Февраль 22, 2017

Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және тоқтатылған құқықтар туралы анықтамалар беру

«Бизнес және кәсіпкерлік» саласында көрсетілетін қызметтер

«Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және тоқтатылған құқықтар туралы анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 246 бұйрығы)

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;
2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) Мемлекеттік корпорацияға және порталға жүгінген кезде құжаттар топтамасы тапсырылған кезден бастап – мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер болған кезде 20 (жиырма) минут ішінде;

 

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

жеке тұлға үшін нотариат куәландырған сенімхат бойынша; адвокаттар, уақытша банкроттық және оңалтушы басқарушылар үшін тарату комиссиялары, оңалту және банкроттық рәсімдерін жүргізу шеңберінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

Мемлекеттік корпорацияға:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы құқықтық кадастрдан жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтар ауыртпалығын) мемлекеттiк тiркеу туралы ақпарат алуға сұрау салу;

2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқа беріледі);

Адвокаттар ордерді ұсынады.

Уақытша, банкроттық және оңалтушы басқарушылар тиісті сот шешімдерін ұсынады.

Тарату комиссиялары тиісті бұйрықты ұсынады.

Порталға:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы құқықтық кадастрдан жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтар ауыртпалығын) мемлекеттiк тiркеу туралы ақпарат алуға сұрау салу.


 

1-қосымша     

«Жылжымайтын мүлікке тіркелген 
құқықтар және тоқтатылған    
құқықтар туралы анықтамалар беру»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет
стандартына   
Нысан

_____________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң аумақтық органы)

Құқықтық кадастрдан жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтар ауыртпалығын) мемлекеттiк тiркеу туралы ақпарат алуға № ________ сұрау салу

____________________________________________________________________
(Жеке тұлғаның тегі, аты, болған кезде – әкесінің аты (бұдан әрі –  Т.А.Ә.)
____________________________________________________________________
(туған күні, болған кезде ЖСН, жеке басты куәландыратын құжат деректерi)
____________________________________________________________________
(тұрғылықты жері, заңды тұлғаның атауы, болған кезде БСН,
деректемелері)
оның атынан__________________________________негізінде әрекет ететін
(өкiлеттiгiн куәландыратын құжат деректемелерi)
____________________________________________________________________
(уәкiлеттi өкiл толтырады)

Маған мыналарды беруді сұраймын: керегiн белгiлеу

жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның
техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы;

жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтаманы;

жылжымайтын мүлiктiң меншiк иесi (құқық иеленушiсі) туралы мәлiметтер
қамтылған техникалық паспортқа қосымшалар;

жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң жоспарын (схемасын) қоса алғанда,
тiркеу органы куәландырған тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерiн;

жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеу тізілімінен үзінді көшірмені.

Кадастрлық нөмір ___________________________________________________
Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы, мекенжайды тіркеу коды
(болған кезде) _____________________________________________________
Мынадай құжаттарды қоса беремiн:____________________________________

Күні___________/______________________________/_____________________
(өтiнiш берушiнiң / уәкiлеттi өкiлдiң Т.А.Ә.) (қолы)
____________________________________________________________________
(сұрау салуды қабылдаған маманның Т.А.Ә. және қолы)

Сұрау салуды орындау /қарау/ нәтижесi: _____________________________
тексерiлдi: күнi _____ ж._________ ______________
____________________________________________________________________
(маманның Т.А.Ә. және қолы)

Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісемін.
20__жылғы _______________ «___»________
(қолы)