Февраль 25, 2017

«Жылжымайтын мүлiк объектiлерi жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тiркеу органы куәландырған тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерiн беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

«Бизнес және кәсіпкерлік» саласында көрсетілетін қызметтер

«Жылжымайтын мүлiк объектiлерi жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тiркеу органы куәландырған тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерiн беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 246 бұйрығы)

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы көрсетілетін қызметті алушының жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері арқылы;
2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмдерi:

1) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:

тіркеу органы куәландырған тіркеу ісіндегі құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері бір жұмыс күні ішінде беріледі (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын береді);

 

Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетiледi.

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

заңды тұлға үшін өкілеттігін растайтын құжат;

жеке тұлға үшін нотариат куәландырған сенімхат бойынша, уақытша, банкроттық және оңалтушы басқарушылар оңалту және банкроттық рәсімдерді жүргізу шеңберінде, тарату комиссиясы үшін мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

Мемлекеттік корпорацияға :

1) осы мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құқықтық кадастрдан жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтар ауыртпалығын) мемлекеттiк тiркеу туралы ақпарат алуға сұрау салу;

2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқа беріледі);

3) заңнамада белгіленген көрсетілетін қызметті алушы өкiлінің өкілеттігін куәландыратын құжат.

Порталда:

ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.

Уақытша, банкроттық және оңалтушы басқарушылар соттың тиісті шешімдерін ұсынады.
Тарату комиссиясы тиісті бұйрықты ұсынады.


 

1-қосымша      

«Жылжымайтын мүлiк объектiлерi 
жоспарын (схемасын) қоса алғанда,
тiркеу органы куәландырған тiркеу
iсi құжаттарының көшiрмелерiн беру»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет  
стандартына 

Нысан

____________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң аумақтық органы)

Құқықтық кадастрдан жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтар
ауыртпалығын) мемлекеттiк тiркеу туралы ақпарат алуға № ________ сұрау салу

Мен,
____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, болған кезде – әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә),
____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның паспорт деректерi (жеке куәлiк деректерi) және тұрғылықты жерi)
____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы және деректемелері)
____________________________________________________________________
______________________________________________________ негiзiнде
(өкiлеттiгiн куәландыратын құжат деректері)
______________________________________________ атынан әрекет ететін
(уәкiлеттi өкiл толтырады)

Маған мыналарды беруді сұраймын: керегiн белгiлеу

жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы;

жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтаманы;

жылжымайтын мүлiктiң меншiк иесi (құқық иеленушiсі) туралы мәлiмет
қамтылған техникалық паспортқа қосымшаларды;

жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң жоспарын (схемасын) қоса алғанда,
тiркеу органы куәландырған тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерiн;

жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеу тізілімінен үзінді көшірмені.

Жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң түрi _______________________________
Объектiнiң орналасқан жерi ________________________________________
Мынадай құжаттарды қоса беремiн:
__________________________________________________________________
Күнi________/______________________________________/_______________
(өтiнiш берушiнiң / уәкiлеттi өкiлдiң Т.А.Ә.) (қолы)
___________________________________________________________________
(сұрау салуды қабылдаған маманның Т.А.Ә. және қолы)

Сұрау салуды орындау /қарау/ нәтижесi: _____________________________
тексерiлдi: күнi 20_____ ж._________________________________________
____________________________________________________________________
(маманның Т.А.Ә. және қолы)

Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісемін.
20__ жылғы _______________ «___»________
(қолы)