Февраль 25, 2017

«Жеңілдігі бар тұлғаларға (Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, Чернобыль авариясын жоюшыларға, жауынгер-интернационалистерге) анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

«Жеңілдігі бар тұлғаларға (Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, Чернобыль авариясын жоюшыларға, жауынгер-интернационалистерге) анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 26 қазандағы № 605 бұйрығы

 

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы» (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) жергілікті әскери басқару органдары (бұдан әрі – ЖӘБО);
3) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
ЖӘБО-ға өтініш жасаған кезде:
1) құжаттарды ресімдеу мерзімі – 1 (бір) жұмыс күні;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алғанға дейін күтудің барынша жол берілген уақыты – 15 (он бес) минуттан аспайды;
3) өтініш жасаған күні көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша жол берілген уақыты – 15 (он бес) минуттан аспайды.
Анықтама беру үшін ақпарат пен қажетті мәліметтер болмаған кезде мерзім 30 (отыз) жұмыс күніне дейін ұзартылады. ЖӘБО кейіннен көрсетілетін қызметті алушыны мерзімді ұзарту туралы 1 жұмыс күні ішінде хабардар ете отырып, сұрау салынған ақпаратты растау үшін тиісті органдарға сұрау салу жолдайды.
Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы елдерінің мұрағаттарынан ақпарат алу қажет болған жағдайда кейіннен көрсетілетін қызметті алушыны мерзімді ұзарту туралы 1 жұмыс күні ішінде хабардар ете отырып, анықтама беру мерзімі 90 (тоқсан) жұмыс күніне дейін ұзартылады.
Мемлекеттік корпорацияға өтініш жасаған кезде (өтініштер мен құжаттарды қабылдаған күн қызмет көрсету мерзіміне кірмейді):
1) мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер бар болған кезде –  5 (бес) минут;
2) мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған кезде – 1 (бір) жұмыс күні;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алғанға дейін күтудің барынша жол берілген уақыты – 15 (он бес) минуттан аспайды;
4) өтініш жасаған күні көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша жол берілген уақыты – 15 (он бес) минуттан аспайды.
ЖӘБО-да анықтама беру үшін ақпарат пен қажетті мәліметтер болмаған кезде мерзім 30 (отыз) жұмыс күніне дейін ұзартылады. ЖӘБО кейіннен көрсетілетін қызметті алушыны мерзімді ұзарту туралы 1 жұмыс күні ішінде хабардар ете отырып, сұрау салынған ақпаратты растау үшін тиісті органдарға сұрау салу жолдайды.
Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы елдерінің мұрағаттарынан ақпарат алу қажет болған жағдайда кейіннен көрсетілетін қызметті алушыны мерзімді ұзарту туралы 1 жұмыс күні ішінде хабардар ете отырып, анықтама беру мерзімі 90 (тоқсан) жұмыс күніне дейін ұзартылады.
Порталға өтініш жасаған кезде:
1) мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер бар болған кезде – 5 (бес) минут.
Мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған кезде көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға немесе ЖӘБО-ға өтініш жасайды.

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

Көрсетілетін қызметті алушы (не нотариат растаған сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) ЖӘБО-ға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес ҰОС қатысушысы (жауынгер-интернационалист, Чернобыль авариясын жоюшы) екендігін растайтын анықтама беруге өтініш;
жеке куәлік (жеке басын сәйкестендіру үшін);
2) Мемлекеттік корпорацияға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес ҰОС қатысушысы (жауынгер-интернационалист, Чернобыль авариясын жоюшы) екендігін растайтын анықтама беруге өтініш;
жеке куәлік (жеке басын сәйкестендіру үшін);
3) портал арқылы:
көрсетілетін қызметті алушының электрондық құжаты нысанындағы сұрау салу.
Көрсетілетін қызметті беруші мен Мемлекеттік корпорация жұмыскері жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді және тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасын «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтерді көрсеткен кезде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
Портал арқылы өтініш жасаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алған күнін көрсете отырып, өтінішті қабылдау туралы мәртебесі көрсетіледі.
Құжаттар Мемлекеттік корпорация немесе ЖӘБО арқылы қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын (не нотариат растаған сенімхат бойынша оның өкілінің) құжатты көрсеткен кезде тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Егер көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызмет нәтижесін алуға өтініш жасамаса, Мемлекеттік корпорация оларды бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды одан әрі сақтау үшін ЖӘБО-ға береді.
Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды алу үшін өтініш жасаған кезде Мемлекеттік корпорация бір жұмыс күні ішінде ЖӘБО-ға сұрау салады. ЖӘБО кейіннен көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін бір жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды жолдайды.


 

3-қосымша      

«Жеңілдігі бар тұлғаларға (Ұлы Отан соғысына 
қатысушыларға, Чернобыль авариясын жоюшыларға,
жауынгер-интернационалистерге) анықтамалар беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына  
             

Нысан

_______________________________________
(ауданның, қаланың)
қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің
(басқармасының) бастығына
_______________________________________
_____________________________ тұратын
кімнен_________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы,
жеке сәйкестендіру нөмірі)
_______________________________________
_______________________________________
_____________________ әскери есепте тұр

Өтініш

____________________________________________________________________
(ҰОС қатысушысының, жауынгер-интернационалистің, Чернобыль авариясын жоюшының, __________________________________________________________
Семей ядролық полигонында қызмет өткергені туралы)
растайтын анықтама беруіңізді сұраймын.
Қашан және қандай қорғаныс істері жөніндегі бөлім (басқарма, департамент) (әскери комиссариат) әскерге шақырды __________________
____________________________________________________________________
Сұрау салынған кезеңдегі әскери атағы мен лауазымы _________________
____________________________________________________________________
Әскер тегі, әскери бөлімнің нөмірі, бағыныстылығы мен орналасқан жері
____________________________________________________________________
Қызмет, жұмыс кезеңі (келген және кеткен жылы, айы) ________________
____________________________________________________________________
Жеңілдікке құқық туралы куәліктің №________берілген күні ___________
Кім және қашан берді _______________________________________________
Қосымша мәліметтер _________________________________________________
____________________________________________________________________
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
_______________________________ 20__жылғы «___»________ ____________
(тегі және аты-жөнінің бас әріптері)                       (қолы)