Февраль 22, 2017

Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу

«Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 139 бұйрығы).

 

Қызмет көрсетуші:

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органның дене шынықтыру және спорт саласында функцияларды жүзеге асыратын тиісті құрылымдық бөлімшелер (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

 

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

көрсетілген қызмет берушінің кеңсесі;

«электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

аккредиттеу туралы куәлікті беру – күнтізбелік 15 (он бес) күн;

аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу – күнтізбелік 5 (бес) күн;

аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын беру – күнтізбелік 5 (бес) күн;
Қажетті құжаттардың тізбесі:

1) көрсетілетін қызмет берушіге:

аккредиттеу туралы куәлікті алу үшін:

спорт федерацияның басшысының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) спорт федерациясының өкілі жүгінген кезде – заңды тұлғаның сенімхаты (сәйкестендіру үшін);

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеуді өткізуге өтініш;

басшы органның жеке құрамы туралы мәлімет;

спорт федерациясы жарғысының көшірмесі;

спорт түрі (түрлері) бойынша кешенді нысаналы бағдарлама;

спорт түрі (түрлері) бойынша қағидалар жобасы;

аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу туралы өтініш;

аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын алу туралы өтініш.

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландырылатын, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзы арқылы алады.
Қабылдаудың растау көрсетілетін қызмет берушінің кеңседе құжаттар топтамасының қабылдау мерзімі және күні көрсетіп қағаз нысанында өтініште белгі және тіркеу болып табылады;

2) порталға:

аккредиттеу туралы куәлікті алу үшін:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;

құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы басшы органның жеке құрамы туралы мәлімет;

құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы спорт федерациясының жарғысы;

құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы спорт түрі (түрлері) бойынша кешенді нысаналы бағдарлама;

құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы спорт түрі (түрлері) бойынша қағидаларының жобасы;

аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;

аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы.

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландырылатын, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзы арқылы алады.

Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады.

Портал арқылы жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы қызмет алушының жүгіну тарихындағы «жеке кабинетінде» мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күнін көрсете отырып, хабарлама көрінеді.


 

1-қосымша  

«Жергілікті спорт    
федерацияларын аккредиттеу»
 мемлекеттік көрсетілетін
 қызмет стандартына   
Нысан

Кiмге ___________________________________
(дене шынықтыру және спорт саласындағы
_________________________________________
жергілікті атқарушы орган басшысының
_________________________________________
лауазымы, тегi, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)

Кiмнен __________________________________
(жергілікті cпорт федерациясы басшысының
_________________________________________
немесе өкiлiнiң тегi, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)
_________________________________________
(мекенжайы, телефоны, электрондық поштасы)

 Аккредиттeу өткізуге өтiнiш

Сiзден ________________________________________________________
(мәртебесін көрсете отырып, спорт федерациясының атауы)
_____________________________________________________________________
аккредиттеу өткізуді сұраймын.

Өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiледi:
1) ____________________________________________________________
2) ____________________________________________________________
3) ____________________________________________________________
4) ____________________________________________________________
5) ____________________________________________________________
6) ____________________________________________________________
7) ____________________________________________________________
8) ____________________________________________________________
9) ____________________________________________________________
10) ___________________________________________________________
11) ___________________________________________________________

«Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартында көзделген ақпараттық жүйелерде
қамтылған заңмен қорғалатын, құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісім беремін.

Мөр орны ___________ __________________________________________
(қолы)   (тегi, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

20__ жылғы «___» ____________

Өтiнiштiң түскен күнi 20__ жылғы «___» ___________

Тiркеу нөмiрi ____________________________________
_______________________________________________________________
(өтінішті қабылдаған тұлғаның қолы, тегi, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)


 

2-қосымша    

«Жергілікті спорт    
федерацияларын аккредиттеу»
 мемлекеттік көрсетілетін
 қызмет стандартына    
        

Нысан

Кiмге ___________________________________
(дене шынықтыру және спорт саласындағы
_________________________________________
жергілікті атқарушы орган басшысының
_________________________________________
лауазымы, тегi, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)

Кiмнен __________________________________
(жергілікті cпорт федерациясы басшысының
_________________________________________
немесе өкiлiнiң тегi, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)
_________________________________________
(мекенжайы, телефоны, электрондық поштасы)

 Куәліктің телнұсқасын алу (қайта ресімдеу) туралы
өтiнiш

Сiзден ________________________________________________________
(мәртебесі көрсетілген спорт федерациясының атауы)
аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын беруді (қайта ресімдеуді)
сұраймын.

«Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартында көзделген ақпараттық жүйелерде
қамтылған заңмен қорғалатын, құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісім беремін.

Мөр орны ____________ _________________________________________
(қолы)   (тегi, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

20__ жылғы «___» ___________________________________

Өтiнiштiң түскен күнi 20__ жылғы «___» _____________
______________________________________________________
(өтінішті қабылдаған тұлғаның тегi, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)