«Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығы)
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің (Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары) кеңсесі ;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының коммерциялық емес қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
3) «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорациясына құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген кезде – күнтізбелік отыз күн.
Мемлекеттік корпорациясына жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге және Мемлекеттік корпорациясында:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
3) егер некеде тұрған жағдайда, жұбайының (зайыбының) нотариалды расталған келісімі;
4) егер некеде тұрса, көрсетілетін қызметті алушының және жұбайының (зайыбының) Кодекстің 91-бабы 1-бөлімінің 6) тармақшасына сәйкес ауруының жоқтығын растайтын денсаулық жағдайы туралы анықтама, сондай-ақ «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (бұдан әрі – № 907 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 тіркелген) бекітілген нысан бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде тіркеуде тұрғандығы туралы мәліметтің жоқтығы туралы анықтама;
5) жұмыс орнынан берілген мінездеме;
6) 2008 жылға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған немесе бұзған жағдайда некеге тұру немесе бұзу туралы куәліктің көшірмесі (түпнұсқасы сәйкестендіру үшін талап етіледі);
7) егер некеде тұрмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының некеде тұрмағандығы нотариалды расталған анықтама;
8) бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (сәйкестендіру үшін талап етіледі);
9) балаға жалғыз ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығының жоқтығын растайтын құжаттардың (қайтыс болуы туралы куәлік, ата-ананы ата-ана құқықтарынан айыру, олардың ата-ана құқықтарын шектеу, ата-анасын хабарсыз кетті, әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабiлетi шектелген) деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуi туралы сот үкімі, ата-аналардың іздестірілуін, баланың (балалардың) ата-анасынан айырып алынғанын, ата-анасының денсаулық сақтау ұйымдарында ұзақ мерзімді емделуін растайтын құжаттар, баланың (балалардың) әдейі тасталғаны туралы акті, баладан (балалардан) бас тарту туралы өтініш) көшiрмелері;
10) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорғаншылық және қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардан баланың (балалардың) аға-інілері мен апа-қарындастары және олардың тұрғылықты жері туралы берілген анықтама;
11) баланың (балалардың) оқу орнынан анықтама.
порталда:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұранысы;
2) егер некеде тұрған болса, жұбайының (зайыбының) нотариалды расталған келісімінің электрондық көшірмесі;
3) егер некеде тұрса, көрсетілетін қызметті алушының және зайыбының (жұбайының) Кодекстің 91-бабы 1-бөлімінің 6) тармақшасына сәйкес ауруының жоқтығын растайтын денсаулық жағдайы туралы анықтаманың, сондай-ақ № 907 бұйрығына сәйкес нысан бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде тіркеуде тұрғандығы туралы мәліметтің жоқтығы туралы анықтаманың электрондық көшірмелері;
4) жұмыс орнынан берілген мінездеменің электрондық көшірмесі;
5) 2008 жылға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған немесе бұзған жағдайда некеге тұру немесе бұзу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі;
6) егер некеде тұрмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының некеде тұрмағандығы нотариалды расталған анықтаманың электрондық көшірмесі;
7) бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі;
8) балаға жалғыз ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығының жоқтығын растайтын құжаттардың (қайтыс болуы туралы куәлік, ата-ананы ата-ана құқықтарынан айыру, олардың ата-ана құқықтарын шектеу, ата-анасын хабарсыз кетті, әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабiлетi шектелген) деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуi туралы сот үкімі, ата-аналардың іздестірілуін, баланың (балалардың) ата-анасынан айырып алынғанын, ата-анасының денсаулық сақтау ұйымдарында ұзақ мерзімді емделуін растайтын құжаттар, баланың (балалардың) әдейі тасталғаны туралы акті, баладан (балалардан) бас тарту туралы өтініш) көшiрмелері;
9) қорғаншылық және қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардан баланың (балалардың) аға-інілері мен апа-қарындастары және олардың тұрғылықты жері туралы берілген анықтаманың электрондық көшірмесі;
10) баланың (балалардың) оқу орнынан анықтаманың электрондық көшірмесі.
2-қосымша
Жетім балаға (жетім балаларға)
және ата-анасының қамқорлығынсыз
қалған балаға (балаларға) қамқоршылық
немесе қорғаншылық белгілеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
Нысан
Астана және Алматы қалаларының,
аудандардың және облыстық
маңызы бар қалалардың жергілікті
атқарушы органдары
_______________________________
_______________________________
мекенжайы бойынша тұратын,
телефоны
азамат(ша) ____________________
_______________________________
(Т.А.Ә.(бар болғанда) және
жеке сәйкестендіру нөмері)
Өтініш
Сізден жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған балаға (балаларға)
қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеуді сұраймын:
1. __________________________________________________________________
(баланың Т.А.Ә.(бар болғанда) туған жылын, туу туралы куәлігінің №
көрсету)
2. __________________________________________________________________
3. __________________________________________________________________
мекенжай бойынша тұрады:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын зерделеуін өткізуге қарсы емеспін.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңды құпиямен қорғалатын
мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
«___» ____________2015 жыл азаматтың (азаматшаның) қолы
3-қосымша
Жетім балаға (жетім балаларға) және
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балаға (балаларға) қамқоршылық немесе
қорғаншылық белгілеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
Нысан
Баланың (балалардың) аға-інілері мен
апа-қарындастары және олардың тұрғылықты жері туралы
анықтама
Кәмелетке толмағанның __________________________ аға-інілері мен апа- (Т.А.Ә.(бар болғанда)
қарындастарының бар болғаны үшін берілді.
Р/с № | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда) | Туған жылы | Туыстық жақындығы | Тұрғылықты жері |
Анықтама талап етілген жерге ұсыну үшін берілді.
Басшы ____________________ ____________________________________
(қолы) (Т.А.Ә.(бар болғанда)
Мөрдің орны