Февраль 22, 2017

Жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы анықтама беру

«Бизнес және кәсіпкерлік» саласында көрсетілетін қызметтер

«Жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 246 бұйрығы)

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;
2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмдерi:

1) көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға және порталға жүгінген кезде құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап – мемлекеттік ақпараттық жүйеде деректер болған кезде 20 (жиырма) минут ішінде.

 

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

заңды тұлғалар үшін өкілеттігін растайтын құжаттар бойынша; жеке тұлғалар үшін нотариалды расталған сенімхат бойынша немесе адвокаттар, уақытша, оңалтуды және банкроттықты басқарушылар оңалту және банкроттау рәсімдерінің шеңберінде, тарату комиссиясы үшін:

Мемлекеттік корпорацияға:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құқықтық кадастрдан жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) мемлекеттiк тiркеу туралы ақпарат алуға сұрау салу;

2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкесткендіру үшін түпнұсқа беріледі);

Адвокаттар ордер ұсынады.

Уақытша, банкроттық және оңалтушы басқарушылар тиісті сот шешімдерін ұсынады.

Тарату комиссиялары тиісті бұйрықты ұсынады.

Порталға:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында құқықтық кадастрдан жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) мемлекеттiк тiркеу туралы ақпарат алуға сұрау салу.


 

1-қосымша        

«Жылжымайтын мүлiктiң болмауы
(болуы) туралы анықтама беру»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет
стандартына       
Нысан

____________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң аумақтық органы)

Құқықтық кадастрдан жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) мемлекеттiк тiркеу туралы ақпарат алуға № ________ сұрау салу

____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, болған кезде – әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә.)
____________________________________________________________________
(туған күні, болған кезде ЖСН, жеке басты куәландыратын құжат деректерi)
____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тұрғылықты жері, заңды тұлғаның атауы, болған кезде
БСН, деректемелері)
оның атынан__________________________________негізінде әрекет ететін
(өкiлеттiгiн куәландыратын құжат деректемелерi)
____________________________________________________________________
(уәкiлеттi өкiл толтырады)

Маған мыналарды беруді сұраймын: керегiн белгiлеу

жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның
техникалық сипаттамалары туралы анықтама;

жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама;

жылжымайтын мүлiктiң меншiк иесi (құқық иеленушiсі) туралы мәлiметтер
қамтылған техникалық паспортқа қосымшалар;

жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң жоспарын (схемасын) қоса алғанда,
тiркеуші орган растаған тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерi;

жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзінді.
Кадастрлық нөмір __________________________________________________
Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы, мекенжайды тіркеу коды
(болған кезде) ____________________________________________________
Мынадай құжаттарды қоса беремiн:___________________________________
Күні____________/________________________________/_________________
(өтiнiш берушiнiң/уәкiлеттi өкiлдiң Т.А.Ә.) (қолы)
___________________________________________________________________
(сұрау салуды қабылдаған маманның Т.А.Ә. және қолы)

Сұрау салуды орындау /қарау/ нәтижесi: ____________________________
тексерiлдi: күнi _____ ж._________ ______________
___________________________________________________________________
(маманның Т.А.Ә. және қолы)

Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелерде қамтылған
мәліметтерді пайдалануға келісемін.
20__ жылғы _______________ «___»________
(қолы)