ДЕПАРТАМЕНТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ЗАҢҒА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған болатын.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 2 қыркүйегінде Қазақстан халқына арнаған Жолдауында азаматтардың барлық сындарлы өтініш тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет екенін атап өткен.
Осыған байланысты, аталған бағыт бойынша Департамент тарапынан бірқатар іс – шаралар ұйымдастырылуда.
Атап айтқанда, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен бірлесіп, 400 ден астам қала тұрғындары қатысқан «Маманмен кеңес» акциясы аясында заңнамаға енгізілген өзгерістер бойынша Департамент қызметкерлерімен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, 10.12.2019 жылы қаладағы барлық мемлекеттік органдардың (жергілікті атқарушы органдар және аумақтық департаменттер) қызметшілерінің қатысуымен жиналыс ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімі аппаратының, Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің Шымкент қаласы бойынша «ИЧ-167/4 мекемесі» РММ және т.б. мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстары жалғасын табуда.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *