ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС ЖӘНЕ ЗАҢНЫҢ ҮСТЕМДІГІ

Аталған тақырыпта ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің аумақтық департаментінің бас маманы Г.Төлегенқызы облыстық тексеру комиссиясының ұжымымен семинар өткізді.

Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттары Қазақстан Респуб­ликасының 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия­сында, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңында көрініс тапқандығы айтылды.

Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Елбасының Қазақстан халқына Жолдауының негізгі міндеттерінің бірі екендігі айтылып, мемлекеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлық қатерлерінің алдын алу және жол бермеу жолдары талқыға салынды.

Іс-шара соңында арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *