Февраль 25, 2017

«Жеке және заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

«Құжаттандыру» саласында көрсетілетін қызметтер

«Жеке және заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 395 бұйрығы.)

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді:

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлік және оның аумақтық бөлімшелері(бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде жүзеге асырылады.

 Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:
жүгіну кезінде оны қарау үшін өзге субъектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу немесе жергілікті жерге шыға отырып, тексеру қажет болмаса – күнтізбелік он бес күн;
жүгіну кезінде оны қарау үшін өзге субъектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу немесе жергілікті жерге шыға отырып, тексеру қажет болса – күнтізбелік отыз күн.
Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайларла қарау мерзімі кемінде күнтізбелік отыз күнге ұзартылады, ол туралы қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыға қолма-қол, почта байланысы немесе портал арқылы хабарланады.
Егер өтініште баяндалған мәселелерді шешу қосымша мерзімді қажет етсе, онда өтініш әбден орындалғанға дейін қосымша бақылауға қойылады, ол туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыға қолма-қол, почта байланысы немесе портал арқылы хабарланады.

Мемлекетік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі.
            Мемлекеттік қызмет көрсетілгені үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 540-бабына сәйкес мемлекеттік баж алынады, ол:
заңды тұлғаларға комиссиялық сатуға жолдама берілгені үшін мемлекеттік бажды төлегенкүніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жүз пайызын;
жеке тұлғаларға комиссиялық сатуға жолдама берілгені үшін мемлекеттік бажды төлеген күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштің елу пайызын құрайды.

Қажетті құжаттар тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге:
азаматтық және қызметтік қаруды комиссиялық сатуға жолдама алу үшін:
жеке тұлғаның азаматтық қаруды комиссиялық сатуға жолдама алу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініші және заңды тұлғаның қызметтік қаруды комиссиялық сатуға жолдама алу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініші;
мемлекеттік баждың төленгені туралы төлем құжаты;
жолдама алу кезінде көрсетілетін қызметті алушы азаматтық және қызметтік қаруды сақтау мен алып жүруге берілген рұқсаттың түпнұсқасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады.

1-қосымша   

«Азаматтық және қызметтік қару 
мен оның патрондарын комиссиялық
сатуға жолдама беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына

Жеке тұлғаның азаматтық қаруды комиссиялық сатуға жолдаманы
алуға өтініші

_____________________________________________________________________
(көрсетілетін кызметті берушінің толық атауы)
Азамат ______________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда),
_____________________________________________________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі)

Азаматтық қаруды комиссиялық сатуға жолдама беруіңізді сұраймын
_____________________________________________________________________
(қарудың саны, нөмірі, типі, түрі, моделі көрсетіледі)

Осыған байланысты____________________________________________________
(қаруды қажетті сатудың себебін көрсету)

Жеке тұлғаның мекенжайы______________________________________________
Электрондық почтасы _________________________________________________
Телефоны ____________________________________________________________
Факс ________________________________________________________________
____________ парақ қоса беріледі.

Осы арқылы:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатыны
және оларға жолдама алуға немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша
кез келген ақпаратты жіберуге болатыны расталады.

Жеке тұлға ___________   ____________________________________________
(қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Толтырылған күні: 20 жылғы «   »

2-қосымша        

«Азаматтық және қызметтік қару 
мен оның патрондарын комиссиялық
сатуға жолдама беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына

Заңды тұлғаның азаматтық қаруды комиссиялық сатуға жолдаманы
алуға өтініші

_____________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы, (бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
_____________________________________________________________________
(қарудың саны, нөмірі, типі, түрі, моделі)

қызметтік қаруды комиссиялық сатуға жолдама беруіңізді сұраймын.
Осыған байланысты____________________________________________________
(қаруды қажетті сатудың себебін көрсету)
Электрондық почтасы _________________________________________________
Телефоны ____________________________________________________________
Факс ________________________________________________________________
Қызметтің жүзеге асырылатын мекенжайы _______________________________
(почталық индексі, облыс, қала, аудан,
_____________________________________________________________________
елді мекен, көше атауы, үй/ғимарат(стационарлық үй-жайдың) нөмірі)