Февраль 25, 2017

«Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

«Бизнес және кәсіпкерлік» саласында көрсетілетін қызметтер

«Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 246 бұйрығы)

 

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;

2) «электрондық үкімет» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) Мемлекеттік корпорацияға және порталға жүгінген кезде құжаттар топтамасы тапсырылған кезден бастап – мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер болған кезде 20 (жиырма) минут ішінде.

 

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

заңды тұлға үшін өкілеттікті растайтын құжат бойынша; жеке тұлға үшін нотариат куәландырған сенімхат бойынша; адвокаттар, уақытша банкроттық және оңалтушы басқарушылар үшін тарату комиссиялары, кондоминиум объектісінің қатысушысы, оңалту және банкроттық рәсімдерін жүргізу шеңберінде:

Мемлекеттік корпорация:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы құқықтық кадастрдан жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтар ауыртпалығын) мемлекеттiк тiркеу туралы ақпарат алуға сұрау салу;

2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқа беріледі).

Адвокаттар ордерді ұсынады.

Уақытша, банкроттық және оңалтушы басқарушылар тиісті сот шешімдерін табыс етеді.

Тарату комиссиялары тиісті бұйрықты ұсынады.

Кондоминиум объектісінің қатысушысы пәтерге меншік құқығын растауға негіз болатын құжаттарды немесе кондоминиум қатысушылары өкілдерінің өкілеттігін растайтын кондоминиум қатысушыларының жалпы жиналысының хаттамасын табыс етеді.

Порталға:

Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес электрондық-цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы құқықтық кадастрдан жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтар ауыртпалығын) мемлекеттiк тiркеу туралы ақпарат алуға сұрау салу.


 

 

1-қосымша         

«Жылжымайтын мүлікке тіркелген 
құқықтар (ауыртпалықтар) және оның
техникалық сипаттамалары туралы 
анықтама беру» мемлекеттiк   
көрсетілетін қызмет стандартына
  

Нысаны

_____________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң аумақтық органы)

Құқықтық кадастрдан жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтар ауыртпалығын) мемлекеттiк тiркеу туралы ақпарат алуға
№ ________ сұрау салу

Мен,
____________________________________________________________________
(тегі, аты, болған кезде – әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә.)
____________________________________________________________________
(паспорт деректерi (жеке куәлiк деректерi) және тұрғылықты жерi)
____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы және деректемелерi)
_________________________________________________________ негізінде
(өкiлеттiгiн куәландыратын құжат деректемелерi)
________________________________________________атынан әрекет етушi
(уәкiлеттi өкiл толтырады)

Маған төмендегілерді беруді сұраймын: керегiн белгiлеу

жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның
техникалық сипаттамалары туралы анықтама;

жылжымайтын мүлiктiң жоқ (бар) екендiгi туралы анықтама;

жылжымайтын мүлiктiң меншiк иесi (құқық иеленушiсі) туралы мәлiметтер
қамтылған техникалық паспортқа қосымшаларды;

жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң жоспарын (схемасын) қоса алғанда,
тiркеуші орган растаған тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерi;

жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзінді.

Жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң түрi ________________________________
Объектiнiң орналасқан жерi _________________________________________
Мынадай құжаттарды қоса беремiн:
____________________________________________________________________
Күнi_____/__________________________________________/_______________
(өтiнiш берушiнiң / уәкiлеттi өкiлдiң Т.А.Ә.) (қолы)
____________________________________________________________________
(сұрау салуды қабылдаған маманның Т.А.Ә. және қолы)

Сұрау салуды орындау /қарау нәтижесi: ______________________________
тексерiлдi: күнi 20_____ ж._________ ______________
____________________________________________________________________
(маманның Т.А.Ә. және қолы)

Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелерде қамтылған
мәліметтерді пайдалануға келісемін.
20__ жылғы _______________ «___»________
(қолы)