Февраль 25, 2017

«Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Жануарлар дүниесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 18-03/390 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 28 шілдеде № 11774 болып тіркелді.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының
2015 жылғы 30 сәуірдегі № 18-03/390 бұйрығына 8 қосымша

«Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Жалпы ережелер

Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; (ОҚО Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы)

2) www.e.gov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 5 (бес) жұмыс күні;

 

Мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) тегін көрсетіледі.

 

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беруге өтінім;

жеке басын куәландыратын құжат, ал өкіл – қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжат және жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

интродукциялауды жүргізу кезінде жануарларды сатып алудың заңдылығын растайтын құжаттардың көшірмесі (сатып алу-сату шарты, сыйға тарту шарты, жүкқұжат немесе сауда чегі немесе банктің белгісі бар төлем тапсырмасы);

мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізу биологиялық негіздеменің көшірмесі;

 

2) порталға:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беруге өтінім;

интродукциялауды жүргізу кезінде жануарларды сатып алудың заңдылығын растайтын электрондық құжаттардың көшірмесі (сатып алу-сату шарты, сыйға тарту шарты, жүкқұжат немесе сауда чегі немесе банктің белгісі бар төлем тапсырмасы);

мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізу биологиялық негіздеменің электрондық көшірмесі.

Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, ветеринарлық анықтама бойынша мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік жүйелерден алады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

көрсетілетін қызметті берушіге – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, оның тіркелгені туралы көшірмесіндегі белгі қағаз жеткізгіште өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;

портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» түседі.


 

Қосымша 

 

«Жануарларды интродукциялауды,
реинтродукциялауды және   
будандастыруды жүргізуге   
рұқсат беру» мемлекеттік   
көрсетілетін қызмет      
стандартына қосымша      

Нысан

____________________________________
(уәкілетті органның толық атауы)
____________________________________
(заңды тұлғаның атауы не жеке тұлғаның
____________________________________
тегі, аты, әкесінің аты
(жеке басын куәландыратын құжатта бар болса)

_____________________________________
(мекенжайы, телефон және факс нөмірі)
_____________________________________
(бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке
сәйкестендіру нөмірі)

Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беруге
өтінім

Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды
жүргізуге (қажеттісінің астын сызу) рұқсат беруді сұраймын.
Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды
жүргізудің мақсаты __________________________________________________
Жануар түрі _________________________________________________________
Жануардың саны мен салмағы __________________________________________
Жануардың жынысы ____________________________________________________
Жануардың жасы ______________________________________________________
Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды
жүргізудің мерзімі __________________________________________________
Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды
жүргізу ауданы ______________________________________________________
Ветеринарлық анықтаманың берілген күні және нөмірі __________________
Ұсынылған ақпараттың шынайылығын растаймын және шынайы емес
мәліметтерді ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес
жауапкершілік туралы хабардармын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Өтініш берген күні «___»________________20____жыл.
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса),
қолы, мөрдің орны (заңды тұлғаларға)