ВЕТИНСПЕКЦИЯ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Ж.Әлжанова, «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының заңгер-кеңесшісі Р.Ибадуллаева Шымкент қаласы бойынша аумақтық ветеринарлық инспекцияның ұжымымен кездесті.

Кездесудің мақсаты – мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, мемлекеттік қызметшілердің әдебі мен мінез-құлық нормаларын талқылау.

Кездесу барысында Жазира Салханқызы  сыбайлас жемқорлықпен күрестің басты бағыты – оның алдын алу екендігін айтып, Департамент тарапынан осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Сонымен қатар, ол «Transparency International» сыбайлас жемқорлық деңгейін зерттеу бойынша үкіметтік емес халықаралық ұйым 2018 жылғы сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексін (СЖҚИ) жариялады. СЖҚИ рейтингінде елдердің жалпы төмендеуі аясында Қазақстан 31 ұпай жинап, 124 орынға ие болып, Орталық Азия елдері арасындағы ең үздік нәтиже көрсеткендігін жеткізді.

Инспекцияның Әдеп жөніндегі уәкілі Ж.Тусекеев мемлекеттік қызметшілердің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *