ДЕПАРТАМЕНТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ӨЗГЕРІСТЕРДІ ӨЗІНЕН БАСТАУДА

«Өзгерістерді өзіңнен баста»! Салауатты өмір салтын ұстануды әркім өзінен бастағаны абзал. Осылай деген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаменті қызметшілері футбол алаңында апта cайын кездесуде.

Бүгінгі мемлекеттік қызметші білікті маман ғана емес, сонымен қатар салауатты өмір салтын сақтайтын, спортпен шұғылданатын жан-жақты тұлға болуы қажет.

Айта кетейік, қазіргі таңда, мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытын тиімді пайдалануға барлық жағдайлар жасалған. Мемлекеттік қызметшілердің үстеме жұмыс жасауын болдырмау мақсатында тұрақты түрде алдын алу шаралары жүргізіліп отырады.

Соның нәтижесінде, мемлекеттік қызметшілер жұмыс уақытын ұтымды пайдаланып, жұмыстан тыс уақытта спортпен шұғылдануға және т.б. мүмкіндіктерге ие.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *