Февраль 21, 2017

Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру

  • «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 18-03/390 бұйрығы)

 

 

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру

екі және одан көп облыстың аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшін аулауды қоспағанда облыстардың жергілікті атқарушы          органдары;
екі және одан көп облыстың аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттемелік аулау мақсатында Министрліктің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушілер) көрсетеді.

1)        көрсетілетін қызметті берушілердің кеңсесі;
2) www.e.gov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 5 (бес) жұмыс күні;

 

Қажетті құажаттар тізбесі:

көрсетілетін қызметті        берушіге:
мынадай:
жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру кезінде (кәсіпшілік балық аулауға, ғылыми-зерттеулік аулауға, эксперименталдық аулауға, мелиоративтік аулауға, өсімін молайту мақсатында аулауға, әуесқойлық (спорттық) аулауға) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;
жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру кезінде (аң аулауға, жануарларды ғылыми мақсаттарда пайдалануға, мәдени-ағарту, тәрбиелік және эстетикалық мақсаттарда пайдалануға, жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалануға) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;
жеке басын куәландыратын құжат, ал өкіл – қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжат және жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы туралы төлем құжатының көшірмесі.
Қосымша пайдалану түріне байланысты, өтінімге мына құжаттар қосымша тіркеледі:
1) аң аулауға (алғашқы рет жүгінген кезде):
жануарлар дүниесінің объектілерін алу шетелдіктердің қатысуымен жүргізілген жағдайда – аңшылық шаруашылығы субъектісінің аң аулауды ұйымдастыруға шетелдіктермен жасаған шарттың көшірмесі;
2)        ғылыми-зерттемелік аулауға:
қадағалаушы ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен ғылыми жұмыстар жүргізу негіздемесінің және ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасының көшірмелері;
жануарлар дүниесі объектілерінің аулануы жоспарланып отырған көлеміне негіздеме беретін есеп-қисаптардың көшірмесі;
бұдан бұрын берілген рұқсаттарды пайдалану нәтижелері туралы есебінің көшірмесі            (рұқсаттар    берілген        жағдайда);
3) өсімін молайту мақсатында аулауға:
балық ресурстарының өсімін молайту бойынша мемлекеттік тапсырысты орындау мақсаттары үшін аулау жағдайларын қоспағанда, қадағалаушы ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен биологиялық негіздеменің көшірмесі;
4)        эксперименталдық                       аулауға:
қадағалаушы ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен биологиялық негіздеменің                      көшірмесі;
5) жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелік және эстетикалық мақсаттарда            пайдалануға:
қадағалаушы ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен ғылыми-тақырыптық жоспардан және ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасынан үзінді көшірмелері;
жануарлар дүниесі объектілерін алуға негіздеме беретін материалдардың көшірмелері (мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар биологиялық негіздеме);
6) жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалануға:
жануарлар дүниесі объектілерін алуға негіздеме беретін материалдардың көшірмелері (мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар биологиялық         негіздеме).
Порталға:
ЭЦҚ-мен       куәландырылған    мынадай:
жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру кезінде (кәсіпшілік балық аулауға, ғылыми-зерттеулік аулауға, эксперименталдық аулауға, мелиоративтік аулауға, өсімін молайту мақсатында аулауға, әуесқойлық (спорттық) аулауға) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;
жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру кезінде (аң аулауға, жануарларды ғылыми мақсаттарда пайдалануға, мәдени-ағарту, тәрбиелік және эстетикалық мақсаттарда пайдалануға, жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалануға) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;
ЭҮТШ арқылы төленгенін қоспағанда, жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы туралы төлем құжатының электрондық көшірмесі.
Қосымша пайдалану түріне байланысты, өтінімге электрондық құжат нысанында мына құжаттар қосымша тіркеледі:
1) аң аулауға (алғашқы рет жүгінген кезде):
жануарлар дүниесінің объектілерін алу шетелдіктердің қатысуымен жүргізілген жағдайда – аңшылық шаруашылығы субъектісінің аң аулауды ұйымдастыруға шетелдіктермен жасаған шарттың электрондық көшірмесі;
2)        ғылыми-зерттемелік         аулауға:
қадағалаушы ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен ғылыми жұмыстар жүргізу негіздемесінің және ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасының электрондық көшірмелері;
жануарлар дүниесі объектілерінің аулануы жоспарланып отырған көлеміне негіздеме беретін есеп-қисаптардың электрондық көшірмесі;
бұдан бұрын берілген рұқсаттарды пайдалану нәтижелері туралы есебінің электрондық көшірмесі (рұқсаттар берілген жағдайда);
3)        өсімін молайту        мақсатында аулауға:
балық ресурстарының өсімін молайту бойынша мемлекеттік тапсырысты орындау мақсаттары үшін аулау жағдайларын қоспағанда, қадағалаушы ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен биологиялық негіздеменің электрондық көшірмесі;
4)        эксперименталдық                       аулауға:
қадағалаушы ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен биологиялық негіздеменің электрондық көшірмесі;
5) жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелік және эстетикалық мақсаттарда пайдалануға:
қадағалаушы ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен ғылыми-тақырыптық жоспардан және ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасынан үзінді электрондық көшірмелері;
жануарлар дүниесі объектілерін алуға негіздеме беретін материалдардың электрондық көшірмелері (мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар биологиялық негіздеме);
6) жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалануға:
жануарлар дүниесі объектілерін алуға негіздеме беретін материалдардың электрондық көшірмелері (мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы       бар     биологиялық            негіздеме).
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
көрсетілетін қызметті берушіге – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, оның тіркелгені туралы көшірмесіндегі белгі қағаз жеткізгіште өтініштің қабылданғанын растау болып          табылады;
портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» түседі.
10. Мыналар мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздемесі болып табылады:
1) өтінімде көрсетілген мәліметтердің дұрыс болмауы;
2) мемлекеттік экологиялық сараптаманың теріс қорытындысы не оның болмауы.


 

 

 

1-қосымша   

«Жануарлар дүниесін пайдалануға
рұқсат беру» мемлекеттік   
көрсетілетін қызмет стандартына
      

Нысан

____________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)
____________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)
Мекенжайы __________________________________
(индексі, қаласы, ауданы, облысы,
көшесі, үйдің №, телефоны)
Көрсетілетін қызметті
алушының деректемелері______________________
(бизнес сәйкестендіру нөмірі/
жеке сәйкестендіру нөмірі)

Өтінім

«Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беруді» (кәсіпшілік
балық аулау, әуесқойлық (спорттық) балық аулау, ғылыми-зерттеу үшін
аулау, эксперименттік аулау, мелиоративтік аулау, өсімді молайту
мақсатындағы аулау) сұраймын ________________________________________
Пайдалану түрі: _____________________________________________________
Су айдынының атауы: _________________________________________________
Aлу мақсаты: ________________________________________________________
Aлу тәсілдері: ______________________________________________________
Жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға қатысатын адамдар тізімі
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Рұқсатты пайдалану үшін жауапты адамдар: ____________________________
Балық шаруашылығын жүргізуге арналған: 201__жылғы «__»_____ №__ шарты
Балық аулауға арналған: 201__жылғы «__»___________ №____________ шарт
Мекендейтін ортасынан алынуы жоспарланған жануарлар дүниесі
объектілерінің тізбесі мен саны:

Объектілердің атауы Саны (килограмм, тонна)

Жыныс-жасқұрамы (қажет болған жағдайда) _____________________________
Aлу мерзімі _____________________ бастап ______________________ дейін
Болжамды алу учаскесінің ауданы (аумағы) мен шекарасы _______________
_____________________________________________________________________
Жануарлар дүниесі объектілерін алу қарулары:

Қарудың атауы Саны

Жүзу құралдары:

Кеме атауы Саны дана

Ұсынылған ақпараттың шынайылығын растаймын және шынайы емес
мәліметтерді ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес
жауапкершілік туралы хабардармын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Өтінімді берген күн «__»___________20___жыл.
__________________________________________________________________
(өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса),
көрсетілетін қызметті алушының лауазымы, қолы,
мөрдің орны (заңды тұлғаларға)


 

2-қосымша         

«Жануарлар дүниесін пайдалануға
рұқсат беру» мемлекеттік   
көрсетілетін қызмет стандартына

Нысан

_____________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)
_____________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)
Мекенжайы ___________________________________
(индексі, қаласы, ауданы, облысы,
көшесі, үйдің №, телефоны)
Көрсетілетін қызметті
алушының деректемелері_______________________
(бизнес сәйкестендіру нөмірі/
жеке сәйкестендіру нөмірі)

Өтінім

«Жануарлар дүниесін пайдалануға: аң аулауға рұқсат» (аң аулау,
жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелеу және эстетикалық
мақсаттарда пайдалануға) беруді сұраймын.
Aлып қою мақсаты: ___________________________________________________
Aлып қою тәсілдері: _________________________________________________
Жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға қатысатын адамдар тізімі __
_____________________________________________________________________
Рұқсатты пайдалануға жауапты адамдар:________________________________
Мекендеу ортасынан алып қою жоспарланатын объектілердің тізбесі мен
саны:

Жануарлардың түрлері Саны (дарақтар) Учаскенің ауданы (аумағы) және шекарасы

Жалпы құны (теңге) __________________________________________________
Жыныстық-жас құрамы (қажет болған жағдайда): ________________________
Aлып қою мерзімі: ___________________ бастап _________________ дейін.
Ұсынылған ақпараттың шынайылығын растаймын және шынайы емес
мәліметтерді ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес
жауапкершілік туралы хабардармын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Өтінімді берген күн «__»___________20___жыл.
__________________________________________________________________
(өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса),
көрсетілетін қызметті алушының лауазымы, қолы,
мөрдің орны (заңды тұлғаларға)


 

3-қосымша         

«Жануарлар дүниесін пайдалануға
рұқсат беру» мемлекеттік   
көрсетілетін қызмет стандартына

Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшiн төлемақы мөлшерлемелері

Қазақстан Республикасында кәсіпшілік, әуесқойлық және спорттық аң аулау кезінде төлемақы мөлшерлемелері мынаны құрайды:

Р/с
Жабайы жануарлардың түрлері Төлемақы мөлшерлемесі, бір дарақ үшін (АЕК)
кәсіпшілік аң аулау әуесқойлық және спорттық аң аулау
1 2 3 4
1. Сүтқоректілер
1.1) бұлан (еркегі) 16
1.2) бұлан (ұрғашысы) 11
1.3) бұлан (бір жасар төлі) 6
1.4) марал (еркегі) 13
1.5) марал (ұрғашысы) 7
1.6) марал (бір жасар төлі) 4
1.7) аскания бұғысы (еркегі) 9
1.8) аскания бұғысы (ұрғашысы) 5
1.9) аскания бұғысы (бір жасар төлі) 3,5
1.10) елiк (таралу аймағының солтүстiк бөлiгi, еркегі) 4
1.11) елiк (таралу аймағының солтүстiк бөлiгi, ұрғашысы, бір жасар лағы) 3
1.12) елiк (таралу аймағының оңтүстiк бөлiгi, еркегі) 3
1.13) елiк (таралу аймағының оңтүстiк бөлiгi, ұрғашысы, бір жасар лағы) 2
1.14) сiбiр тау ешкiсi (еркегі) 4
1.15) сiбiр тау ешкiсi (ұрғашысы, бір жасар лағы) 3,5
1.16) құдыр 2
1.17) қабан (еркегі) 4
1.18) қабан (ұрғашысы, бір жасар торайы) 3
1.19) киiк (еркегі) 4 5
1.20) киiк (ұрғашысы, бір жасар лағы) 3 4
1.21) қоңыр аю (тяньшань аюынан басқасы) 14
1.22) өзен құндызы, кәмшат (орта азиялықтан басқасы) 1 2
1.23) бұлғын 2 4
1.24) суырлар (Мензбир суырынан басқасы) 0,060 0,12
1.25) ондатр 0,045 0,9
1.26) борсық, түлкi 0,10 0,20
1.27) қарсақ 0,045 0,10
1.28) америка қаракүзенi 0,12 0,25
1.29) сiлеусiн (түркiстандықтан басқасы) 0,45
1.30) қояндар (құм қоян, ор қоян, ақ қоян) 0,010 0,045
1.31) жанат тектес ит, жанат, құну, сарғыш күзен, ақ қалақ, ақкiс, сары күзен, сасық күзен, кәдімгі тиiн 0,020 0,35
1.32) саршұнақ (құм саршұнағы) 0,015 0,025
1.33) қасқыр 0 0
1.34) шиебөрі 0 0
2. Құстар
2.1) маймақ қаз (қызыл жемсаулы, қара жемсаулы) 0,015 0,030
2.2) саңырау құр 0,15
2.3) құр 0,055
2.4) гималай ұлары 0,20
2.5) қырғауыл 0,020 0,060
2.6) қаздар* (сұр қаз, ақмаңдайлы қаз, қырманқаз), қарашақаз 0,020 0,045
2.7) үйректер* (отүйрек, сарыалақаз, барылдауық, ысылдақ шүрегей, қырылдақ шүрегей, боз үйрек, сары айдар үйрек, қылқұйрық, даурықпа шүрегей, жалпақ тұмсық, қызылтұмсық сүңгуiр, қызылбас сүңгуiр, айдарлы сүңгуiр, айдарсыз теңіз сүңгуiрі, ұшқыр үйрек, сусылдақ, айдарлы үйрек, қара тұрпан, кiшi бейнарық, секпiлтөс бейнарық, үлкен бейнарық) 0,010 0,020
2.8) қасқалдақ, қызғыш, шiлдер (аққұр, тундра шілі, дала шілі, сұр шiл, сақалды шіл), кекiлiк, сұр құр, кептерлер (дыркептер, түзкептер, көк кептер, құз кептер), түркептер (кәдiмгi түркептер, үлкен түркептер), шалшықшылар (күжiркей, шаушалшық, тауқұдiрет, орман маңқысы, азия тауқұдiретi, тау маңқысы, маңқы, жылқышы, үлкен шалшықшы, орташа шалшықшы, үлкен шырғалақ, кiшi шырғалақ) 0,005 0,010
2.9) бөдене 0,005 0,010

Балық аулау объектілері болып табылатын жануарлардың түрлерін
пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мынаны құрайды:

Р/с
Су жануарларының түрлері Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)
бір дарағы үшін бір килограмы үшін
1 2 3 4
1. Кәсіпшілік және ғылыми мақсаттарда:
1.1) бекiре балықтары (қортпа, бекіре, шоқыр, сүйрік, тілмай) 0,064
1.2) майшабақтар (қарынсау, бражник шабағы, қаражон), тікендi балық, түйетабан, шабақ 0
1.3) албырт балықтар (құбылмалы бақтақ, майқан, хариус) 0,017
1.4) ақсақа балықтар (көкшұбар, көк-шарбы, пайда, шыр, мұқсын), ұзын саусақты шаян 0,012
1.5) қаракөз 0,004
1.6) итбалық 1,93
1.7) ірi балықтар:
1.7.1) ақ амур, сазан, тұқы, ақмарқа, берiш, жайын, нәлiм, дөңмаңдай, шортан, жыланбас балық, көксерке 0,013
1.8) ұсақ балықтар:
1.8.1) табан, торта, тұрпа балық, майбалық, қызылкөз, көкбас, аққайран, мөңке, алабұға, оңғақ, кәдiмгi және талас тарақ балығы, қызылқанат, балпан балық, бiлеу балық, айнакөз, көктұран, қылыш балық, буффало, шармай 0,004
2. Спорттық-әуесқойлық (рекреациялық) балық аулауды жүргiзу кезiнде:
2.1) алып қоя отырып:
2.1.1) ірі балықтар 0,017
2.1.2) қортпа 6,5
2.1.3) бекіре балықтары 5,5
2.1.4) ақсақа, албырт балықтар 0,042
2.1.5) ұсақ балықтар 0,008
2.1.6) шаян 0,008
2.2) «ұстап алу-қоя беру» қағидаты негізiнде:
2.2.1) ірі балықтар 0,1
2.2.2) бекiре балықтары (қортпа, бекіре, шоқыр, сүйрік, тілмай) 4,97
2.2.3) ақсақа, албырт балықтар 0,27
2.2.4) ұсақ балықтар 0,068

Өзге шаруашылық мақсаттарда (аңшылық пен балық аулаудан басқа)
пайдаланылатын жануарлардың түрлерін пайдаланғаны үшін төлемақы
мөлшерлемелері мынаны құрайды:

Р/с
Жануарлардың түрлері Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)
бір дарағы үшін бір килограмы үшін
1 2 3 4
1. Сүтқоректілер:
1.1) шұбар мысық немесе дала мысығы 0,030
1.2) қарақас 0,015
2. Құстар:
2.1) кiшкене, қара мойын, қызыл мойын, сұржақ, үлкен сұқсыр, үлкен суқұзғын, үлкен көлбұқа, бақылдақ құтан, көкқұтан және сары құтан 0,010
2.2) үлкен аққұтан 0,015
2.3) маусымқұс, қошқылқанат және алтынжон татрең, шүрілдек, шаушүрiлдек, моңғол шүрiлдегi, сарысағақ шүрiлдек, шығыс шүрiлдегi, теңiз шүрілдегi, алқалы татрең, тасшырған, сутартар, тартар, кiшкене тартар, титтей тартар, қызылқасқа сутартар, дала қарақасы, қарала балшықшы, бұлыңғыр, фифи, үлкен балшықшы, шөпiлдек, тәкiлдек балшықшы, бұлақшы, мамырқұс, қайқытұмсық балшықшы, ақжал қалтқы, ақтамақ қалтқы, құмғақша, қызылмойын құмдауық, ұзынсаусақ құмдауық, аққұйрық құмдауық, қызылбауыр құмдауық, қаратөс құмдауық, сүйiрқұйрық құмдауық, құмқұс, тұнбашы, шалғын және дала қарақасы, сақиналы түркептер, сарыжағал қараторғай, сарытұмсық шауқарға, қараторғай, пайыз торғай, қызылтелпектi құнақ, көкқарға, бозторғайлар (айдарлы, теңбiлтөс, ұзынтұмсық, сұр, сор, дала бозторғайы, қараалқалы, аққанат, қара, құлақты, орман бозторғайы, егіс бозторғайы, шауторғай), қызылтұмсық шауқарға, алабажақ сайрауық 0,005
2.4) қаршыға 0,010
2.5) қырғи, маубас жапалақ, байғыз, жүнбалақ байғыз, құлақты жапалақ, саз жапалағы, жамансары 0,045
3. Бауырымен жорғалаушылар:
3.1) орта Азия тасбақасы, саз тасбақасы 0,020
3.2) ешкіемер, бат-бат кесiртке, жұмырбас құм кесiртке, сығыркөз 0,010
3.3) бозша жылан 0,045
3.4) өрнектi қарашұбар жылан, шығыс және құм жыланы 0,035
3.5) көлбақа 0,005
4. Омыртқасыз су жануарлары:
4.1) артемия (цисталары) 0,045
4.2) гаммарус, шашақ мұрт шаяндар 0,010
4.3) Сүлiктер 0,030
4.4) басқа да су омыртқасыздары мен цисталары 0,005