Февраль 25, 2017

Жарылғыш материалдарды сақтауға рұқсат беру

«Құжаттандыру» саласында көрсетілетін қызметтер

«Жарылғыш материалдарды сақтауға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 395 бұйрығы.)

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді:

Мемлекеттік қызметті Министрлік және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) электрондық үкіметтің веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

 Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ Порталға жүгінген сәттен бастап:
жүгіну кезінде оны қарау үшін өзге субъектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу немесе жергілікті жерге шыға отырып, тексеру қажет болмаса – күнтізбелік он бес күн;
жүгіну кезінде оны қарау үшін өзге субъектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу немесе жергілікті жерге шыға отырып, тексеру қажет болса – күнтізбелік отыз күн.
Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайларла қарау мерзімі кемінде күнтізбелік отыз күнге ұзартылады, ол туралы қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыға қолма-қол, почта байланысы немесе портал арқылы хабарланады.

 

Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз негізде көрсетіледі.

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге:
ұйым басшысының өтініші, онда сақтауға жататын жарылғыш материалдың атауы, саны (салмағы, өлшемі), жарылғыш материалдарды сақтау орнының типі мен мақсаты, оның орналасқан орны, жарылғыш материалдарды сақтауға жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы, жеке куәлігінің немесе паспортының сериясы және нөмірі көрсетіледі;
аумақтық ішкі істер органдарымен келісілген адамдарға жарылғыш материалдармен жұмыс істеуге берілген рұқсатының көшірмесі;
жарылғыш материалдар қоймасы паспортының және жарылғыш материалдарды сақтау орындарын пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесі;
2) порталда:
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу, онда сақтауға жататын жарылғыш материалдың атауы, саны (салмағы, өлшемі), жарылғыш материалдарды сақтау орнының типі мен мақсаты, оның орналасқан орны, жарылғыш материалдарды сақтауға жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы, жеке куәлігінің немесе паспортының сериясы және нөмірі көрсетіледі;
аумақтық ішкі істер органдарымен келісілген адамдарға жарылғыш материалдармен жұмыс істеуге берілген рұқсатының электрондық көшірмесі;