Февраль 21, 2017

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру

«Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер»

«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығы).

 

 

Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
3) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
     

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
Көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға немесе порталға құжаттар пакеті тапсырылған күннен бастап – 30 (отыз) күнтізбелік күнге дейін;
көрсетілген қызметті беруші көрсетілген қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда көрсетілген қызметтерді беруші белгіленген мерзімде өтінішті одан әрі қатыстырудан дәлелді жазбаша бас тарту береді.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді;

 

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

Көрсетілетін қызметті алушы (не: заңды тұлғаның өкілеттілігін растайтын құжат бойынша, жеке тұлғаның нотариалды расталған сенімхат бойынша уәкілетті өкілі):
көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);
3) жер учаскесін сатып алу қажет болған жағдайда, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнының актісі;
порталға:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес электрондық өтінім;
2) жер учаскесін сатып алу қажет болған жағдайда, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнының актісі – құжаттың электрондық көшірмесі.
Жеке басты куәландыру құжаты туралы мәліметтерді, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жер учаскесіне ауыртпалықтың жоқтығы туралы, жер учаскесіне сәйкестендіру және құқық белгілеу құжаты туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
Көрсетілетін қызметті берушіге – қағаз тасығыштағы өтініштің қабылданғанын растау оның көшірмесінде құжаттар пакетін қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, кеңседе тіркелгені туралы белгі болып табылады.
Мемлекеттік корпорацияға – көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;
порталға – «жеке кабинетке» мемлекеттік қызмет көрсетуге сұратудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілген қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жолданады.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басты куәландыратын құжат (не: уәкілеттілігін растайтын құжат бойынша заңды тұлғаның; нотариалды расталған сенімхат бойынша жеке тұлғаның өкілетті өкілі) ұсынылған кезде қолхаттың негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация бір ай бойы нәтижені сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті алушыға береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұратуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.


 

1-қосымша

«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын
өзгертуге шешім беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына

______________(облыс, қала, аудан әкіміне)
(облыс, қала)
_______________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
кімнен _______________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты
_______________________________________
не заңды тұлғаның
_______________________________________
толық атауы)
ЖСН (БСН)______________________________
_______________________________________
(жеке немесе заңды тұлғаның жеке басын
куәландыратын
_______________________________________
құжаттың деректемелері,
_______________________________________
байланыс телефоны, мекенжайы)

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге өтініш

Сізден маған жеке меншік (жер пайдалану құқығындағы тиесілі) ________________________________________________________________________________мекенжайында орналасқан, ауданы ____________ га, кадастрлық нөмірі_________________________, жер учаскесінің пайдалану _____________________________________________________________нысаналы
мақсатынан___________________________________________________нысаналы
мақсатына____________________________________________________________
(жер учаскесінің көлемін көрсете отырып, оның нысаналы
мақсатын өзгерту қажеттілігінің себебін көрсету)
байланысты өзгертуді сұраймын.

Құықығын растайтын құжаттың № ________, берілген күні «_____»______ ________ жылғы,
Сәйкестендіру құжатының № ______ берілген күні «_________» _________ ________жылғы.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

Күні __________ Өтініш беруші________________________________
(жеке немесе заңды тұлғаның не
_________________________________
уәкілетті тұлғаның тегі, аты,
әкесінің аты,
_________________________________
қолы)


 

2-қосымша      

«Жер учаскесінің нысаналы 
мақсатын өзгертуге шешім 
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына   
 

нысан
_________________________________________
(Т.А.Ә. (ол болған кезде) немесе көрсетілетін
__________________________________
қызметті алушы ұйымның атауы көрсетілетін
__________________________________
қызметті алушының мекенжайы)

       Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КАҚ филиалының №__ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты, атап айтқанда, жоқ құжаттардың атауы:
1) ___________________________________________________________;
2) ___________________________________________________________;
3) ___________________________________________________________.
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
_______________________________________________________________
(Мемлекеттік корпорациясы қызметкерінің Т.А.Ә. (ол болған кезде), қолы)
Орындаушы Т.А.Ә. (ол болған кезде)_____________________________
Телефон________________________________________________________
Алдым: Т.А.Ә. (ол болған кезде), көрсетілетін қызметті алушының қолы
«___» _________ 20__ ж.