Февраль 22, 2017

Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

«Бизнес және кәсіпкерлік» саласында көрсетілетін қызметтер

«Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 233 бұйрығы)

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді:


            1) Министрліктің кеңсесі;

2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
3) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) Мемлекеттік корпорацияда және Министрлікте – жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру қосымша қажетті құжаттар қоса беріле отырып, өтініш берілген күннен кейінгі үш жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Мемлекеттік корпорацияға жүгіну кезінде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

2) порталда – үш жұмыс күні ішінде.

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

Мемлекеттік корпорацияда және Министрлікте мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі- өтініш);

жарғының (ереженiң) телнұсқасын алу туралы заңды тұлғаның уәкiлеттi органының заңды тұлға мөрiмен (бар болған кезде) бекітілген шешiмi не шешімінен үзiндi көшірме;

жарғы (ереже) телнұсқасының жоғалғаны туралы ақпараттың мерзiмдi баспасөз басылымында жарияланғанын растайтын құжат.

Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беруді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері жеке басын куәландыратын қүәлікті (не сенімхатты) көрсеткен кезде жүзеге асырады.

Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақталуды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай ішінде жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша бір жұмыс күн ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

 Порталда:
1) өтініш;

2) жарғының (ереженiң) телнұсқасын алу туралы заңды тұлғаның уәкiлеттi органының заңды тұлға мөрiмен (бар болған кезде) бекітілген шешiмiнің электронды көшірмесі не шешімінен үзiндi көшірме;

3) заңды тұлғаның құрылтай құжаттырында көзделген мерзімді баспасөз басылымында жарияланғанын растайтын, жарғы (ереже) телнұсқасының жоғалғаны туралы ақпарат көрсетілген электронды көшірмесі.

Порталға жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» электрондық цифрлік қолмен куәландырылған электрондық құжат нысанында, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алудың күні мен уақыты көрсетіле отырып, сұрау салуды қабылдау туралы хабарлама жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті берушіге Қазақстан Республикасының зандарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпиясы бар мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.

Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.


 

1-қосымша   

«Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын  
заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік    
қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері 
жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
____________________________
тіркеу органының атауы

Нысан

Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғалардың,
сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен
өкілдіктерін жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру туралы
өтiнiш

  1. Ұйым нысаны (тиiстi ұяшықта х түрiнде көрсетiңiз)
    1) заңды тұлға _____________________ 2) филиал ______________________
    3) өкiлдiк __________________________________________________________
    2. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкiлдiктiң) атауы _____________________
    _____________________________________________________________________
    3. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкiлдiктiң) БСН нөмiрi ________________
    4. Заңды тұлғаның (филиалдың және өкілдіктің) құрылтай құжаттарының
    телнұсқасын беру үшiн негiз _________________________________________
    _____________________________________________________________________
    5. Телнұсқаны алуға арналған үшін шешімнің нөмірі және оны қабылдау
    күні: _______________________________________________________________
    6. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаның,
    сондай-ақ акционерлік қоғамдардың филиалдары мен өкілдіктері
    жарғысының (ережесінің) төлнұсқасының жоғалғандығы туралы
    хабарландыру жарияланған баспа органының атауы, нөмірі мен
    жарияланған күні ____________________________________________________
    _____________________________________________________________________
    _____________________________________________________________________
    Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә. және қолы М.О.

20__ жылғы «___» ___________

Өтiнiшке: ___________________________________________________________
_______________________________________________________ қоса берiледі