Февраль 25, 2017

Жүргізуші куәліктерін беру

«Құжаттандыру» саласында көрсетілетін қызметтер

«Жүргізуші куәліктерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 341 бұйрығы.)

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді:

Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық бөліністері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) ішкі істер органдарының тіркеу-емтихан бөліністері (бұдан әрі – ТЕБ);
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
3) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

 Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімдері:

1) ТЕБ-те:
құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап – 6 сағат;
қажетті құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут;
бір көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдаудың рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут;
2) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:
құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап – 2 сағат;

 

Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі.
Мемлекеттік баж «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 540-бабына сәйкес ЖК беру үшін ең төменгі айлық есептік көрсеткіштің 125 пайызын құрайды.

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

1) ТЕБ-ке:
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10056 болып тіркелген) (бұдан әрі ? № 862 бұйрық) бекітілген Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізуші куәлігін алуға толтырылған бланк;
жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген № 083/е нысаны бойынша анықтама (бұдан әрі – 083/е нысаны бойынша медициналық анықтама) және оның көшірмесі;
курстарды бітіргені туралы куәлік және оның көшірмесі (жүргізуші куәліктерін ауыстыру және жоғалғанның орнына беру, сондай-ақ оларды ауыстыру жағдайларын қоспағанда);
мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжат;
«С», «D», «D1», «Tm», «Tb» санаттарын беру үшін жұмыс өтілін растайтын құжат (жұмыс орнынан анықтама);
Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық корпусымен жұмыс жөніндегі ұйымының жолдамасы (жол жүрісінің шетелдік қатысушылары үшін).
ЖК (оны ауыстырған кезде);
уақытша ЖК (бұрын берілгенді жоғалтқан кезде);
тегі, аты, әкесінің аты өзгергенін растайтын құжат;
2) Мемлекеттік корпорацияға:
жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);
083/е нысаны бойынша медициналық анықтама және оның көшірмесі;
курстарды бітіргені туралы куәлік және оның көшірмесі (жүргізуші куәліктерін ауыстыру және жоғалғанның орнына беру, сондай-ақ оларды ауыстыру жағдайларын қоспағанда);
мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжат (ЭҮТШ арқылы төлемді қоспағанда);
«С», «D», «D1», «Tm», «Tb» санаттарын беру үшін жұмыс өтілін растайтын құжат (жұмыс орнынан анықтама);
Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық корпуспен жұмыс жөніндегі ұйымының жолдамасы (жол жүрісінің шетелдік қатысушылары үшін);
ЖК (оны ауыстырған кезде);
уақытша ЖК (бұрын берілгенді жоғалтқан кезде);
тегі, аты, әкесінің аты өзгергенін растайтын құжат;
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жүгінген жағдайда шетел мемлекеті берген ЖК мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен ұсынылады.
3) порталға:
Жарамдылық мерзімі өтпеген жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
көрсетілетін қызметті алушының цифрлық фотосуреті;
көрсетілетін қызметті алушы қолының электрондық бейнесі;
мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжат (ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда) беріледі.
Портал арқылы ЖК ауыстыруға өтінім бергеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы оның жеке басын сәйкестендіру және жүргізуші куәлігін алу үшін хабарламада көрсетілген мекенжайға сәйкес ТЕБ-ке немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінеді.
ЖК алу үшін:
1) басып шығарылған хабарламаны;
2) бұрын берілген жүргізуші куәлігін;
3) жеке басты куәландыратын құжатты;
4) 083/е нысаны бойынша медициналық анықтаманы және оның көшірмесі ұсыну керек.


 

 

1-қосымша     

«Жүргізуші куәліктерін беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 

Нысан

Құжаттарды қабылдау туралы
№_____ қолхат

_____________________________________________________________________
(көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес көрсетілетін
мемлекеттік қызметтің атауын көрсету)
_____________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә (ол болған жағдайда)

Қабылданған құжаттардың тізбесі:
1.__________________________________________________________
2.__________________________________________________________
3.__________________________________________________________
4.__________________________________________________________
5.__________________________________________________________
6.__________________________________________________________
7.__________________________________________________________
8.__________________________________________________________
9.__________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________

Қабылдаған:
______________________________/_____/__________________________
(ТЕб қызметкерінің лауазымы, атағы (қолы) (Т.А.Ә (ол болған жағдайда)

_________ жылғы «_______»________________

Берілген күні мен уақыты___сағ_______мин «____»_______ _____жыл


 

2-қосымша  

«Жүргізуші куәліктерін беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына    

Нысан

(Көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә
(ол болған жағдайда) немесе ұйымының атауы)
___________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 20-бабының 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, ТЕБ қызметкері немесе Мемлекеттік корпорация жұмыскері
_____________________________________________________________________
(мекенжайы көрсетілсін)

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген құжаттардың толық тізбесін ұсынбауыңызға байланысты
_____________________________________________________________________
(мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік
қызметтің атауы көрсетілсін)

мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттар қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1) ___________________________________________________________;
2) ___________________________________________________________;
3) ___________________________________________________________.
Осы қолхат 2 данада, тараптардың әрқайсысы үшін бір-бірден жасалды.

_________________________________________________________  __________
(ТЕБ қызметкерінің немесе Мемлекеттік корпорация
жұмыскерінің Т.А.Ә (ол болған жағдайда)                  (қолы)

Алдым: ___________________________________________________  _________
Көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)    (қолы)
20__ жылғы «___» _______________