Февраль 25, 2017

Жеке істері бойынша Қазақстан Республикасына кіруіне шақыруларды ресімдеу

«Құжаттандыру» саласында көрсетілетін қызметтер

«Жеке істері бойынша Қазақстан Республикасына кіруіне шақыруларды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 344 бұйрығы.)

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді:

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің аумақтық бөліністері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) Коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

 

 Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге не Мемлекеттік корпорацияға құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік 5 күн.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

 

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) арқылы түрде көрсетіледі. Мемлекеттiк қызмет көрсетiлгенi үшiн мемлекеттiк баж алынады, ол 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексiнiң (Салық кодексi) 538-бабына сәйкес мемлекеттiк баж төлеу күніне белгiленген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінен 50 пайызды құрайды.

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартқа 2-қосымшаға сәйкес белгiленген нысандағы шетелдікті Қазақстан Республикасына шақыру туралы сауалнама-өтiнiш;
3) мемлекеттiк бажды төлегенi туралы түбiртек.
Жеке басты куәландыратын құжаттар, көрсетілетін қызметті алушының хабарлама бергені үшін бюджетке мемлекеттік баж сомасын төлегенін растайтын (ЭҮТШ арқылы төлеген жағдайда) құжат туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация қызметкері «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Құжатты қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдау туралы қолхат береді.

 


 

1-қосымша    

«Жеке істері бойынша    
Қазақстан Республикасына  
кіруіне шақыруларды ресімдеу»
мемлекеттік көрсетілетін  
қызмет стандартына     
нысан

ЖЕКЕ ІСТЕРІ БОЙЫНША ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНА КІРУІНЕ ШАҚЫРУ

ПРИГЛАШЕНИЕ НА ВЪЕЗД В РЕСПУБЛИКУ КАЗАХСТАН ПО ЧАСТНЫМ ДЕЛАМ

INVITATION FOR VISIT TO THE REPUBLIC OF KAZAKSTAN FOR PRIVATE CASE

Шақырушы адам/Приглашающий/Inviting person:
Teгi, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)/Фамилия, имя, отчество
(при его наличии)/Name: _____________________________________________
Туған жылы/Дата рождения/Date of birth: _____________________________
Азаматтығы/Гражданство/Nationaliti: _________________________________
Мекенжайы/Адрес/Address: ____________________________________________
Шақырылатын адам(дар)/Приглашаемый (е)/Invited person: ______________
Тегі, аты/Фамилия, имя/Nаmе: ________________________________________
Туған жылы/Дата рождения/Date of birth: _____________________________
Туыстық дәрежесі/Степень родства/Degree of relation: ________________
Азаматтығы/Гражданство/Nationaliti: _________________________________
Мекенжайы/Адрес/Address: ____________________________________________
Сапардың мақсаты/Цель поездки/Purpose of visit: _____________________
Сапардың мepзiмi/Cpoк поездки/Period of visit: ______________________

Шақыру фактісін растайтын орган: Лауазымды адамның қолы: Шақыратын адамның қолы:
Орган, подтверждающий факт приглашения: Подпись должностного лица: Подпись приглашающего:
The invation is endorsed by:
М.О. 20__ жылғы «___» _______________
Signature of the official: Signature of the inviting person:

_____________________________________________________________________
(шақыруды ресiмдеген органға қайтарылуға тиiс)

ШАҚЫРУҒА БАҚЫЛАУ ТАЛОНЫ

Бастыққа ____________________________________________________________
(шақырылғандардың азаматтығы, тегi аты)
Қазақстан Республикасына ____ күнге келуге рұқсат берiлгенiн
хабарлайды.
Келу мақсаты ________________________________________________________
Тұратын мекенжайы: __________________________________________________
Қазақстан Республикасына келуiн, Қазақстан Республикасында болудың белгiленген қағидаларын сақтауын және уақтылы шығуын бақылауды қамтамасыз ету қажет.
М.О. Бастық _________________________________________________________
(шақыруды ресiмдеген органның атауы)

Жеке iстер бойынша шақыру үлгiсiнiң сыртқы бетi

ШАҚЫРУ ШАРТТАРЫ: Шақырушы жақ туысқанының, танысының Қазақстан Республикасында болған мерзімінде: тұруы, тамақтануы, медициналық шығыстары, келетін адамның көші-қон полициясы органдарында күнтізбелік 5 күн iшiнде тіркелуі, Қазақстан Республикасынан уақтылы кeтуi жөніндегі міндеттемелерді өзіне алады. Қазақстан Республикасында болу уақытында шақырылған адамға еңбек және коммерциялық қызметпен айналысуға, Қазақстан Республикасының оқу орындарына түсуге тыйым салынады. Шақыру берілген күннен бастап 1 жылға жарамды.
УСЛОВИЯ ПРИГЛАШЕНИЯ: Приглашающая сторона берет на себя обязательства по пребыванию родственника, знакомого в Республике Казахстан: проживание, питание, медицинские расходы, регистрация въезжающего в органах миграционной полиции в течение 5 календарных дней, своевременность выезда из Республики Казахстан. Во время пребывания в Республике Казахстан приглашаемому запрещается заниматься трудовой и коммерческой деятельностью, поступать в учебные заведения Республики Казахстан. Приглашение действительно 1 год со дня выдачи.
TERMS OF INVITATION: The inviting party undertakes all responsibilities for the sojourn of their relatives, friends in the Republic of Kazakhstan: accommodation, meals, medical expenses, registration of the visitor (s) at the migration police department within 5 days, and the departure from the Republic of Kazakhstan in due time. During his visit to the Republic of Kazakhstan the visitor is not allowed to undertake any employment or business activities or enter any educational establishment in the Republic of Kazakhstan. The invitation is valid 1 year from the date of issue.
________________________________________
Iшкi iстер органының белгiсi
20__ жылғы «___» _______________________
келгенi туралы мәлiметтер ______________
кеткенi туралы мәлiметтер ______________
қалалық IIБ бастығы ____________________
20__ жылғы «___» _______________________


 

 

2-қосымша   

«Жеке істері бойынша    
Қазақстан Республикасына  
кіруіне шақыруларды ресімдеу»
мемлекеттік көрсетілетін  
қызмет стандартына     
нысан

Ішкі істер департаменті
___________________________________________
қала, облысы
___________________________________________
өтініш иесінің тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда)
____________________________________________
егер басқа тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда)
болса көрсетіңіз
____________________________________________
туған күні, айы, жылы
____________________________________________
тұрақты тұратын жері
____________________________________________
үй, ұялы телефондары

Шетелдікті Қазақстан Республикасына шақыру туралы
сауалнама-өтініш

Қазақстан Республикасына шақырылатын адамдар туралы мәліметтер

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (шақырылатын адамның паспортына қатаң сәйкестікте толтырылады) Азаматтығы, паспорт №, берілген күні Туған жылы мен жері Келетін елі, мекенжайы және тұрғылықты жері

Жол жүру мерзімі ____________________________________________________

Соңғы 5 жылдағы Сіздің еңбек қызметіңіз (оқуды және әскердегі қызметті қоса алғанда)

Қызметке түскен және босатылған жылы Ұйымның атауы және атқарған лауазымы Ұйымның мекенжайы

Жеке куәлік № ______________ 20 жылғы «___» ________________
ЖСН №_________________
Паспорт № _________________ 20 жылғы «___»_______________
Шетелдіктің тұруға ықтиярхаты 20__ жылғы «___» «________» № _________
Азаматтығы жоқ адамның куәлігі 20___ жылғы «___» «______» №__________

Маған сауалнама-өтініште көрінеу жалған деректер көрсеткені үшін жауапкершілік туралы ескертілді.

20__ жылғы «___» ________
_________________________
өтініш иесінің қолы

Ақпараттың жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін
20_____ жылғы «_____» ________ (қолы)

Сауалнама-өтініш 20__ жылғы «___» ____ қабылданды.

_____________________________________________________________________
сауалнама-өтінішті қабылдаған адамның тегі, аты,
әкесінің аты (ол болған жағдайда)


 

3-қосымша  

«Жеке істері бойынша    
Қазақстан Республикасына  
кіруіне шақыруларды ресімдеу»
мемлекеттік көрсетілетін  
қызмет стандартына     
нысан

Көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды
қабылдау туралы қолхат

Осы қолхат ________________________________________ (тегі, аты,
әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсету) берілді және _____________
облысы (қала) ауданы ішкі істер басқармасы көші-қон бөлімінің одан
«Жеке істері бойынша Қазақстан Республикасына кіруіне шақыруларды
ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген
құжаттарды қабылдағанын растайды, оның ішінде:
1. сауалнама-өтініш – __ парақта;
2. мемлекеттiк бажды төлегенi туралы түбiртек – сомасы ________
теңге.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін _______________________
облысының __________ қаласы ____________ ауданы Ішкі істер
басқармасының (бөлім) көші-қон бөлімі (бөлімшесі, тобы) 20_____ жылғы
«____» ___________ сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін ұсынатын болады.
Осы қолхат 2 данада, әрбір тарапқа бір-біреуден жасалды.

Телефон ___________________

Алдым: ______________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)/көрсетілетін
қызметті алушының қолы

20 ___ жылғы «_____»__________


 

4-қосымша  

«Жеке істері бойынша    
Қазақстан Республикасына  
кіруіне шақыруларды ресімдеу»
мемлекеттік көрсетілетін  
қызмет стандартына    

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15
сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын
басшылыққа ала отырып, коммерциялық емес акционерлік қоғамы
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының №
____ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық
топтамасын ұсынбауыңызға байланысты «Жеке істері бойынша Қазақстан
Республикасына кіруіне шақыруларды ресімдеу» мемлекеттік қызметті
көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атаулары:
1) __________________________________________________________;
2)___________________________________________________________;
3)…..
Осы қолхат 2 данада, әрбір тарапқа бір-біреуден жасалды.

_____________________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)/(Мемлекеттік
корпорация қызметкерінің) (қолы)

Телефон__________________

Алдым: _________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)/көрсетілетін
қызметті алушының қолы

20__ жылғы «___» _________________