Февраль 22, 2017

Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау

 «Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрығы)

 

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің (Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары) кеңсесі;

2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап және портал арқылы өтініш берген кезде – он жұмыс күн.

 

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) баланы асырап алу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің көшірмесі;

3) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын кәуландыратын құжаттың көшірмесі;

4) екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымда бала асырап алушылардың бірінің атына жеке шоттың ашылғаны туралы шарттың көшірмесі.


 

 

 

2-қосымша    

«Жетім баланы және (немесе) ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға
байланысты біржолғы ақшалай төлемді  
тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін  
қызмет стандартына            
нысан

______________________________
(органның атауы)

Өтініш

Бала ________________________________________________________________
(баланың (балалардың) тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда),
туған күні)
асырап алуға байланысты біржолы ақшалай төлем тағайындауды сұраймын.
Тегі ________________________________________________________________
Аты _______________ Әкесінің аты (бар болғанда) _____________________
Мекенжайы ___________________________________________________________
Соттың атауы ________________________________________________________
Соттың 20___ жылғы «______»_____________ №_______шешімі
Бала асырап алушының жеке басын куәландыратын құжаттың түрі _________
_______________  сериясы ____________ нөмірі ____________ кім берген
_____________________________________________________________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі ___________________________________________
Жеке шотының № ______________________________________________________
Банктің атауы _______________________________________________________
Қосымша:
1) баланы асырап алу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің
көшірмесі;
2) бала асырап алушының жеке куәлігінің көшірмесі;
3) бала асырап алу туралы куәліктің көшірмесі;
4) асырап алынған баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
5) екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының жекелеген
түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
лицензиясы бар ұйымда бала асырап алушылардың бірінің атына жеке
шоттың ашылғаны туралы шарттың көшірмесі.
Дәйексіз мәліметтер мен жалған құжаттарды ұсынғаным үшін
жауаптылық туралы ескертілді.

20 ___ жылғы «_____» ______ Өтiнiш берушiнiң қолы ___________________

Құжаттар қабылданды: 20___ жылғы «___» ___________
_______________ _____________________________________________________
(қолы)      (құжаттарды қабылдаған адамның (тегі, аты, әкесінің
аты (бар болғанда), лауазымы)
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
(кесу сызығы)

20__ жылғы «___» ______________ ___________________ азаматтың
(ша) өтініші қосымша құжаттарымен _______________ данада қабылданды.
_____________________________________________________________________
(қолы) (құжаттарды қабылдаған адамның (тегі, аты, әкесінің аты (бар
болғанда), қызметі)