Февраль 25, 2017

«Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

«Бизнес және кәсіпкерлік» саласында көрсетілетін қызметтер

«Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 233 бұйрығы)

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді:


            1) Министрліктің кеңсесі;

2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
3) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) Мемлекеттік корпорацияда және Министрлікте:

Үлгілік болып табылмайтын жарғының неізінде қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғалардың, сондай-ақ акционерлік қоғамдардың құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу қажетті құжаттар қоса беріле отырып, өтініш берілген күннен кейінгі он жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

2) Порталда:

заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу өтінішті берген кезден бастап бес жұмыс күнінде көрсетіледі.

 

Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – қызмет беруші) тегін көрсетіледі.

 

Қажетті құжаттар тізбесі

Министрлікке немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі:

  • осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандағы өтініш;
  • заңды тұлғаның мөрімен бекітілген заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкілдік) туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды тұлғаның уәкілетті органының шешімі не шешімінен үзінді-көшірме;
  • заңды тұлғаның мөрімен бекітілген заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкілдік) туралы ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар мәтінінің үш данасы немесе жаңа редакцияда ресімделген заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының, филиал (өкілдік) туралы ереженің үш данасы;
  • заңды тұлғаның бұрынғы құрылтай құжаттарының, филиал (өкілдік) туралы ереженің төлнұсқалары;
  • нақты орналасқан жерін (орналасқан жерін өзгерткен жағдайда) растайтын құжат;
  • хабарламаға:
    заңды тұлға мөрімен бекітілген, құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды тұлғаның уәкiлеттi органының шешімі не шешімінен үзінді көшірме, сондай-ақ заңды тұлғаның мөрімен бекітілген құрылтай құжаттарына енгізілген өзгірістер мен толықтырулардың мәтіні (бар болған жағдайда);

акционерлік қоғам, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғалар үшін нақты орналасқан жерін растайтын құжат ұсынылады.

Мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған құрылтай құжаттары, тігілген және нөмірленген түрде үш данада ұсынылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен куәландырылады.

Порталда:

  • осы стандартқа сәйкес 1 және 2-қосымшаларға нысандағы өтініш;
  • жаңа редакциядағы жарғының (ереженің), жарғыға (ережеге) қосымшасының электрондық қөшермесі;
  • нақты орналасқан жері (орналасқан жері өзгерген жағдайда) расталған құжаттың электрондық көшірмесі.

 

1-қосымша    

«Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын 
заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік  
қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың  
филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге
енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды
мемлекеттік тіркеу» мемлекеттiк    
көрсетілетін қызмет стандартына    
           

________________________
тіркеуші органның атауы

Нысан

Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) құрылтай құжаттарына
енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік (есептік)
тіркеу туралы өтініш

  1. Ұйым нысаны (тиiстi ұяшыққа х түрiнде көрсетiңiз)
    1) заңды тұлға _____________ 2) филиал __________ 3) өкiлдiк ________
    2. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкiлдiктiң) атауы _____________________
    3. Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) ________________________________
    4. Заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды
    енгізудің негіздемесі (тиісті ұяшыққа х түрiнде көрсетіңіз)
    1) мекенжайының өзгеруі _____________________________________________
    2) жарғыны (ережені) жаңа редакцияда бекіту _________________________
    5. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) орналасқан жері
    Пошталық индексі: ______________ Облысы: ____________________________
    Қала, аудан, қаладағы аудан: ________________________________________
    Елді мекен (ауыл, кенті): ___________________________________________
    Көше, шағынаудан, орам, тұйық көше, даңғыл: _________________________
    Үйдің нөмірі _________, пәтер, бөлме: _______________________________
    телефон нөмірі (факс): ______________________________________________
    6. Басшының Т.А.Ә. __________________________________________________
    (жеке куәлігінің және ЖСН деректерін көрсете отырып)
    7. Құрылтайшылардың құрамы және саны (тиісті ұяшыққа х түрiнде
    көрсетіңіз, сандық көрсеткіште):
    1) заңды тұлға _________________ 2) жеке тұлға ______________________
    Заңды тұлғаның атауы ________________________________________________
    (БСН көрсете отырып)
    Жарғылық капиталдың үлесі % ________ Үлес соммасы (мың теңге) _______
    Жеке тұлғаның Т.А.Ә._________________________________________________
    (жеке куәлігінің және ЖСН деректерін көрсете отырып)
    Жарғылық капиталдың үлесі % _________ Үлес соммасы (мың теңге) ______
    Егер құрылтайшылары біреуден көп болса олар жөнінде мәлімет:
    Т.А.Ә. жеке куәлігінің және ЖСН деректерін көрсете отырып (жеке тұлға
    үшін), атауы және БСН (заңды тұлға үшін), сондай-ақ олардың жарғылық
    капиталдағы үлесі пайыздық және ақшалай түрде көрсетіле отырып,
    өтінішке қосымша бөлек парақта қоса беріледі.
    8. Экономикалық қызметтің негізгі түрінің кодын көрсетіңіз: _________
    9. Жарғылық капиталдың мөлшері ______________________________________
    10. Жұмыспен қамтылатын адамдардың күтілетін (шамамен) саны _________
    11. Өзгерістер енгізу негіздемесі қайта ұйымдастыру нәтижесінде
    туындады (тиiстi ұяшыққа х деп көрсетiңiз):
    1) иә ________________________________ 2) жоқ _______________________
    12. Қосылу жағдайында мынадай мәліметтерді көрсету қажет: қосылатын
    заңды тұлғалардың атауы _____________________________________________
    Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН)____________________________________
    13. Жеке кәсіпкерлік субъектісі (тиiстi ұяшыққа х деп көрсетiңiз):
    1) орта кәсіпкерлік субъектісі ______________________________________
    2) ірі кәсіпкерлік субъектісі _______________________________________
    Ақпараттық жүйеде занмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалануға келісемін

20 жылғы «___» ________________

Өтінішке: ___________________________________________________________
______________________________________________________ қоса беріледі.

Өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы


 

2-қосымша        

«Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын 
заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік  
қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың  
филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге
енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды
мемлекеттік тіркеу» мемлекеттiк     
көрсетілетін қызмет стандартына     
________________________
тіркеуші органның атауы

Нысан

Қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік
қоғамның енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік
тіркеу туралы өтініш

  1. Тіркелетін акционерлік қоғамның атауы ____________________________
    _____________________________________________________________________
    2. Құрамына шетел инвесторларының қатысуы (тиiстi ұяшыққа х түрiнде
    көрсетiңiз):
    1) иә _________________________ 2) жоқ ______________________________
    3. Заңды тұлға еншілес ұйым болып табылады (тиiстi ұяшыққа х түрiнде
    көрсетiңiз):
    1) иә _________________________ 2) жоқ ______________________________
    4. Құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізудің негіздемесі (тиiстi
    ұяшыққа х түрiнде көрсетiңiз):
    1) мекенжайының өзгеруі _____________________________________________
    5. Акционерлік қоғамның мекенжайы
    Пошталық индексі: _______________________ Облысы: ___________________
    Қала, аудан, қаладағы аудан: ________________________________________
    Елді мекен (ауыл, кент): ____________________________________________
    Көше, шағынаудан, орам, тұйық көше даңғыл:___________________________
    Үйдің нөмірі ________________, пәтер, бөлме: ________________________
    телефон нөмірі (факс): ______________________________________________
    6. Басшының Т.А.Ә. __________________________________________________
    (жеке куәлігінің және ЖСН деректерін көрсете отырып)
    7. Экономикалық қызметтің негізгі түрінің кодын көрсетіңіз: _________
    8. Жарғылық капиталының мөлшері _____________________________________
    9. Құрылтайшылардың құрамы және саны (тиісті ұяшыққа х түрiнде
    көрсетіңіз,санын цифрлық көрсеткіште):
    1) заңды тұлға ____________________ 2) жеке тұлға ___________________
    10. Артықшылығы бар акция бойынша дивидендтің кепілді мөлшерін
    көрсетіңіз:
    _____________________________________________________________________
    _____________________________________________________________________
    (бекітілген көрсеткіште немесе оның мәні қол жетімді және жүйелі
    болған жағдайда қандай да бір көрсеткішке қатысты индекстелгенін)
    11. Артықшылығы бар акциялар бойынша дивидендтерді төлеу
    мерзімділігін көрсетіңіз: ___________________________________________
    _____________________________________________________________________
    12. Міндетті жариялануға жататын ақпаратты жариялау үшін
    пайдаланатын, уәкілетті орган айқындаған бұқаралық ақпарат құралдарын
    көрсетіңіз: _________________________________________________________
    13. Қоғамның директорлар кеңесі мүшелерінің саны ____________________
    үлгілік жарғының 37-тармағының талаптары қаржылық ұйымдарға
    қолданылады.
    14. Қоғамды басқару мүшелерінің саны ________________________________
    15. Жұмыспен қамтылатын адамдардың күтілетін саны (шамамен) _________
    16. Жеке кәсіпкерлік субъектісі (тиісті ұяшыққа х түрiнде
    көрсетіңіз):
    1) орта кәсіпкерлік субъектісі ______ 2) ірі кәсіпкерлік субъектісі
    _____________________________________________________________________
    17. Заңды тұлғаның құрылуына қайта ұйымдастыру негіз болды (тиісті
    ұяшыққа х түрiнде көрсетіңіз):
    1) қайта құру ____________________ 2) бірігу ________________________
    3) бөлініп шығу _________________ 4) бөліну _________________________
    5) қосылу ___________________________________________________________
    18. Қайта құруға қатысатын заңды тұлғалардың саны ___________________
    19. Қайта құрылған жағдайда мына мәліметтерді көрсету қажет:
    Заңды тұлғаның бұрынғы атауы ________________________________________
    Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) ___________________________________
    20. Біріккен жағдайда мына мәліметтерді көрсету қажет:
    Бірігуге қатысатын заңды тұлғалардың атауы __________________________
    Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) ___________________________________
    21. Бөлініп шығу жағдайында мына мәліметтерді көрсету қажет:
    Жаңа заңды тұлға бөлініп шыққан, жұмыс істеп тұрған заңды тұлғаның
    атауы _______________________________________________________________
    Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) ___________________________________
    22. Бөлінген жағдайда мына мәліметтерді көрсету қажет:
    Заңды тұлғаның негізінде құрылған заңды тұлғалардың атауы
    _____________________________________________________________________
    Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) ___________________________________
    Ақпараттық жүйеде занмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді
    пайдалануға келісемін.

20 жылғы «___» ________________

Өтінішке: ___________________________________________________________
______________________________________________________ қоса беріледі.
Басшының Т.А.Ә. және қолы
Қолдың дұрыстығы нотариалдық тәртіпте куәландырылуға тиіс.