ЖАС КЕДЕНШІЛЕР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ТҰТЫНУШЫҒА БАҒДАРЛАЙДЫ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өңірлік департаментінің қызметкерлері  «Отырар» кітапханасы ғимаратында жас кеден қызметшілері үшін «Тұтынушыға қызметті бағдарлау» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырды.

Семинар-тренинг барысында жас тыңдаушыларға еліміздің электрондық үкіметті жандандыру саясаты мен адами капитал идеологиясына қатысты   мәселелермен қатар, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда өркениетті мемлекеттердің тәжірибесімен бөлісті.

Іс-шарада ұлттық философия мен психологияға қатысты рухани құндылықтар туралы мәселелер де тыс қалмады.

Семинар-тренингті жүргізген Департаменттің бас маманы                                Г. Мұсабекова өз сөзін «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру үшін әрбір қызмет көрсетуші болашақ үшін жауапты екендігін және оның жұмыс атқарудағы кәсібилігі халықтың ол жұмыс істейтін мекемеге және бүкіл мемлекеттік билікке берер бағасына айналатындығын ұмытпауы тиіс» – деп бастай келе, қызмет алушы мен қызмет беруші арасында болатын түрлі жағдаяттарда әдеп сақтай отырып, тығырықтан шығу жолдарына тоқталды.

Іс-шара соңында тыңдаушылар тарапынан мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты мен регламенттеріне қатысты сұрақтар да қойылып, жан-жақты талқыланды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *