Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-орталығының төрағасы Төлеген Байғұловтың брифингтегі тезистері, 12.09.2018 ж.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталық осы жылы өз жұмысын “Жемқолыққа қарсы фронт” жаңа жобасымен бастаған болатын.

​Ол азаматтық қоғамның күшін біріктіругебағытталған.

​Жобаны арнайы “омбудсмендер”, “өзгерістер елшілері” және “комиссарлар”жүзеге асырады деген мақсат болған еді.

​Алға қойған мақсаттарға жетіп жатырмыз деп айтуға болады.

​Қалай екенін толығырақ айтып өтейін.

​БІРІНШІДЕН, жұмысты белсендіру және маңыздылығын арттыру үшін аталған жоба шеңберінде облыстарда AnticorrutionWeek  шараларын өткізуді қолға алдық.

​Қазіргі уақытта аталған апталық Астана қаласы, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс және Оңтүстік Қазақстаноблыстырында өтті.

​Ол бізге не берді?

​Алдымен “жасырын сатып алушы” әдісімен өзгерістер елшілері мен комиссарлар мемлекеттік қызметтерді

көрсететін орталықтарда “делдардың” бар екендіктерін және ашық түрде заңсыз қызмет жасайтындықтарын анықтады.

​Көбінесе олар ақша үшін жүргізу кәуліктерін емтихансыз, оқусыз, керек категорияны алып беру, шетел азаматтарынтіркеу және оларға медициналық анықтамаларды алып беру секілді көмектерді көрсетіп отырған.

​Бұл бізге аталған салалаларда жемқорлық тәуекелдері бар екенін көрсетті.

​Жалпы жасырын сатып алушы әдісімен 52 жемқорлық тәуекелдері анықталды.​

​Комиссарлар делдалдық қызметтің сомаларын анықтады. Ол 70 мыңнан 120 мың теңгеге дейін жетеді.

​Сондықтан әр апталықтың қорытындысы, сәйкес сұрақтармен қоғамдық тыңдаулар мен жиындарда талқыланды.

​Әр кездесуге аталмыш органдардың басшылары мен өкілетті орган өкілдері қатысты.

​Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысындаанықталған мәселелерді шешу үшін облыс әкімінің өзі қатысып, тиісті басшыларға бірқатар тапсырма берген болатын.

​Қарағанды мен Жамбыл облысындаАгенттікпен бірігіп апталық қорытындысы көшпелі брифингте жарияланған ботатын.

​Айта кету керек, апталықтар шеңберінде көптеген мемлекеттік органдардың ғимараттарында Жемқорлыққа қарсы фронттың посттары орнатылды.

​Бүгінгі таңда 10 облыс орталықтары мен аудандарда             150 пост бар.

​Олар көбінесе Мемлекеттік кірістер комитетінің барлық бөлімшелерінде, оның ішінде мемлекеттік кірістер басқармаларында, кеден бекеттерінде, экономикалық тергеу қызметтерінде.Сонымен қатар, барлық әлеуметтік қорғау департаменттерінде ашылды.

​Жалпы қолға алынған профилактикалық жұмыстардың нәтижесі тұрмыстық коррупцияны 30-40% азайтуға мүмкіндік берді.​

​ЕКІНШІДЕН, Жемқорлыққа қарсы фронт жобасы шеңберінде түрлі салалардағы қоғамдық ұйымдардың  20 басшысы қосылған A20 – Сыбайлас жемқорлыққақарсы коалициясы құрылды.

Жалпы коалиция құрамына кәсіпкерлер, кәсіподақ, жастар, әйелдер, этномәдениұйымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарықосылды.

​Әлбетте, әр ұйымның өз мақсаты мен міндеттері бар. Бірақ коалицияның негізгі мақсаты жемқорлық тәуекелдерін анықтау, мемлекеттік қызметтерді трансформациялау бойынша ұсыныстар енгізу, мемлекеттік аппарат пен қоғам арасында қарым-қатынасты жақсарту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында көршілес елдерге консультациялар арқылы тәжірибені енгізу.

​Айта кету керек, аталған коалиция жақын арада Агенттікпен меморандум жасасады.

​Брифингті пайдалана отырып, тағы бір маңызды ақпаратпен бөлісейін.

​Кеше Қырғыстандағы танымал қоғам өкілі шекаралас мемлекеттердің арасында бизнес климатты жақсарту және жемқорлықты азайту үшін арнайы алаң құруды ұсынды.

​Оның айтуынша осы алаң Қырғыстан, Қазақстан және Өзбекстан сынды елдердің басын қосуы мүмкін.

​Өз сөзінде қоғам өкілі Қазақстанда кәсіпкерлерді қорғау және инвесторларды сүйемелдеу жұмысына ерекше назар аударып, зерделеуге қызығушылық білдіреді.

​Осы ұсыныстың негізінде біздің ұйым әріптерімізбен бірге Түркітілдес мемлеккеттері кәсіпкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы хабын құрамыз деп шештік.

​Хабқа Түркия, Өзбекстан, Қырғыстан, Түрменстан, Әзірбайжан, Қазақстан кіретін болады.  ​

​Аталған мемлекеттердің хаб құруының негізгі мақсаты әр елдің өз тәжірибесімен бөлісу.

​Мысалы, 2017 жылғы Сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексінің көрсеткіштері бойынша Түркия – 83 орында, Әзірбайжан мен Қазақстан – 122 орында, Қырғыстан -135, Өзбекстан – 157, Түрменстан – 167 орында.

​Қазақстанның да айтары мен бөлісер тәжірибесі бар. Мысалы, мемлекеттік қызметтерді автоматизациялау; этика жөнінде уәкілдер институты, еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу, инвесторларды сүйемелдеу.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *