Февраль 22, 2017

Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттiк тiркеу

«Бизнес және кәсіпкерлік» саласында көрсетілетін қызметтер

«Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 246 бұйрығы)

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді:

  • «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы көрсетілетін қызметті алушының жылжымайтын мүлкі объектісінің тіркелген жері бойынша;
  • «электрондық үкіметтің» www.е.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырады.

 

 

Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмдерi:

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезінде құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:

жылжымайтын мүлiкке және өзге де мемлекеттік тіркеу объектiлеріне құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) туындауын, өзгеруiн немесе тоқтатылуын мемлекеттiк тiркеу бойынша – өтініш көрсетілетін қызметті берушіге келiп түскен кезден бастап үш жұмыс күнi iшiнде (құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi);

жылжымайтын мүлiкке құқықтарды жеделдетiлген тәртiппен мемлекеттiк тiркеу бойынша – өтiнiш Мемлекеттік корпорацияға келіп түскен кезден бастап келесi жұмыс күнi (егер Мемлекеттік корпорацияда өтiнiш сағат 18-ден кейiн немесе сенбi күнi қабылданса, онда көрсетілетін қызметті беруші үшiн мерзiмдi есептеу келесi жұмыс күнi басталады);

мемлекеттiк органдар және өзге де уәкiлеттi адамдар салатын ауыртпалықтарды (ауыртпалықтардың тоқтатылуын), сондай-ақ заңдық талаптарды тiркеу бойынша – көрсетілетін қызмет алушының өтiнiші келіп түскен кезден бастап дереу (орындалған құжаттар көрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға берiледi);

салынған және күрделілігі бірінші санатқа жататын объектіні пайдалануға қабылдау туралы мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісі негізінде (ал мемлекеттік нормативтермен белгіленген жағдайларда қабылдау комиссиясының актісі) жалпы көлемі 1000 шаршы метрден асатын жылжымайтын мүлікке туындаған құқықтарды алғашқы тіркеу кезінде екінші жұмыс күні беріледі.

Жылжымайтын мүлік объектісінің күрделілігі санаттары техникалық паспортта көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету бір айдан аспайтын мерзімге мынадай жағдайларда:

1) сотқа берілген талап және өзге де арыздар (шағымдар) негізінде соттың қаулысы (ұйғарымы) бойынша;

2) заңның бұзылуын жойғанға дейін прокурорлық қадағалау актілеріне сәйкес;

3) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес;

4) егер қажетті құжаттардың болмауы құжаттарды тіркеуге қабылдамауға негіз болып табылмаса, осы стандарттың 9-тармағында көзделген барлық құжаттарды көрсетілетін қызметті алушының ұсынбауы;

5) егер көрсетілген мән-жайлар құжаттарды тіркеуге қабылдамауға негіз болып табылмаса, түсініктемелер алу немесе мемлекеттік органдардан шығатын құжаттарда қажетті ақпараттың болмауына немесе осындай құжаттарда қайшылықтардың болуына байланысты олардан қажетті ақпарат сұратып алу үшін;

6) құқық белгілеуші құжаттар негізінде белгіленетін тіркеу объектісі мен өтініште көрсетілген тіркеу объектісі сәйкес келмеген кезде олардың арасындағы қайшылықтарды жою үшін тоқтатылады.

Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру туралы шешімді құжаттар қабылданған кезден бастап, бірақ мемлекеттік қызмет көрсетілетін мерзімінің өтуінен кешіктірмей көрсетілетін қызметті беруші қабылдайды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тоқтатыла тұрған кезде көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияға, Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйеге (бұдан әрі – БНАЖ), порталдағы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне және мәміле қатысушыларының электрондық мекенжайларына (болған жағдайда) көрсетілетін қызметті алушыға хабарламаны кейіннен беру үшін тоқтата тұру себептері мен мерзімдерін көрсете отырып, жазбаша хабарлама жолдайды.

Нотариус куәландырған мәмілелер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті нотариустар БНАЖ-бен өзара іс-қимыл жасау арқылы және құқықтық кадастр ақпараттық жүйесіне құқық белгілеуші құжаттың электрондық көшірмесін жолдау арқылы көрсетеді.

Электрондық тіркеу кезінде «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы алымды төлеу туралы растама болмаған кезде, электрондық сұрау салу алынған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде «жылжымайтын мүлік тіркелімінің» мемлекеттік дерекқорында (бұдан әрі – ЖМТ МД) автоматты түрде тоқтатыла тұрады.

 

Мемлекеттiк қызмет ақылы түрде жеке және заңды тұлғаларға көрсетiледi (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы):

1) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексi) 457-бабына сәйкес алым төлеуден босатылған тұлғаларды қоспағанда, Салық кодексінің 456-бабына сәйкес белгiленген ставкалар бойынша есептелген сома салық салу объектісінің тіркелген орны бойынша тиісті құжаттар берілгенге дейін төленеді, тіркеу алымы кестесі осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшада көрсетілген;
2) электрондық тіркеу көрсетілетін қызметін алуға электрондық сұрау салуды БНАЖ арқылы берген жағдайда, БНАЖ берген сұрау салу нөмірі туралы ақпарат негізінде порталда ЭҮТШ арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде үш жұмыс күні ішінде төлем жүзеге асырылады;
3) порталда – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік алымды төлеу туралы электрондық түбіртек жолданады. Төлем туралы ақпарат көрсетілетін қызметтер төлемдері тарихында сақталады.

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

заңды тұлға үшін уәкілеттігін растайтын құжат бойынша:

жеке тұлға үшін нотариат куәландырған сенімхат бойынша немесе оның өкілеттігін растайтын өзге де құжат бойынша:

Мемлекеттік корпорацияда:

жеке тұлғалар үшін:

1) осы мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес белгiленген нысандағы жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқық ауыртпалығы) мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;

2) көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады);
3) тіркеу объектісін растайтын құқық белгілеуші құжат. Жер учаскесіне құқықтарды (ауыртпалықты) тіркеу кезінде жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты ұсынылады.

Жылжымайтын мүлік кепілі шарттары бойынша құқықтарды (талаптарды) беру кезінде құқықтар (талаптар) беру туралы шарт (активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру шарты ұсынылса);

4) бюджетке тіркеу алымы сомасын төлегенiн растайтын құжат немесе алым төлеуден босатуды және жекеленген жеңілдіктер санатын растайтын құжат;

заңды тұлға үшін:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес белгiленген нысандағы жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықты ауыртпалығы) мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;

2) тіркеу объектісін растайтын құқық белгілеуші құжат жер учаскесіне құқықтарды (ауыртпалығы) тіркеу кезінде жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты ұсынылады.

Жылжымайтын мүлік кепілі шарттары бойынша құқықтарды (талаптарды) беру кезінде құқықтар (талаптарды) беру туралы шарт (активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру шарты ұсынылса);

3) бюджетке тіркеу алымы сомасын төлегенiн растайтын құжат не алым төлеуден босатуды және жекеленген жеңілдіктер санатын растайтын құжат;
4) құрылтай құжаттары;

5) «Акционерлік қоғамдар туралы» және «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдарда немесе құрылтай құжаттарында көзделген жағдайларда құрылтайшылардың (қатысушылар, директорлар, кеңесі, акционерлік кеңесі) жылжымайтын мүлiк объектiлерiн сатып алуға немесе иелiктен айыруға жиналыстарының хаттамалары (олардан үзiндi көшірмелер);

6) шетелдiк заңды тұлғалар сауда тiзiлiмiнен заңдастырылған үзiндi көшірмені немесе шетелдiк заңды тұлға шет мемлекеттiң заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжатты мемлекеттiк тiлдегi және орыс тiлдегi нотариат куәландырған аудармасымен бірге ұсынады.

Егер тiркеуге арналған өтiнiште сатып алынатын немесе сатылатын активтердiң жиынтық баланстық құны Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгiленген мөлшерден асып кететiні туралы мәлiметтер болса, онда көрсетілетін қызметті алушы монополияға қарсы органның алдын ала жазбаша келiсiмiн ұсынады.

Жылжымайтын мүлікке және мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілеріне құқықтардың туындауын, өзгеруін және тоқтатылуын растайтын құжаттар тіркеуші органға екі данада ұсынылады, олардың біреуі түпнұсқа немесе нотариат куәландырған көшірме болып табылады.

Құқық белгілейтін құжат сот актісі болған жағдайларда және құқық иесіне құжаттың түпнұсқасы берілмейтін өзге де жағдайларда, тіркеу үшін осындай құжаттың куәландырылған екі көшірмесі беріледі.

Неке шарты болған жағдайда, мұндай шарт екі данада беріледі, олардың біреуі түпнұсқа немесе нотариат куәландырған көшірме болып табылады.

Деректері құқық белгілейтін құжатта көрсетілмеген жұбайының біреуінің құқығын тіркеу үшін «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес неке жасына жеткен өтініш беруші тіркеуге берілген өтініште неке қатынастарында тұрғаны туралы фактінің жоқ екендігі туралы мәліметтерді не неке қатынастарының бар екенін растайтын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, өзінің жұбайы туралы мәліметтерді көрсетуге тиіс.

Электрондық тіркеу кезінде:

1) нотариус ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

2) көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады);
3) нотариус куәландырған, тіркеу объектісін растайтын құқық белгілейтін құжаттар – электрондық нысанда нотариустың электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі;
4) бюджетке тіркеу алымы сомасының төлемі немесе жекелеген жеңілдіктер санатын растайтын және алымдарды төлеуден босататын құжат (бөлек тұратын зейнеткерлер және мемлекеттік тіркеу кезінен үш жыл ішінде кадрларды даярлаумен және оқытумен айналысатын шағын кәсіпкерлік субъектілері санаттары үшін) – электрондық сұрау салуға электрондық нысанда қоса беріледі;

5) мәмілеге қатысушылардың Интернет желісіндегі электрондық мекенжайлары (болған жағдайда).

Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар туралы, Ұлы Отан соғысы кезінде тылда аянбай еңбек еткені және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендері және медальдарымен наградталған адамдар туралы, 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейін кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы кезінде тылда аянбай еңбек еткені және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендері және медальдарымен наградталмаған адамдар туралы, мүгедектер туралы, сондай-ақ бала жасынан мүгедек баланың ата-анасының бірі туралы;

жетім балалар және он сегіз жасқа толғанға дейін ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар туралы;

оралмандар туралы мемлекеттік ақпараттық жүйе қамтылатын мәліметтерді Мемлекеттік корпорация қызметкері және нотариус «электронды үкіметің» шлюзі арқылы Мемлекеттік корпорация ақпараттық жүйесі бойынша тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу кезінде көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы», «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» заңдарында және Кәсіпкерлік кодексінде өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімді ұсынады.


 

2-қосымша          

«Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды  
(ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттiк көрсетілетін      
қызмет стандартына         
Нысаны

___________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органы)

Жеке тұлға үшін жылжымайтын мүлікке құқықтарды
(құқықтық ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу туралы
№_____________ өтініш

Тегі, аты, болса – әкесінің аты (бұдан әрі – Т.Ә.А)_________________
____________________________________________________________________
ЖСН және тұратын жері ______________________________________________
____________________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат: түрі_________, сериясы_____________,
№_________ Берілді__________________________________, берілген күні
(егер өтініш беруші біреуден артық болса, ақпаратты қайталау)
____________________________________________________________________
_________________________________________________________ негізінде
(өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)
___________________________________________ атынан іс-әрекет ететін
(уәкілетті өкіл толтырады)
____________________________________________________________________
мекенжайы бойынша орналасқан жылжымайтын мүлік объектісіне құқықтың
/пайда болуын, ауыртпалығын, тоқтатылуын/ (керегінің астын сызу)
тіркеуді сұраймын (сұраймыз).

Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1. Төленгені туралы құжат: түрі_______№_____ сомасы__________теңге;
2. Жылжымайтын мүлікке құқығын растайтын құжат_____________________
____________________________________________________________________
(атауы, сериясы, нөмірі, қашан және кім берді)
3. Некеде тұрғанын немесе тұрмағанын растайтын мәліметтер __________
____________________________________________________________________
меншік иесі туралы мәліметтер қажет пе Иә Жоқ (керек емесін сызып тастау)
Сатып алынатын немесе сатылатын активтердің жиынтық баланстық құны
Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгіленген
мөлшерден аса ма Иә Жоқ (керек емесін сызып тастау)
________________/__________________/________________________________
(күні) (өтініш берушінің қолы) (өтініш берушінің Т.А.Ә. (болған кезде)

____________________________________________________________________
(өтініш қабылдаған маманның Т.А.Ә. және қолы)

Өтініш берген күні:____________20__ж. Уақыты______сағ____________мин
Өтінішті орындау /қарау/ нәтижесі___________________________________
____________________________________________________________________
Тексерілді: күні ________________ 20 __ж.
____________________________________________________________________
(тіркеуші маманның Т.А.Ә. және қолы)

Ескертпе: Егер тіркеуге арналған өтініште сатып алынатын немесе сатылатын активтердің жиынтық баланстық құны Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгіленген мөлшерден асып кеткендігі туралы мәліметтер болса, онда өтініш беруші монополияға қарсы органның алдын ала жазбаша келісімін ұсынады.

Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді пайдалануға келісемін.
20__ жылғы «___» _______________ ________
(қолы)

 


 

3-қосымша       

«Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды  
(ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттiк көрсетілетін      
қызмет стандартына         
Нысаны

__________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органы)

Заңды тұлға үшін жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтарды ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу туралы
№_____________ өтініш

Заңды тұлғаның толық атауы_________________________________________
Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі _________________________
Мемлекеттік тіркеу күні ________________, БСН: _____________________
Заңды мекенжайы ____________________________________________________

Тегі, аты, болса – әкесінің аты (бұдан әрі – Т.Ә.А) басшысының немесе
уәкілетті өкілдің__________________________________________________
_________________________________________________________ негізінде
(өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
___________________________________________ атынан ісәрекет ететін
(уәкілетті өкіл толтырады)

мекенжайы бойынша орналасқан жылжымайтын мүлік объектісіне құқықтың
/пайда болуын, ауыртпалығын, тоқтатылуы/ (керегінің астын сызу)
тіркеуді сұраймын (сұраймыз).

Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1. Ақы төленгені туралы құжат: түрі________№______ сомасы ____ теңге
2. Жылжымайтын мүлікке құқығын растайтын құжат______________________
____________________________________________________________________
(атауы, сериясы, нөмірі, қашан және кім берді)

Меншік иесі туралы мәлімет қажет пе Иә Жоқ (керек емесін сызып
тастау)

Сатып алынатын немесе сатылатын активтердің жиынтық баланстық құны Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгіленген мөлшерден асып кетеді ме Иә Жоқ (керек емесін сызып тастау)

___________/_____________________________/__________________________
(күні)    (басшысының немесе уәкілетті өкілдің қолы) (Т.А.Ә.)
____________________________________________________________________
(өтініш қабылдаған маманның Т.А.Ә. және қолы)
Өтініш берген күн: ___________ 20__ж. Уақыты_______сағ_______ мин
Өтінішті орындау /қарау/ нәтижесі___________________________________
____________________________________________________________________
Тексерілді: күні _________________ 20 __ж.
____________________________________________________________________
(Т.А.Ә. және өтініш қабылдаған маманның қолы)

Ескертпе: Егер тіркеуге арналған өтініште сатып алынатын немесе
сатылатын активтердің жиынтық баланстық құны Қазақстан
Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгіленген мөлшерден
асып кететіндігі туралы мәліметтер болса, онда өтініш беруші
монополияға қарсы органның алдын ала жазбаша келісімін ұсынады.

Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелерде қамтылған
мәліметтерді пайдалануға келісемін.
20__ жылғы «___» _______________ ________
(қолы)