Енді еліміздің мемлекеттік қызметшілерінің еңбек ақысы ФАКТОРЛЫҚ-БАЛЛДЫҚ ШКАЛА негізінде жүргізілмек

Ұлт жоспары –100 нақты қадамның 5 және 6 қадамына сәйкес мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын қызметінің нәтижесіне байланысты ӨСІРУ және еңбекақыны нәтиже бойынша төлеуге көшу  мақсатында еңбекақыны төлеудің жаңа жүйесіне көшу жоспарлануда.

 

Енді еліміздің мемлекеттік қызметшілерінің еңбек ақысы ФАКТОРЛЫҚ-БАЛЛДЫҚ ШКАЛА негізінде жүргізілмек. Аталған жүйе белгіленген бөлік пен ауыспалы бөлік (бонус) негізінде құралатын болады.

Елбасының қолдауымен  2018 жылдың қаңтар айынан бастап жаңа жүйе пилоттық апробация бойынша Астана қаласының әкімдігінде, Маңғыстау облысының әкімдігінде, Әділет министрлігінде және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде еңбек ақы 2 есеге көтерілді.

Келесі жылдан бастап бұл жүйені еліміздің барлық мемлекеттік органдарына енгізу жоспарлануда.

 

«Елбасы мен агенттік төрағасының сөздері»

 

2017 жылы Департаменттің бас маманының  жалақысы орташа

92 мың теңге болған болса, бүгінгі күні ФБШ негізінде 219 мың теңгені құрауда.

Сонымен қатар, Шымкент қаласы бойынша Департамент жаңадан құрылу нәтижесінде 6 бос бірлік пайда болып ( ол штат санының 20%), нәтижесінде  мамандардың еңбек ақы қорының 45% үнемділігі пайда болды.

Осыған орай, Агенттік торағасының тапсырмасына сәйкес үнемделген қаражатты  ішкі резерв  Департаменттің мамандарына еңбек ақының үстінен 30% үстем ақы төлеуді бұйырды.

Одан бөлек, Департамент қалған үнемделген қаражатты,  көрсеткіштері ең жоғары кемінде 9 маманға тағыда 30%-дан сыйақы төлеу мүмкіншілігі бар екендігін айта кеткен жөн.

Осы жүйені үлгіге алып, басқада мемлекеттік органдар құрылым жүйесін оңтайландыру арқылы, өзінің қызметкерлеріне қаржылай ынталандыру мүмкіншіліктерді қарастырса болады.

Сонымен қатар, факторлық-баллдық шкала негізінде жыл қорытындысымен тиімді, нәтижеге қол жеткізген, білікті қызметкер
4 еңбек ақыдан 12 еңбек ақы арасында бонус алуға мүмкіншіліктер қарастырылған. (800  мыңнан – 3 миллонға дейін)

Сонымен, жаңа жүйе өзгешілігінің бірі қызметкер ауыспалы бөлігін ақы ретінде алмай оны табуға бағытталады.

 

Жаңа жүйені  Департамент қызметкерлері жылы қабылдап,жұмыста жоғары нәтиже көрсетуге тырысуда. Ол өмірдің әлеуметтік-тұрғын үй жағдайын жақсартуға үміт артып, қызметкерлердің ынтасын арттырды, жеке кәсіби дамуына ынталандыру жүйесін құрды.

Осыған орай, Шымкент қаласы әкімдігі жүргізіліп жатқан пилоттық жобаны қолдап, тіпті осы жылы еңгізуге әзір екендігін хабарлады.

Сонымен қатар, осы жаңалықты басқада мемлекеттік мекемелердің қызметшілері жылы қабылдап, қызушылық танытуда.

 

Департамент қызметкерлері жаңа жүйенің артықшылықтарын атап өтті.

Аянай Раева мен Еркебұлан Сейдалиевтің сөздері.

 

Қортындылай келе, ФБШ-ның еңгізілуі еліміздің мемлекеттік қызметшілеріне оң әсерің тігізуде. Атап айтқанда:

  • Қызметкерлердің еңбек ақысы 2 еседен аса жоғарлады;
  • өңірлер мен орталықтың мемлекеттік қызметшілерінің еңбек ақысының үйлеспеушілігін 70%- дан 10% дейін қысқартылды;
  • мемлекттік қызметкке сенім артып, мемлекеттік қызметшілердің таза ауысымдылығы 2 еседен аса азайды;
  • мемлекеттік қызметшілер нәтижелі жұмысқа бағытталды;

 

Жаңа жүйе мемлекеттік қызметшілерге болашаққа сеніммен қарауға, мемлекеттік аппаратты кәсіби, құзыретті кадрлармен қамтамасыз етуге, «Біздің міндет – халыққа қызмет» атты мемлекеттік қызметшінің басты міндетін орындауға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *