Еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасының ұжымымен кездесу өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Ж.Әлжанова Шымкент қаласының еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасының ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесудің негізгі мақсаты –  Елбасының биылғы Жолдауының басым бағыттарын түсіндіру,мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.

Іс-шарада департаменттің бас маманы  Жазира Салханқызы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша департамент тарапынан атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып, жемқорлықпен бірлесе күресуге шақырды.

Кездесу барысында қатысушыларға тақырыптық бейнероликтер көрсетіліп, жадынамалар таратылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *