Февраль 22, 2017

Жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiнде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргiзуге келiсiм беру

 «Жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiнде
ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргiзуге келiсiм беру»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
(Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 146 бұйрығы).

 

 

Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
     

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
Көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттар топтамасы тапсырылған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгiнген кезде – 15 (он бес) жұмыс күнi;

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі) өтініш білдірген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету үшін қажеттi құжаттар тiзбесi:
1) көрсетілетін қызметті берушіге:
жеке басты куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде заңды тұлғаның сенімхаты немесе нотариалдық куәландырылған сенімхат (жеке тұлға үшін) (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);
осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
тарих және мәдениет ескерткiшi туралы мәтiндiк және бейнелiк ақпаратты қамтитын жобалау құжаттамасы.
2) порталға:
осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысандағы өтiнiш;
өтінішке қоса тiркелетiн, тарих және мәдениет ескерткiшi туралы мәтiндiк және бейнелiк ақпаратты қамтитын жобалау құжаттамасының электрондық көшiрмесi.
Жеке басын куәландыратын, заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы, жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы құжаттар, ғылыми-рестраврациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi лицензия туралы құжаттардың мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәлiметтерiн көрсетiлетiн қызметтi берушi тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден – «электрондық үкiмет» шлюзы арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажеттi құжаттарды тапсырған кезде:
1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге өтiнiштiң көшiрмесiнде құжаттар топтамасын қабылдау күнi мен уақыты көрсетiле отырып, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде тiркеу туралы белгi, сонымен қатар құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, жөні (бар болған жағдайда) өтiнiштiң қағаз жеткiзгiште қабылданғанын растау болып табылады;
2) портал арқылы – көрсетiлетiн қызметтi алушының «жеке кабинетiнде» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн алатын күн, мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн өтініш қабылдау туралы белгі көрсетiледi.


 

Қосымша 

«Жергiлiктi маңызы бар тарих және
мәдениет ескерткiштерiнде     
ғылыми-реставрациялау жұмыстарын 
жүргiзуге келiсiм беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына 
қосымша       

Нысан

Кімге____________________________
(толық атауы, ұйымның басшысының тегі,
аты, жөні (бар болған жағдайда)
Кімнен___________________________
(тегі, аты, жөні (бар болған жағдайда)
не заңды тұлғаның атауы)

Өтініш

«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының
18-бабы 11-тармағына және 13-бабы 5-тармағына сәйкес ғылыми-реставрациялау жұмысын жүргізуге келісім беруді сұраймын.
Ұйым атауы:_________________________________________________________
(заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/ жеке тұлғаныңтегі, аты, жөні (бар болған жағдайда)жеке сәйкестендіру нөмірі)
Ескерткіш атауы:____________________________________________________
Ескерткіштің орналасқан жері:_______________________________________
(облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,)
Ескерткіш түрі:_____________________________________________________
Ғылыми-реставрациялау жұмыс түрі:___________________________________

Заңды тұлға басшысы/жеке тұлға                      Мөр орны
(болған жағдайда)
_______________________________                 __________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты                         (болған жағдайда)

«Жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiнде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргiзуге келiсiм беру»мемлекеттік қызмет стандартында көзделген, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

Толтыру күні:
20 __ жылғы «__» __________                        ________________
(қолы)