Февраль 22, 2017

Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнің техникалық паспортын беру

«Бизнес және кәсіпкерлік» саласында көрсетілетін қызметтер

«Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнің техникалық паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 246 бұйрығы)

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді:

1) Көрсетілетін қызметті алушының жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік корпорация;

2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмдерi:

мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға және порталға жүгінген кезде құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi, бұл ретте мемлекеттiк қызметті көрсетудің нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші қызмет көрсету мерзімінің аяқталуына дейін бір күн бұрын ұсынады):

1) жылжымайтын мүлік объектісінің түріне байланысты:

пәтерлерге, жатақханалардағы бөлмелерге техникалық паспорт үшінші жұмыс күнi берiледi;

жеке тұрғын үйлерге, жеке гараждарға, саяжай құрылыстарына техникалық паспорт бесінші жұмыс күнi берiледi;

жалпы алаңы 1000 шаршы метрге дейiн жылжымайтын мүлiктiң қалған объектiлерiне техникалық паспорт жетінші жұмыс күнінде беріледі;

жалпы алаңы 1000 шаршы метрден асатын объектiлерге техникалық паспорт көрсетілетін қызметті алушы жүгiнген күннен бастап оныншы жұмыс күні берiледi.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы түрде көрсетіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін төлем Мемлекеттік корпорацияның интернет-ресурсына орналастырылған уәкілетті орган бекітетін Бағалар прейскурантына (бұдан әрі – Бағалар прейскуранты) сәйкес айқындалады және оның есеп айырысу шотына қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда енгізіледі.

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

заңды тұлға үшін өкілеттіктерін растайтын құжат бойынша;

жеке тұлға үшін нотариат куәландырылған сенімхат бойынша:

Мемлекеттік корпорацияда:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес техникалық паспорт беруге өтініш;

2) көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) және көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті өкiлінің жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшiн берiледi), сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшiрмесi;

3) жылжымайтын мүлiктiң қолда бар техникалық паспортын ол болған кезде және (немесе) жер учаскесiне сәйкестендіру құжатын қоса бере отырып, жылжымайтын мүлiк объектiсiне құқық белгiлейтiн құжаттар;

4) техникалық паспортты беру үшiн төлемді растайтын құжат екі кезеңде ұсынылады:

мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініш берген кезде ақы төлеу Бағалар прейскурантына сәйкес жылжымайтын мүлік объектісін мемлекеттік техникалық тексеру бойынша көрсетілетін қызметтің базалық құны түрінде жүргізіледі;

жылжымайтын мүлік объектісіне техникалық паспорт алған кезде Бағалар прейскурантына сәйкес жылжымайтын мүлік объектісін мемлекеттік техникалық тексеру бойынша орындалған жұмыс үшін толық ақы төлеу (қосымша ақы) жүргізіледі.

Егер пәтерге, жатақханалардағы бөлмелерге және үй-жайларға техникалық тексеру жүргізуге жүгінген жағдайда жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты ұсынылмайды;

порталда:

1) ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

2) жылжымайтын мүлiктiң қолда бар техникалық паспортын ол болған кезде және (немесе) жер учаскесiне сәйкестендіру құжатын қоса бере отырып, жылжымайтын мүлiк объектiсiне құқық белгiлейтiн құжаттың электрондық көшірмесі;

3) ЭҮТШ арқылы жасалған төлемді қоспағанда, техникалық паспортты беру үшін төлемді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі екі кезеңде ұсынылады:

мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініш берген кезде ақы төлеу Бағалар прейскурантына сәйкес жылжымайтын мүлік объектісін мемлекеттік техникалық тексеру бойынша көрсетілетін қызметтің базалық құны түрінде жүргізіледі;

жылжымайтын мүлік объектісіне техникалық паспорт алған кезде Бағалар прейскурантына сәйкес жылжымайтын мүлік объектісін мемлекеттік техникалық тексеру бойынша орындалған жұмысқа толық ақы төлеу (қосымша ақы) жүргізіледі.

Егер пәтерге, жатақханалардағы бөлмелерге және үй-жайларға техникалық тексеру үгендеу жүргізуге жүгінген жағдайда жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты ұсынылмайды.


 

1-қосымша        

«Жылжымайтын мүлiк    
объектiлерiнiң техникалық 
паспортын беру» мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет стандартына

Нысаны

№ _______ техникалық паспортты беруге өтініш

Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 31.10.2016 № 949 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Жеке тұлғалар үшін:
Азамат (ЖСН)________________атынан, сенiм білдірілген адам (ЖСН)_____
_____________________________________________________________________
(Тегі, аты және болған кезде – әкесінің аты туған жылы)
____________________________________________________________негізінде
(өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)
_________________________________________________атынан әрекет етеді.
Заңды тұлғалар үшін:
Заңды тұлғаның толық атауы __________________________________________
Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі___________________________
Мемлекеттік тіркеу күні ____________________, БСН ___________________
Заңды мекенжайы _____________________________________________________
Тегі, аты және болған кезде (басшының немесе уәкілетті өкілдің)______
_____________________________________________________________________
___________________________________________________________негізінде
(өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)
________________________________________________ атынан әрекет етеді.

Тексерілетін жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы:_______________
_____________________________________________________________________
Қабылданған құжаттардың тізбесі: (атауы, сериясы, қашан және кім
берді):
1. Төлем туралы құжат: түрі
__________________№__________ күні___________
сомаға ________________(жазумен)_____________________________________

  1. Қолда бар техникалық паспортты (болған кезде) және жер учаскесiне
    сәйкестендіру құжатын қоса бере отырып, жылжымайтын мүлiк объектiсiне
    құқық белгiлейтiн (құқық растайтын) құжаттар (түпнұсқада)
    _____________________________________________________________________
    3. Байланыс телефоны ________________________________________________
    Мынадай жұмыстарды орындауды:
    – жылжымайтын мүлiк объектiсiнің мақсатын мемлекеттік техникалық
    тексеру жүргізуді сұраймын.

Ескертпе __________________________________________________________
Жұмысты бітірген соң төлемнің толық төленуіне (қосымша ақы) кепілдік
беремін.

Өтініш берушінің қолы __________, _____жылы, күні «___»______________
Қабылдады ___________________________________________________________
(маманның, инспектордың Тегі, аты және болған кезде және қолы)
жылы______________, күні «_____»________ уақыты: ____ сағат.___минут.

Маманның шығу күні __________________________________________________
Құжаттарды беру күні _____________ Тізілімдік нөмір__________________

Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

______________ 20__ж. ___, __________
(қолы)