Февраль 24, 2017

Жер қойнауы бөлігінен тәулігіне елуден екі мың текше метрге дейін алу лимиттерімен шаруашылық-ауызсу және өндірістік-техникалық жерасты суларын пайдалану» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Жер қойнауы бөлігінен тәулігіне елуден екі мың текше метрге дейін алу лимиттерімен шаруашылық-ауызсу және өндірістік-техникалық жерасты суларын пайдалану» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы
№ 19-1/422 бұйрығы

 

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

Мемлекеттік қызметті Министрліктің Су ресурстары комитетінің су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап немесе порталға жүгіну кезінде:
рұқсатты беру – 24 (жиырма төрт) жұмыс күні;
қайта ресімдеу – 15 (он бес) жұмыс күні;
рұқсат мерзімін ұзарту – 15 (он бес) жұмыс күні;
рұқсаттың телнұсқасын беру – 2 (екі ) жүмыс күні;
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алу сәтінен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан дәлелді бас тарту береді;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге:
рұқсатты алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнайы су пайдалануға рұқсат беру туралы өтініш;
су шаруашылығы құрылысы паспортының көшірмесі;
су тұтыну және су бұру көлемдерінің негіздемесі бойынша есептеулер;
су тұтынушылар мен олардың суға деген қажеттіліктері туралы мәліметтер;
рұқсатты қайта ресімдеу, мерзімін ұзарту және телнұсқасын алу үшін (рұқсат қағаз нысанында берілген жағдайда):
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш.
2) порталға:
рұқсатты алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы арнайы су пайдалануға рұқсат беру туралы сұрау салу;
су шаруашылығы құрылысы паспортының электрондық көшірмесі;
су тұтыну және су бұру көлемдерінің негіздемесі бойынша есептеулері бар құжаттың электрондық көшірмесі;
су тұтынушылар мен олардың суға деген қажеттіліктері туралы мәліметері бар құжаттың электрондық көшірмесі;
рұқсатты қайта ресімдеу, мерзімін ұзарту және телнұсқасын алу үшін (рұқсат қағаз нысанында берілген жағдайда):
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.
Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратан құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келуі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті алушы «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсыру кезінде:
көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не почта байланысы арқылы) – қағаз тасығыштағы өтініштің қабылданғанын растау құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы оның көшірмесіндегі белгі болып табылады;
портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.


 

1-қосымша         

«Жер қойнауы бөлігінен тәулігіне 
елуден екі мың текше метрге дейін
алу лимиттерімен шаруашылық-ауызсу
және өндірістік-техникалық жерасты
суларын пайдалану» мемлекеттік   
көрсетілетін қызмет стандартына  
Нысан

Кімге:________________________________
(мемлекеттік органның толық атауы)
Кімнен:_______________________________
(жеке немесе заңды тұлғаның толық атауы)

Арнайы су пайдалануға рұқсат беру туралы өтініш

Жер қойнауы бөлігінен шаруашылық-ауыз су және өндірістік-техникалық жерасты суларын тәулігіне елуден екі жүз мың текше метрге дейін пайдалануға рұқсат беруіңізді сұраймын.
1. Жеке немесе заңды тұлға туралы мәлімет:
1) жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың, заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің *немесе анықтаманың заңды тұлға құрмай әрекет ететін дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің деректері ___________________________________________________________________
(№, кім және қашан берді)

* Ескертпе: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
2) мекенжайы __________________________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй №, телефон, факс)
3) су пайдалануға жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болғанда), байланыс телефоны
_______________________________________________________________
2. Координаталары көрсетілген жерасты су көзін пайдалану орындары көрсетілген ахуалдық схема осы өтінішке 1-қосымшаға сәйкес ұсынылады.
3. Суды пайдалану мақсаты _____________________________________
4. Арнайы су пайдалану кезінде пайдаланылатын су объектісі туралы ақпарат осы өтінішке 2-қосымшаға сәйкес толтырылады.
5. Жерүсті суларын пайдаланудың есептік көлемі осы арнайы су пайдалану рұқсатын беру туралы өтінішке 3-қосымшаға сәйкес ұсынылады.
6. Өнімнің бір бірлігіне су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормалары және оларды Қазақстан Республикасың Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетімен келісу туралы деректер ____________________________________________________________________
(нормалар, келісу уақыты мен мерзімі)
7. Суды пайдалануды бастау және аяқтау мерзімдері:
Су пайдаланудың басталған күні 20 жылғы « »
Су пайдаланудың аяқталған күні 20 жылғы « »
8. Су пайдаланушының өндірістік қызметінің сипаттамасы (шығарылатын өнімнің көлемі, қызметкерлердің, қызмет көрсетілетін халықтың саны, қуаты, суарылатын учаскелердің алаңдары) ____________
____________________________________________________________________
9. Осы өтінішке 4-қосымшаға сәйкес қайталама су пайдаланушылар тізбесі (арнайы су пайдалануға рұқсат алуға арналған құжаттарға беруге өтінімдер қоса беріледі) ұсынылады.
10. Арнайы су пайдалануға бұрын берілген рұқсаттың деректері (нөмірі, берілген күні, кім берді, қолданылу мерзімі, егер бұлар өтініш берушіде бар болса) __________________________________________
11. Су пайдалануды есепке алуға, режимдік байқаулар мен зертханалық талдаулар жүргізуге арналған жабдықтың сипаттамасы (түрі, маркасы, техникалық сипаттамалары, саны, зертханалық аккредиттеу саласы және т.б.) ___________________________________________________
12. Шаруашылық-ауызсумен жабдықтау үшін жерасты суларын жинаған кезде – санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды деректері ___________________
_____________________________________________________________________
(нөмірі, берілген күні)
13. Су ресурстарын тиімді пайдалану және су шығынын қысқартуды қамтамасыз ету бөлігінде өтініш иесінің ниеті (Қазақстан Республикасы
Су кодексінің 72-бабына сәйкес) _____________________________________

Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

Өтініш иесі____________________________________________________
(қолы) тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болғанда) (қолы)

Мөр орны (заңды тұлғалар үшін)
20 жылғы « »

Өтініш қарауға 20 жылғы « » қабылданды.
_______________________________________________________________
(өтінішті қабылдаған адамның қолы, тегі, аты, әкесінің аты
(жеке басын куәландыратын құжатта болғанда))


 

1-қосымша

Арнайы су пайдалануға рұқсат
беру туралы өтінішке 

Жерасты суларын жинау және (немесе) пайдалану көздерінің АХУАЛДЫҚ СХЕМАСЫ

Масштабы _______________________________
(көрсету)

Су жинау орнының (немесе су объектісінің) атауы Ахуалдық схемада бұрыштық нүктелермен белгіленген жер учаскесінің алаңы Нүктелер №№ Географиялық координаттар
бойлығы ендігі
градус минута секунда градус минута секунда
________

гектар

________

шаршы километр

1
2
3
________

гектар

________

шаршы километр

1
2
3
________

гектар

________

шаршы километр

1
2
3

Ахуалды схемада бұрыштық нүктелері көрсетілген жер учаскесінің алаңы ___________________________________ гектарды (шаршы километр) құрайды.


 

2-қосымша

Арнайы су пайдалануға рұқсат
беру туралы өтінішке 

Арнайы суды пайдалану кезінде қолданылатын су объектісі туралы ақпарат

р/с № Су нысанының атауы, негізгі гидрологиялық және гидрогеологиялық сипаттамалар Су көзінің коды* Пайдалану түрі ** (коды)
1
2

Ескертпе:
* теңіз – 10, өзен – 20, кеуіп бара жатқан өзен – 21, көл – 30, тоған су қоймасы – 40, құймалы су қоймасы – 40, магистральды арна – 50, магистральды құбыржол – 55, жерасты суы бар қабат – 60, шахта, кеніш, карьер – 61, тік дренаж ұңғымалары – 62, коллекторлық-дренаждық желі – 70, өзен желісімен байланысы жоқ коллекторлар – 71, жерүсті су объектілеріне жететін коллекторлар – 72, суармалы диқаншылық алаңдары – 80, жинағыштар – 81, жергілікті рельеф – 82, фильтрациялау алаңы – 83, су құбыры желілері – 90, кәріз желілері – 91;
** ША – шаруашылық-ауызсу, Ө – өндірістік, АШ – ауыл шаруашылығын сумен жабдықтау, ТС – турақты суару, ЛС – лиманды суару, ЖС – жайылымдарды суландыру, ШС – шабындықты суару, ТБШ – тоғанды балық шаруашылығы, ГҚ – арналардағы қабаттарды қолдау, ПҚ – пласттағы қысымды қолдау, ҚСТ – құймалы су қоймаларын толтыру, СТ – суды тасымалдау, ПТ – пайдаланбай тапсыру, ӨБ – өзге бассейнге берілді, ӨМ – өзге мемлекетке берілді, АШ – арналарды шаю, СӨ – санитариялық өткізгіштер, ГЭ – гидроэнергетика, ТБ – тағы басқалары.


 

3-қосымша

Арнайы су пайдалануға рұқсат
беру туралы өтінішке 

Жерасты суларын алу және (немесе) пайдаланудың есептік көлемі

Арнайы суды пайдалану түрі ___________________________________

р/с № Айлар Текше метр/тәулігіне Текше метр/айына
1 2 3 4
1 Қаңтар
2 Ақпан
3 Наурыз
4 Сәуір
5 Мамыр
6 Маусым
7 Шілде
8 Тамыз
9 Қыркүйек
10 Қазан
11 Қараша
12 Желтоқсан
Барлығы жылына, текше метр/жылына

 

4-қосымша

Арнайы су пайдалану рұқсат 
беру туралы өтінішке 

Қайталама су пайдаланушылардың тізбесі

р/с № Суды пайдаланушылардың атауы Суды пайдаланушының суды пайдалану мемлекеттік есебінің (СПМЕ) коды (бар болса) Есептік көлемі (текше метр/жылына) Су пайдалану мақсаты Шарттың номері және уақыты (бар болса)
1 2 3 4 5 6
1
2
3
4
Барлығы жылына, текше метр/жылына

 

2-қосымша           

«Жер қойнауы бөлігінен тәулігіне 
елуден екі мың текше метрге дейін
алу лимиттерімен шаруашылық-ауызсу
және өндірістік-техникалық жерасты
суларын пайдалану» мемлекеттік   
көрсетілетін қызмет стандартына  
Нысан

Кімге:_______________________________________
(мемлекеттік органның толық атауы)
Кімнен:______________________________________
(жеке немесе заңды тұлғаның толық атауы)
Өтініш иесінің
мекенжайы ___________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің №, телефон)
Өтініш иесінің
деректемелері _______________________________
(жеке тұлғалар үшін – ЖСН, заңды тұлғалар үшін – БСН)

ӨТІНІШ

_____________________________________________________________________
(өтініштің мақсаты)
________________________________________________ байланысты сұраймын.
(қысқаша негіздемесі)

Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

Өтініш иесі____________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болғанда) (қолы)

Мөр орны (заңды тұлғалар үшін)
20 жылғы « »