Февраль 25, 2017

«Жеке және заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

«Құжаттандыру» саласында көрсетілетін қызметтер

«Жеке және заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 395 бұйрығы.)

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді:

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлік және оның аумақтық бөлімшелері(бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңесі;
2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

 Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушігеқұжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ Порталға жүгінген сәтінен бастап:
жүгіну кезінде оны қарау үшін өзге субъектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу немесе жергілікті жерге шыға отырып, тексеру қажет болмаса – күнтізбелік он бес күн;
жүгіну кезінде оны қарау үшін өзге субъектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу немесе жергілікті жерге шыға отырып, тексеру қажет болса – күнтізбелік отыз күн.
Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайларла қарау мерзімі кемінде күнтізбелік отыз күнге ұзартылады, ол туралы қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыға қолма-қол, почта байланысы немесе портал арқылы хабарланады.
Егер өтініште баяндалған мәселелерді шешу қосымша мерзімді қажет етсе, онда өтініш әбден орындалғанға дейін қосымша бақылауға қойылады, ол туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыға қолма-қол, почта байланысы немесе портал арқылы хабарланады.

 

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі.
Мемлекетік қызмет көрсеткені үшін 2008 жылдың 10 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасының «Салық және өзге бюджеттік міндетті төлемдер туралы» кодексінің 540-бабына сәйкес мемлекеттік баж алынады, ол:
заңды тұлғаларға азаматтық және/немесе қызметтік қару мен оның патрондарын сақтау немесе сақтау мен алып жүру құқығына рұқсатберу үшін мемлекеттік бажды төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жүз пайызын;
заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын тасымалдауға рұқсат беру үшін мемлекеттік бажды төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі жүз пайызын;
жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын сатып алуға рұқсат беру үшін мемлекеттік бажды төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштің елу пайызын;
жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын сақтау немесе сақтау мен алып жүруқұқығына рұқсат беруүшін мемлекеттік бажды төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштің елу пайызын;
жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын тасымалдауға рұқсат беруүшін мемлекеттік бажды төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он пайызын;
жеке және заңды тұлғаларға азаматтық, қызметтік қарудың әрбір бірлігін тіркеу және қайта тіркеу үшін мемлекеттік бажды төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он пайызын құрайды.

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге:
жеке тұлғаның азаматтық қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсат алу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініші немесе заңды тұлғаның азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсат алу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініші;
Қазақстан Республикасының азматтығын растайтын құжаттың көшірмесі (Қазақстан Республикасының азаматтары үшін);
денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген қаруды иемденуге қарсы көрсепелердің жоқтығы туралы медициналық қорытынды (Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілерін, арнаулы атақтары бар арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қоспағанда);
қаруды ұстаудың қауіпсіздік ережелерін білуін тексеру туралы анықтама;
мемлекеттік баждың төленгені туралы төлем құжат.
Қосымша:
азаматтық қаруды сатып алуға рұқсат алу үшін:
аңшылық куәлік (аң аулау құқығына мемлекеттiк баждың төленгенi туралы белгiсi бар);
туристiк жолдамалар, жеке және қызметтiк iстерi бойынша Қазақстан Республикасына келген және Қазақстан Республикасының аумағында тұру үшiн iшкi iстер органдарында тiркелген шетелдіктерге өздерi сол елдердiң азаматтары болып табылатын мемлекеттердiң дипломатиялық өкiлдiктерінің өтiнiштерi, сатып алған күннен бастап 7 (жетi) күн iшiнде Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкететiн жағдайда;
кемінде бір жыл мерзімге Қазақстан Республикасының аумағында тұру үшiн iшкi iстер органдарында тiркелген шетелдіктерге өздерi сол елдердiң азаматтары болып табылатын мемлекеттердiң дипломатиялық өкiлдiктерінің өтiнiштерi (тегіс ұзын ұңғылыны қоспағанда, өзін-өзі қорғау азаматтық қаруын сатып алуға рұқсат алу үшін);
азаматтық қаруды сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге рұқсат алу үшін:
сатып алынған ойық ұңғылы аңшылық атыс қаруының оқтары мен гильзаларының бақылау атылуы туралы акті;
кемінде бір жыл мерзімге Қазақстан Республикасының аумағында тұру үшiн iшкi iстер органдарында тiркелген шетелдіктерге өздерi сол елдердiң азаматтары болып табылатын мемлекеттердiң дипломатиялық өкiлдiктерінің өтiнiштерi (тегіс ұзын ұңғылыны қоспағанда, өзін-өзі қорғау азаматтық қаруын сатып алуға рұқсат алу үшін);
қызметтік қаруды сақтауға рұқсат алу үшін:
сыртқы бетінде қару саудасы бойынша мамандандырылған дүкеннің: қару маркасы, моделі, сериясы, нөмірі, калибрі және шығарылған жылының белгісі бар, сондай-ақ мөрмен мөрленген және жауапты қызметкердің қолымен куәландырылған қызметтік қаруды сатып алуға берілген лицензияның телнұсқасы:
сақтауға немесе ішкі істер органдарының талаптарына сәйкес келетін үй-жайды жалға алуға арналған шарттың көшірмесі;
заңды тұлғаның қызметтік қаруды сақтау мен алып жүруге рұқсат алу үшін:
заңды тұлға қызметкерлерінің кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парағының (сауалнама) көшірмесі;
күзетшілерді даярлау (біліктілігін арттыру) жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтары берген күзетші ретінде жұмыс істеу үшін даярлықтан өткенін растайтын куәлік (күзеті қызметі субъектілері үшін);
азаматтық және қызметтік қаруды тасымалдауға рұқсат алу үшін:
меншік құқығындағы немесе аумақтық көліктік бақылау органы берген қауіпті жүкті тасымалдауды жүзеге асыруға арнайы рұқсаты бар жабық автомашинаны жалға алу құқығын растайтын құжаттың көшірмесі (автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде);
жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органмен келісілген қозғалыс бағыты (автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде);
жарыстар немес жиындар өткізу орны бойынша арнайы жабдықталған үй-жайдың болуын растайтын құжаттың көшірмесі (автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде);
күзет қызметін көрсету жөніндегі шарттың көшірмесі;
азаматтық қаруды тасымалдауға рұқсат алу үшін (азаматтық қаруды үшінші тұлға тасымалдаған кезде):
қару иесінің үшінші тұлғаға қаруды тасымалдау құқығына берген нотариалды куәландырылған сенімхаты;
үшінші тұлғаның (көрсетілетін қызметті алушының)қаруды иемдену құқығын растайтын құжат;
2) порталда:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген, қаруды иемденуге қарсы көрсетпелердің жоқтығы туралы медициналық қорытындының электрондық көшірмесі (Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілерін, арнаулы атақтары бар арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қоспағанда);
қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білетіндігін тексеру туралы анықтаманың электрондық көшірмесі;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік баждың төленгені туралы төлем құжатының электрондық көшірмесі.
Қосымша:
азаматтық қаруды сатып алуға рұқсат алу үшін:
аңшы куәлігінің электрондық көшірмесі (аң аулау құқығына мемлекеттік баждың төленгені туралы белгісі бар);
туристiк жолдамалар, жеке және қызметтiк iстерi бойынша Қазақстан Республикасына келген және Қазақстан Республикасының аумағында тұру үшiн iшкi iстер органдарында тiркелген шетелдіктерге өздерi сол елдердiң азаматтары болып табылатын мемлекеттердiң дипломатиялық өкiлдiктерінің өтiнiштерi, сатып алған күннен бастап 7 (жетi) күн iшiнде Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкететiн жағдайда;
кемінде бір жыл мерзімге Қазақстан Республикасының аумағында тұру үшiн iшкi iстер органдарында тiркелген шетелдіктерге өздерi сол елдердiң азаматтары болып табылатын мемлекеттердiң дипломатиялық өкiлдiктерінің өтiнiштерi (тегіс ұзын ұңғылыны қоспағанда, өзін-өзі қорғау азаматтық қаруын сатып алуға рұқсат алу үшін);
азаматтық қаруды сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге рұқсат алу үшін:
ойық ұңғылы аңшылық атыс қаруды дүкенде алғашқы сатып алу кезінде және кейіннен әрбір 5 жыл сайын оны қайта тіркеу кезінде сатып алынған ойық ұңғылы аңшылық атыс қаруының оқтары мен гильзаларының бақылау атылуы туралы актінің электрондық көшірмесі;
кемінде бір жыл мерзімге Қазақстан Республикасының аумағында тұру үшiнiшкi iстер органдарында тiркелген шетелдіктерге өздерi сол елдердiң азаматтары болып табылатын мемлекеттердiң дипломатиялық өкiлдiктерінің өтiнiштерi (тегіс ұзын ұңғылыны қоспағанда, өзін-өзі қорғау азаматтық қаруын сатып алуға рұқсат алу үшін);
қызметтік қаруды сақтауға рұқсат алу үшін:
сақтауға немесе ішкі істер органдарының талаптарына сәйкес келетін үй-жайды жалға алуға арналған шарттың электрондық көшірмесі;
заңды тұлға қызметкерлерінің қызметтік қаруды сақтау мен алып жүруге рұқсат алуы үшін:
заңды тұлға қызметкерлерінің кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парағының (сауалнама) электрондық көшірмесі;
күзетшілерді даярлау (біліктілігін арттыру) жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтары берген күзетші ретінде жұмыс істеу үшін даярлықтан өткенін растайтын куәліктің электрондық көшірмесі (күзеті қызметі субъектілері үшін);
азаматтық және қызметтік қаруды тасымалдауға рұқсат алу үшін:
меншік құқығындағы немесе аумақтық көліктік бақылау органы берген қауіпті жүкті тасымалдауды жүзеге асыруға арнайы рұқсаты бар жабық автомашинаны жалға алу құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде);
жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органмен келісілген қозғалыс бағытының электрондық көшірмесі (автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде);
жарыстар немес жиындар өткізу орны бойынша арнайы жабдықталған үй-жайдың болуын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде);
күзет қызметін көрсету жөніндегі шарттың электрондық көшірмесі;
азаматтық қаруды тасымалдауға рұқсат алу үшін (азаматтық қаруды үшінші тұлға тасымалдаған кезде):
қару иесінің үшінші тұлғаға қаруды тасымалдау құқығына берген нотариалды куәландырылған сенімхатының электрондық көшірмесі;
үшінші тұлғаның (көрсетілетін қызметті алушының) қаруды иемдену құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға рұқсатқа мәліметтер нысаны.
Көрсетілетін қызметті беруші жеке басын куәландыратын құжаттар, ішкі істер органдарының талаптарына сәйкес келетін қызметтік қаруды сақтауға арналған арнайы жабдықталған үй-жайдың меншік құқығын растайтын, ішкі істер органдары берген қаруды сақтау мен алып жүруге рұқсаттар, осы тұлғаның аңшылық тегіс ұңғылы қаруды кемінде үш жыл заңды иеленгені туралы мәліметтерді «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Сыртқы бетінде қару саудасы бойынша мамандандырылған дүкеннің: қару маркасы, моделі, сериясы, нөмірі, калибрі және шығарылған жылының белгісі бар, сондай-ақ мөрмен мөрленген және жауапты қызметкердің қолымен куәландырылған қаруды сатып алуға берілген рұқсаттың телнұсқасы, өлшемі 3х4 см екі фотосуретті және техникалық бақылау үшін қаруды (азаматтық қаруды сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсат алу үшін), сыртқы бетінде қару саудасы бойынша мамандандырылған дүкеннің: қару маркасы, моделі, сериясы, нөмірі, калибрі және шығарылған жылының белгісі бар, сондай-ақ мөрмен мөрленген және жауапты қызметкердің қолымен куәландырылған қаруды сатып алуға берілген лицензияның телнұсқасы (қызметтік қаруды сақтауға рұқсат алу үшін), заңды тұлға қызметкерлерінің өлшемі 3х4 см екі фотосуретін (заңды тұлға қызметкерлерінің қызметтік қаруды сақтау мен алып жүруге рұқсат алуы үшін) көрсетілетін қызметті берушіге қолма-қол ұсынады.


 

1-қосымша     

«Жеке және заңды тұлғаларға азаматтық
қару мен оның патрондарын сатып алуға,
сақтауға, сақтау мен алып жүруге,  
тасымалдауға рұқсат беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына   
        

Жеке тұлғаның азаматтық қару мен оның патрондарын сатып алуға,
сақтауға, сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға рұқсат алуға
өтініші

_____________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)
Кімнен_______________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда),
жеке сәйкестендіру нөмірі)
_____________________________________________________________________
(қарудың түрі, типі, нөмірі және саны көрсетіледі)
__________________________________________________________ байланысты
(қажеттілігі себебін көрсету)
Азаматтық қаруды сатып алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсат
беруіңізді (керегінің асты сызылады)
_____________________________________________________________________

Жеке тұлғаның тұрғылықты мекенжайы, қаруды сақтауға жағдайдың
бар-жоғы ____________________________________________________________
(пошталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы,
үйдің/ғимараттың нөмірі, қаруды сақтауға арналған сейфтің бар-жоғы)
__________________________ дан ________________________________ дейін
(қаруды тасымалдау кезінде қаруды жөнелту және жеткізу пунктін
көрсету)
Электрондық почтасы _________________________________________________
Телефоны ____________________________________________________________
Факс ________________________________________________________________
_________________ парақ қоса беріледі.

Осы арқылы:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатыны
және оларға қорытынды беру немесе беруден бас тарту мәселелері
бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны расталады.

Жеке тұлға ___________     __________________________________________
(қолы)       (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

Толтырған күні: 20__жылғы «  »____________


 

2-қосымша             

«Жеке және заңды тұлғаларға азаматтық
қару мен оның патрондарын сатып алуға,
сақтауға, сақтау мен алып жүруге,  
тасымалдауға рұқсат беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына   

Заңды тұлғаның азаматтық және қызметтік қару мен оның
патрондарын сақтауға, сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға
рұқсат алуға өтініші

_____________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)
Кімнен ______________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі)
__________________________________________________________ байланысты
(рұқсат алу себебін көрсету)

Қызметтік қаруды сатып алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсат
беруіңізді сұраймын
_____________________________________________________________________
(қарудың түрін, типін, моделін, нөмірін және санын көрсету, керегінін
астын сызу)
____________________________-дан ______________________________ дейін
(қаруды тасымалдау кезінде қаруды жөнелту және жеткізу пунктін
көрсету)
Заңды тұлғаның мекенжайы ____________________________________________
(пошталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен,
_____________________________________________________________________
көше атауы, үйдің/ғимараттың нөмірі, қаруды сақтауға арналған сейфтің
бар-жоғы)
_____________________________________________________________________
Электрондық поштасы _________________________________________________
Телефоны ____________________________________________________________
Факс ________________________________________________________________
Қызметті жүзеге асыру мекенжайы _____________________________________
(пошталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен,
_____________________________________________________________________
көше атауы, үйдің/ғимараттың нөмірі, қаруды сақтауға арналған
сейфтің бар-жоғы)
____________ парақ қоса беріледі.

Осы арқылы:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатыны
және оларға рұқсат беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша
кез келген ақпаратты жіберуге болатыны расталады.

Жеке тұлға ___________     __________________________________________
(қолы)       (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

Толтырған күні: 20__жылғы «  »____________


 

3-қосымша          

«Жеке және заңды тұлғаларға азаматтық
қару мен оның патрондарын сатып алуға,
сақтауға, сақтау мен алып жүруге,  
тасымалдауға рұқсат беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына

Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып
алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға рұқсатқа
мәліметтер нысаны

Жалпы ақпарат

  1. Көрсетілетін қызметті алушы_______________________________________
    (заңды және жеке тұлға)
    2. ЖСН/БСН___________________________________________________________
    3. ЗТ/ЖТ/ЖК атауы ___________________________________________________
    _____________________________________________________________________
    4. Лицензиялау-рұқсат беру жүйесінің объектісін тексеру актісінің
    нөмірі ______________________________________________________________
    Тексеру аяқталған күн _______________________________________________
    Тексеру қорытындысы бойынша қабылданған шешім _______________________
    5. Объектінің (үй-жайдың) кадастрлық нөмірі _________________________
    Есептік құжаттама____________________________________________________
    6. Қаруды қабылдау тапсыруды есепке алу жураналын бастаған күн ______
    _____________________________________________________________________
    (лицензиялық-рұқсат беру жүйесінің мөрі басылған)
    Журналдың түгендеу нөмірі ___________________________________________
    7. Қаруды сақтауға, тасымалдауға, бекітуге жауапты адамды тағайындау
    туралы бұйрықтың нөмірі, күні _______________________________________
    (керегінің астын сызу)
    8. Кәсіпорындарда, мекемелер мен оқу орындарында қару мен оның
    патрондарын есепке алу журналын бастаған күн ________________________
    (лицензиялық-рұқсат беру жүйесінің мөрі басылған)
    Журналдың түгендеу нөмірі ___________________________________________
    9. Қызмет түріне арналған лицензияның нөмірі, берілген күні, оны
    берген органның атауы _______________________________________________

Заңды және жеке тұлғаның қызметкері туралы мәліметтер _______________
Өтінішті қабылдаған лауазымды адамның жауапкершілігі_________________
Өтініш берген күн____________________________________________  ______
(лауазымды адамның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)  (қолы)