Февраль 25, 2017

Дара кәсіпкерді тіркеу есебі

“Дара кәсіпкерді тіркеу есебі” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №284 бұйрығы)

 

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарындағы аумақтық органдарының ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтары арқылы;

2) “Азаматтарға арналған үкімет” Мемлекеттік корпорация” коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;

3) “электрондық үкімет” веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырады.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті алушыны дара кәсіпкер (бұдан әрі – ДК) ретінде тіркеу есебіне қою – көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды ұсынған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

ДК куәлігінде көрсетілген тіркеу деректерін өзгерту, ДК куәлігін алмастыру және (немесе) салықтық өтініште көрсетілген бірлескен дара кәсіпкерлікке қатысушылар (мүшелер) туралы деректерді өзгерту – құжаттарды алған күнінен кейінгі 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

орындалмаған салық міндеттемелерінің болмауы шартымен көрсетілетін қызметті алушыны ДК ретінде тіркеу есебінен шығару – 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей;

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

1) ДК ретінде тіркеу және тіркеу деректерін өзгерту үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салықтық өтінішті;

жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (түпнұсқа көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіру үшін).;

орналасқан жерін растайтын құжат – мекенжай анықтамасы не жылжымайтын мүлікке меншік немесе оны пайдалану құқығын растайтын құжатты;

кәмелеттік жасқа толмаған көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде – заңды өкілдердің келісімі, ал мұндай келісім болмаған кезде – неке қию (ерлi-зайыпты болу) туралы куәліктің көшірмесі не қамқоршылық және қорғаншылық органы шешімінің көшірмесін немесе кәмелеттік жасқа толмаған адамды толығымен іс-әрекетке қабілетті деп жариялау туралы сот шешімін;

2) тіркеу есебінен шығару үшін:

ДК қызметін тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай ішінде бір мезгілде өзінің орналасқан орны бойынша салық органына:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2 және (немесе) 3-қосымшаларға сәйкес салықтық өтінішті;

тарату салық есептілігін;

ҚҚС төлеуші болып табылатын ДК тіркеуден шығару кезінде – ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығаруға салықтық өтінішті;

қосылған құн салығын (бұдан әрі – ҚҚС) төлеуші болып табылатын ДК қызметін тоқтатқан кезде – ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікті немесе ол жоғалған немесе бүлінген кезде қағаз жеткізгіштегі түсініктемені;

осындай есепке алу болған жағдайда, қызметтің жекелеген түрлері бойынша тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтінішті;

бақылау-касса машинасын (бұдан әрі – БҚМ) есептен шығару туралы салықтық өтінішті ұсынады.

Өзіндік түрде дара кәсіпкерлік нысанында ДК ретінде тіркеуге арналған құжаттарды тіркелуші жеке тұлғаның өзі тапсырады, бірлескен дара кәсіпкерлік нысанында ДК ретінде тіркеуге арналған құжаттарды үшінші тұлғалармен және мемлекеттік органдармен қатынастарда мүдделерді білдіруге уәкілеттік берілген адам тапсырады.

Кәмелеттік жасқа толмаған жеке тұлға ДК ретінде тіркелген жағдайда, салықтық өтініш келу тәртібімен қағаз жеткізгіште табыс етіледі.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде құжаттардың қабылданғаны туралы белгімен, қабылдау күні және уақыты көрсетілген талон беріледі.

Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды беру тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат негізінде жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен жағдайда жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация құжаттарды қабылдаған кезде көшірмесін түпнұсқамен салыстырып тексереді, одан кейін көрсетілетін қызметті алушыға түпнұсқасын қайтарады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Мемлекеттік корпорация арқылы алған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік корпорация ұсынған нысан бойынша ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін береді.

Мемлекеттік корпорация нәтиженің бір ай сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге сақтауға береді. Бір ай мерзім өткеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір күн ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорациясына көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жолдайды;

ДК ретінде тіркеу және тіркеу деректерін өзгерту үшін порталға:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанындағы салықтық өтінішті;

Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті алу үшін жолданған сұрау сауалдың қабылданғаны туралы күні және уақыты көрсетілген мәлімет жіберіледі.

Егер:

шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылмайтын ДК тіркеу кезінде:

1) өтініш беруші әрекетсіз заңды тұлғалардың жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) басшысы болып табылса және (немесе) әрекет етуге қабілетсіз немесе әрекет етуге қабілеттілігі шектеулі деп танылса және (немесе) хабар-ошарсыз кетті деп танылса және (немесе) қайтыс болды деп жарияланса және (немесе) оның Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 215, 238, 240-баптары бойынша қылмыстары үшін өтелмеген немесе алынбаған соттылығы болса;

2) салықтық өтініште көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттың деректері сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдеріндегі мәліметтерге сәйкес келмесе;

3) салықтық өтініште көрсетілген орналасқан жері “Мекенжай тіркелімі” ақпараттық жүйесінде болмаса, бұл жағдайлар шағын кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын дара кәсіпкерге мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.

ДК тіркеу деректері өзгерген жағдайда:

1) көрсетілетін қызметті алушы әркетсіз деп танылса;

2) салықтық өтініште көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттың деректері сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдеріндегі мәліметтерге сәйкес келмесе;

салықтық өтініште көрсетілген орналасқан жері “Мекенжай тіркелімі” ақпараттық жүйесінде болмаса мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде, көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.


 

1-қосымша

“Дара кәсіпкерді тіркеу есебі”
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 

 

 





 

2-қосымша
“Дара кәсіпкерді тіркеу есебі”
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 


 

3-қосымша

“Дара кәсіпкерді тіркеу есебі”
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына