеу туралы анықтама беруге өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:

көрсетілетін қызметті берушіге не Мемлекеттік корпорацияға:

1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе паспорты, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты және азаматтығы жоқ адамның куәлігі), оралмандар үшін – оралман куәлігі (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет).

порталға:

көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.


 

2-қосымша

“Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру”
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына

Нысан

Жұмыссыз азаматты тіркеу туралы
анықтама беруге өтініш

Халықты жұмыспен қамту орталығы
_____________________
Бөлімше коды:________
Өтініш беруші туралы мәліметтер:
Жеке сәйкестендіру нөмірі:
_____________________________________________________________________
Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса):
_____________________________________________________________________
туған күні: ______ жылғы “____” ______________
жеке басты куәландыратын құжаттың түрі: _____________________________
құжат сериясы: _________ құжат нөмірі: _____________ кім берген: _____________________________________________________________________
берілген күні: ______ жылғы “____” _____________
тұрғылықты тұратын жерінің мекенжайы: _____________________________________________________________________
облыс _______________________________________________________________
қала (аудан) _______________________ ауыл:________________________
көше (шағынаудан) ________________________ үй ______________ пәтер
Маған жұмыссыз азаматтың анықтамасын беруді сұраймын.
“Жұмыссыз азаматтарға анықтамалар беру” мемлекеттік қызметті
көрсету үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге
келісім беремін.
Өтініш берушінің байланыс деректері:
телефоны____________ ұялы телефоны__________ Е-маil _____________
20___жылғы “____” _____________. Өтініш берушінің қолы ___________
———————————————————————
(қию сызығы)
Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
___________________________________________ өтініші қоса берілген
құжаттармен қабылданды, өтінішті тіркеген күн: 20___жылғы “____”
_____________, көрсетілетін қызметті алу күн: 20___жылғы “____”
“Жұмыссыз азаматтарға анықтамалар беру” мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Дәйексіз мәліметтер мен жасанды құжаттарды ұсынғаны үшін жауапкершілік туралы ескертілдім.