Февраль 22, 2017

Жерлеуге арналған біржолғы төлем тағайындау

Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 маусымда № 11342 тіркелді

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 бұйрығына 2-қосымша

 

            “Жерлеуге арналған біржолғы төлем тағайындау” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

Жалпы ережелер

Өтінішті қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді “Азаматтарға арналған үкімет” Мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) жүзеге асырады. (Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің ОҚО бойынша департаменті)

 

 

Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

Мемлекеттік корпорацияда құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап – 3 (үш) жұмыс күні.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

 

Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:

1) жерлеуді жүзеге асырған адамның жеке басын куәландыратын құжат немесе заңды тұлғаны (заңды тұлғалар үшін) мемлекеттік тіркеу туралы анықтама (куәлігі) немесе дара кәсіпкердің патенті (заңды тұлға құрмастан кәсiпкерлiк қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін);

2) қайтыс болғаны туралы куәлік немесе басқа мемлекеттердің уәкілетті органы берген және апостиль қойып куәландырылған қайтыс болу фактісін растайтын құжат;

3) екінші деңгейдегі банктерде, тиісті банк операцияларының түрлерін реттеу және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдарда, «Қазпочта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшесінде банкт шотының болуы туралы құжат.

Көрсетілген құжаттардағы ақпарат мемлекеттік ақпараттық жүйелерде расталған кезде, көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты, қайтыс болғаны туралы куәлікті немесе қайтыс болу фактісін растайтын құжатты ұсыну талап етілмейді.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) келгенде жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде беріледі.


 

1-қосымша

“Жерлеуге арналған біржолғы
төлем тағайындау” мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына

 

 

 

   

Нысан
Ауданның коды ______________
Қазақстан Республикасы
   Еңбек, әлеуметтiк қорғау және көші-қон комитетінің ________________________ облысы бойынша департаментi

Жеке сәйкестендіру нөмірі ___________________________________________
____________________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
____________________________________________________________________
(мекенжайы, телефоны)
 Өтініш

      _______________________________________________________________
(мекенжайы бойынша тұрған)
____________________________________________________________________
(қайтыс болған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні)
жерлеуге біржолғы төлем тағайындауды сұраймын.
Жерлеуге арналған төлемді _____________________ банк филиалының №
__________, “Қазпочта” АҚ-ның №________ банк шотына аударуды сұраймын.
Жерлеуге арналған бiржолғы төлемге қажетті менің дербес деректерімді
жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:

Р/с
Құжаттың атауы Құжаттағы парақтардың саны Ескертпе
1      
2      
3      

 

Өтініш берушінің байланыс деректері:
үй телефоны _________ ұялы телефон __________ Е-mail ___________
Өтініш берген күні: 20__ жылғы “___” ____________
Өтініш берушінің қолы ____________________
Азамат ____________________________________________________ өтініші
№_____болып тіркеледі. Құжаттар қабылданған күн 20___жылғы “___”_____
____________________________________________________________________
құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы


 

 2-қосымша 

«Жерлеуге арналған біржолғы   
 төлем тағайындау» мемлекеттік  
 көрсетілетін қызмет стандартына

   

Нысан

_____________________________________________________________________
(түрі көрсетілсін)

   тағайындауға өтініш қабылдаудан бас тарту туралы
№ ______ қолхат

20__ жылғы «___» __________

Азамат(ша)_____________________________________ _____________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туған күні _____ жылғы «___» ____________
Қамқоршы ____________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Жүгінген күні 20__ жылғы «___» ____________
_____________________________________________________________________
Құжаттардың толық топтамасын, төлем тағайындау үшін талап етілетін
ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді ұсынбау, төлемге
құқығының болмауы, қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсыну себебі
бойынша тағайындауға өтініш қабылдаудан бас тартылды.
_____________________________________________________________________
(жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)


 

  3-қосымша   

«Жерлеуге арналған біржолғы   
 төлем тағайындау» мемлекеттік  
 көрсетілетін қызмет стандартына
Нысан

_____________________________________________________________________
(түрі көрсетілсін)

   тағайындауға өтініш қабылдаудан бас тарту туралы
№ ______ қолхат

20__ жылғы «___» __________

Азамат (ша)_____________________________________ ____________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туған күні _____ жылғы «___» ____________
Жүгінген күні 20__ жылғы «___» __________
Орталық атқарушы органның ақпараттық жүйесі бойынша тағайындау, төлеу
немесе өтініш беру фактісі расталды
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)