Февраль 22, 2017

Жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзінді беру

«Бизнес және кәсіпкерлік» саласында көрсетілетін қызметтер

«Жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзінді беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 246 бұйрығы)

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;
2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмдері:

1) көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға және порталға жүгінген кезде құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап – мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер болған кезде 20 (жиырма) минут ішінде.

 

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

заңды тұлғалар үшін оның өкілеттігін растайтын құжаттар бойынша; жеке тұлғалар үшін нотариаттық куәландырылған сенімхат бойынша немесе адвокаттар, уақытша, банкроттықты және оңалтуды басқарушылар оңалту және банкроттау рәсімдерін жүргізу шеңберінде, тарату комиссиясы үшін:

Мемлекеттік корпорацияға:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы құқықтық кадастрдан жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) мемлекеттiк тiркеу туралы ақпарат алуға сұрау салу;

2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады);

Порталға:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы құқықтық кадастрдан жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) мемлекеттiк тiркеу туралы ақпарат алуға сұрау салу.


 

1-қосымша

«Жылжымалы мүлік кепілінің    
тізілімінен үзінді беру» мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет стандартына  
              

Нысаны

______________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң аумақтық органы)

Құқықтық кадастрдан жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) мемлекеттiк тiркеу туралы ақпарат алуға
№ ________ сұрау салу

Мен,
____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, болған кезде – әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә)
____________________________________________________________________
(паспорт деректерi (жеке куәлiк деректерi) және жеке тулғаның
тұрғылықты жерi)
____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы және деректемелері)
____________________________________________________________________
_________________________________________________________ негiзiнде
(өкiлеттiгiн куәландыратын құжат деректері)
______________________________________________ атынан әрекет ететін
(уәкiлеттi өкiл толтырады)

Маған мыналарды беруді сұраймын: керегiн белгiлеу

жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның
техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы;

жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы анықтаманы;

жылжымайтын мүлiктiң меншiк иесi (құқық иеленушi) туралы мәлiмет
қамтылған техникалық паспортқа қосымшалар;

жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң жоспарын (сызбасын) қоса алғанда,
тiркеу органы растаған тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерi;

жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзінді.

Жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң түрi ________________________________
Объектiнiң орналасқан жерi _________________________________________
Мынадай құжаттарды қоса беремiн:
____________________________________________________________________
Күнi________/_______________________________________/_______________
(өтiнiш берушiнiң / уәкiлеттi өкiлдiң Т.А.Ә.) (қолы)
____________________________________________________________________
(сұрау салуды қабылдаған маманның Т.А.Ә. және қолы)

Сұрау салуды орындау /қарау/ нәтижесi: _____________________________
тексерiлдi: күнi 20_____ ж._________ _______________________________
____________________________________________________________________
(маманның Т.А.Ә. және қолы)

Заңмен қорғалатын, құпияларды құрайтын, ақпараттық жүйелерде
қамтылған мәліметтерді пайдалануға келісемін.
20__ жылғы _______________ «___»________
(қолы)