Февраль 25, 2017

Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебі

“Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебі” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №284 бұйрығы)

 

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарындағы аумақтық органдарының ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтары арқылы;

2) “Азаматтарға арналған үкімет” Мемлекеттік корпорация” коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;

3) “электрондық үкімет” веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырады.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті алушыны жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою – жекелеген қызмет түрлері бойынша тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш (бұдан әрі – салықтық өтініш) және құжаттар берілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

2) жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушінің тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу – салықтық өтінішті және құжаттарды алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

3) көрсетілетін қызметті алушыны жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінен алу – жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру тоқтатылған немесе салық салу объектілерінің және (немесе) тіркеу деректерінде көрсетілген салық салумен байланысты объектілердің жалпы санын есепке ала отырып алынған күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылатын салықтық өтініштің негізінде.

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді;

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға:

1) жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою немесе тіркеу есебінен шығару үшін немесе тіркеу деректерінде көрсетілген салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтер өзгерген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1, 2, 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша салықтық өтініш;

2) мынадай:

бензинді (авиациялықтан басқа), дизель отынын өндіру бойынша қызметті жүзеге асырған кезінде – меншiк құқығын немесе мұнай өнiмдерiн өндiрушiнiң өндiрiстік объектiсiн жалға алуды растайтын құжаттардың;

бензинді (авиациялықтан басқа), дизель отынын көтерме және (немесе) бөлшек сату бойынша қызметті жүзеге асырған кезінде – меншiк құқығын немесе мұнай өнiмдерi базасын (резервуарды), жанармай құю станциясын жалға алу құқығын растайтын құжаттардың немесе жанармай құю станциясын иеленушімен жасалған тапсырма шартына сәйкес жанармай құю станциясын иеленуші (сенім білдірілген адам) тапсырма шарты бойынша бензинді (авиациялық бензиннен басқа) және (немесе) дизель отынын бөлшек сауда арқылы өткізуді оның атынан немесе өтініш берушінің (сенім білдіруші) тапсырмасы бойынша жүзеге асыратын шарттың не мұнай берушінің мұнай өнiмдерiн өндiрушiмен жасалған мұнайды қайта өңдеу шартының;

темекі өнімдерін көтерме сату бойынша қызметті жүзеге асырған кезінде – меншiк құқығын немесе қойма үй-жайын жалға алуды растайтын құжаттардың көшермесі ұсынылады.

Көрсетілген құжаттар бензинді (авиациялықтан басқа), дизель отынын өндіру, бензинді (авиациялықтан басқа), дизель отынын көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу, темекі бұйымдарын көтерме сауда бойынша жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою үшін, сондай-ақ бензинді (авиациялықтан басқа), дизель отынын өндіру, бензинді (авиациялықтан басқа), дизель отынын көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу, темекі бұйымдарын көтерме сауда бойынша жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтер өзгерген кезде ұсынылады.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде құжаттар топтамасының қабылданғаны туралы белгімен, құжаттар топтамасын қабылдау күні және уақыты көрсетілген талонды алады.

Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.

Почта арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші почта хабарламасына белгі қояды.

Мемлекеттік корпорациясында дайын құжаттардың берілуі тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде жүзеге асырылады.

Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация құжаттардың көшірмесін түпнұсқамен салыстырып тексереді, содан кейін осы құжатты көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті Мемлекеттік корпорациясы арқылы алған жағдайда ақпараттық жүйелерде бар, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін Мемлекеттік корпорациясы ұсынған нысан бойынша береді.

порталға:

1) электрондық құжат нысанындағы салықтық өтініш:

2) мынадай:

бензинді (авиациялықтан басқа), дизель отынын өндіру бойынша қызметті жүзеге асырған кезінде – мұнай өнімдерін өндiрушiнiң өндірістік объектісін жалға алу құқығын растайтын;

бензинді (авиациялықтан басқа), дизель отынын көтерме және (немесе) бөлшек сату бойынша қызметті жүзеге асырған кезінде – мұнай өнiмдерi базасын (резервуарды), жанармай құю станциясын жалға алу құқығын растайтын құжаттардың немесе жанармай құю станциясын иеленушімен жасалған тапсырма шартына сәйкес жанармай құю станциясын иеленуші (сенім білдірілген адам) тапсырма шарты бойынша бензинді (авиациялық бензиннен басқа) және (немесе) дизель отынын бөлшек сауда арқылы өткізуді оның атынан немесе өтініш берушінің (сенім білдіруші) тапсырмасы бойынша жүзеге асыратын шарттың не мұнай берушінің мұнай өнiмдерiн өндiрушiмен жасалған мұнайды қайта өңдеу шартының;

темекі өнімдерін көтерме сату бойынша қызметті жүзеге асырған кезінде – қойма үй-жайын жалға алу құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшермесі ұсынылады.

Көрсетілген құжаттар бензинді (авиациялықтан басқа), дизель отынын өндіру, бензинді (авиациялықтан басқа), дизель отынын көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу, темекі бұйымдарын көтерме сауда бойынша жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою үшін, сондай-ақ бензинді (авиациялықтан басқа), дизель отынын өндіру, бензинді (авиациялықтан басқа), дизель отынын көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу, темекі бұйымдарын көтерме сауда бойынша жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтер өзгерген кезде ұсынылады.

Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті алу үшін жолданған сұрау салудың қабылданғаны туралы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алған күні және уақыты көрсетілген мәлімет жолданады.

Меншік құқығын растайтын, жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлға ретінде тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші “электрондық үкімет” шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.


 

1-қосымша

 

“Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге

асыратын салық төлеушіні тіркеу есебі”

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

 

 


 

2-қосымша

“Жекелеген қызмет түрлерін

жүзеге асыратын салық

төлеушіні тіркеу есебі”

мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына

 

 

 

 

 

 


 

3-қосымша

“Жекелеген қызмет түрлерін

жүзеге асыратын салық

төлеушіні тіркеу есебі”

мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына


 

4-қосымша

“Жекелеген қызмет түрлерін

жүзеге асыратын салық

төлеушіні тіркеу есебі”

мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына

 

 

 
Ескерту. 3-қосымша алып тасталды – ҚР Қаржы министрінің 27.07.2016 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.


5-қосымша

“Жекелеген қызмет түрлерін

жүзеге асыратын салық

төлеушіні тіркеу есебі”

мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына

 

 

 


6-қосымша

“Жекелеген қызмет түрлерін

жүзеге асыратын салық

төлеушіні тіркеу есебі”

мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына