2018 жылдың 9 қаңтар күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің (әрі қарай – Департамент) бас маманы А.Қапалбаева облыстық еңбек инспециясы жөніндегі басқармасының ұжымымен кездесті.
Кездесудің негізгі мақсаты – мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.
А.Қапалбаева «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы, соның ішінде бесінші басымдыққа кеңінен тоқталды.
Кездесу барысында қатысушыларға тақырыптық бейнероликтер көрсетіліп, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.