Ағымдағы жылдың 22 қаңтар күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Шымкент қаласы Абай ауданы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ұжымымен кездесті.
Кездесудің басты мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне мүлдем төзбеушілік мәдениетін денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында қалыптастыру.
Іс-шара барысында денсаулық сақтау саласында сыбайлас жемқорлықтың түрлерін, оның ішінде денсаулық сақтауға қаралған қаржыларды ысырап қылу және жымқыру, сатып алулар саласындағы, дәрі-дәрмек жеткізу жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу талқыланды.
Кездесу соңында арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетіліп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда бірлесе жұмыс жасауға келісті.