ЕЛІМІЗДІҢ «ҮЗДІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІСІ» БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ!

ҚҰРМЕТТІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ!

2019 жылдың 5 сәуірінен бастап «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» Республикалық жыл сайынғы байқауы басталғанын назарларыңызға жеткіземіз.
Байқауға келесідей азаматтар қатыса алады:

* Кемінде 1 жыл мемлекеттік қызмет өтілі бар мемлекеттік қызметкерлер

* Алынбаған әкімшілік және тәртіптік жазаларының болмауы.

Құжаттар 2019 жылдың 5 сәуірінен бастап ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайтында орналасқан арнайы Әдістемелік ұсынуларда көрсетілген тәртіппен қабылданады.

Байқауға қатысу үшін үміткер құжаттарын мемлекеттік орган (жұмыс беруші) арқылы немесе жеке өзі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментіне, Шымкент қаласы,
Тәуке-хан даңғылы 3 мекенжайы бойынша бере алады (анықтама үшін телефон 53-64-24, 53-61-13).

Байқауға қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылады:
1) №3 қосымшыға сәйкес Конкурсқа қатысу бойынша өтініш;
2) №1 және №2 қосымшыға сәйкес Конкурсқа қатысушының сауалнамасының бағаланған белгісімен;
3) «Неге дәл мен үздік мемлекеттік қызметші атағына лайықпын» мотивациялық тақырыбына эссе, (500 сөз көлемінде баспа мәтіні, Times New Roman-14, бір жол аралығы) А-4 форматы.
4) Байқауға қатысушының қызметтік тізімі.

Құжаттар қабылданып болған соң, өтініш берушілер стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білу бойынша Агенттіктің аумақтық департаментінде компьютерлендірілген тестілеуден өтеді (одан әрі –тестілеу).

Тестілуден сәтті өткен қатысушы аймақтық комиссиясында әңгімелесуде бағаланады.
Аймақтық комиссиядан оң қорытынды алған жағдайда екінші кезеңге яғни, республикалық комиссияға жолданатын болады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *