Февраль 25, 2017

«Жекеше нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты, кәсіби медиаторды тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

«Жекеше нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты, кәсіби
медиаторды тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №284 бұйрығы)

 

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарындағы аумақтық органдарының ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтары арқылы;

2) “Азаматтарға арналған үкімет” Мемлекеттік корпорация” коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;

3) “электрондық үкімет” веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырады.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті алушыны есепке қою Қазақстан Республикасының азаматын жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебіне қою – құжаттарды портал арқылы берген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді;

2) жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың орналасқан орны туралы мәліметтерді өзгерту – құжаттарды портал арқылы берген күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

3) орындалмаған салық міндеттемелерінің болмауы шартымен көрсетілетін қызметті алушыны жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінен шығару – құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорациясына берген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей;

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (түпнұсқа көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіру үшін);

порталға:

жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебіне қою және тіркеу деректерін өзгерту үшін:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы салықтық өтінішін;

көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға:

орналасқан орны бойынша тіркеу есебінен шығару үшін жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор қызметін тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай ішінде бір мезгілде:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес салықтық өтінішті;

жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (түпнұсқа көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіру үшін);

тарату салық есептілігін табыс етеді.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда құжаттардың қабылданғаны туралы белгімен, қабылдау күні және уақыты көрсетілген талон беріледі.

Мемлекеттік корпорациянда дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжатты (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің) көрсеткен кезде тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Мемлекеттік корпорация арқылы алған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік корпорация ұсынған нысан бойынша ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін береді.


 

1-қосымша

“Жекеше нотариус, жеке сот
орындаушысы, адвокат, кәсіби
медиатор ретінде тіркеу есебі”
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына