Февраль 22, 2017

Жылжымайтын мүлiкке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру

«Бизнес және кәсіпкерлік» саласында көрсетілетін қызметтер

«Жылжымайтын мүлiкке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 246 бұйрығы)

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;
2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмдерi:

1) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:

мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті берушіге өтiнiш келiп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетіледі (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi):

 

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы түрде көрсетіледі.

Тіркеу алымының сомасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 456-бабына сәйкес белгiленген мөлшерлеме бойынша есептеледі және Салық кодексінің 457-бабына сәйкес алым төлеуден босатылған тұлғаларды қоспағанда, салық салу объектісін тіркеу жері бойынша тиісті құжаттар берілгенге дейін банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару арқылы салық салу объектісінің тіркелген жері бойынша Қазақстан Республикасының бюджетіне айлық есептік көрсеткіштің 0,25 мөлшерінде төленеді.

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

заңды тұлға үшін өкілеттігін растайтын құжат;

жеке тұлға үшін нотариат куәландырған сенімхат;

Мемлекеттік корпорацияға :

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгiленген нысандағы құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын немесе меншік құқығы туралы куәлікті беру туралы өтiнiш;

2) көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) және көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті өкiлінің жеке басын куәландыратын құжат көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшiн түпнұсқа берiледi;

3) жылжымайтын мүлiкке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру үшін алым төленгенiн растайтын құжат немесе төлем шлюзi арқылы берiлетiн төлем туралы чек.

Порталда:

1) ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

2) ЭҮТШ арқылы жүргізілген төлемді қоспағанда, құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру үшін төлемді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.


 

1-қосымша        

«Жылжымайтын мүлікке құқық   
белгілейтін құжаттың телнұсқасын
беру» мемлекеттiк көрсетілетін 
қызмет стандартына       
   

Нысан

______________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң аумақтық органы)

Құқық белгiлейтiн құжаттың телнұсқасын немесе меншік құқығы туралы куәлікті беру туралы № _____ өтініш

____________________________________________________________________
(Тегi, аты, болса – әкесiнiң аты (бұдан әрі – Т.А.Ә.)
____________________________________________________________________
(Туған күні, ЖСН, жеке басын куәландыратын құжат болса, құжаттың
деректемелері)
____________________________________________________________________
(Жеке тұлғаның тұрғылықты жері, заңды тұлғаның атауы, болған кезде
БСН, деректемелері)

Оның атынан ________________________________________________________
(уәкiлеттi өкiл толтырады)
___________________________________________негізінде әрекет ететін
(өкiлеттiгiн куәландыратын құжат деректемелерi)
___________________________ мекенжайы бойынша орналасқан жылжымайтын
мүлiк объектiсiне
_____________________________ телнұсқасын беруді сұраймын (сұраймыз)
(құжаттың атауы)

Құқық белгілейтін құжаттың немесе куәліктің жоғалуына, бүлінуіне
(бұзылуына) алып келген мән-жайлар ________________________________
____________________________________________________________________

Өтiнiшке мынадай құжаттарды қоса беремін (береміз)
1. Төленгенi туралы құжат: түрi _____ №____________теңге сомасына
2._________________________________________________________________
3._________________________________________________________________
(өтiнiшті қабылдаған маманның Т.А.Ә. және қолы)

Өтiнiш берілген күн: ________ 20__ж.
Уақыты ______ сағ _________ мин

Орындаудың жоспарлы күні ___________________________________________
Өтiнiштi орындау /қарау/ нәтижесi __________________________________

Тексерiлдi: күнi ___________ 20__ж.
____________________________________________________________________
(орындаушының Т.А.Ә. және қолы)

Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісемін.
20__ жылғы _______________ «___»________
(қолы)