Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті қалалық емханалар арасында сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу, сондай-ақ халыққа сапалы қызмет көрсету бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында қала тұрғындарына «Біз денсаулық саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбындағы буклеттер таратылды.
Департамент қызметкерлері сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне төзбеушілік атмосферасын құруда бірлесе жұмыс жасауға, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы 1424 нөмірі бойынша сall-орталыққа хабарлауға шақырылды.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және әдеп салалары бойынша ұсыныстар мен сұрақтарын Департаменттің 51-51-51 сенім телефонына немесе memkyzmet.kz сайтына жолдауға болатыны хабарланды.