Февраль 25, 2017

“Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 маусымда № 11342 тіркелді

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 бұйрығына 4-қосымша

“Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

            Жалпы ережелер

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: (Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің ОҚО бойынша департаменті),

1) Мемлекеттік корпорация;

2) www.egov.kz “электрондық үкімет” веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

Мемлекеттік корпорацияға құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 10 минут;

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету үшін Мемлекеттік корпорацияға осы меммлекеттік қызмет көрсету стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:

қызметті алушы өзі жүгінген кезде:

1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);

сенім білдірілген адам жүгінген кезде:

1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);

2) нотариат куәландырған сенімхат – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының мүддесін үшінші адам білдірген кезде;

мұрагерлер жүгінген кезде:

1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);

2) өсиетхат – өсиетхатта көрсетілген адамдар үшін;

3) мұраға құқықтылығы туралы куәлiк – куәлікте көрсетілген адамдар үшін;

нотариустар және шетел консулдық мекемелері жүгінген кезде – мұрагерлік іс, қайтыс болуы туралы куәлік;

соттар жүгінген кезде – олардың өндірісіндегі істер бойынша анықтама.

Мемлекеттік корпорация электрондық өтініште көрсетілген көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтерін “электрондық үкімет” шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.

 

Порталда:

көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.


 

1-қосымша

 

“Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы
қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

   

Нысан
 Өтініш

Азамат (азаматша) __________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туған жылы ______ жылғы “__” ________ _____
мекенжайы:_________________________________________________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі ___________________________________________
Жеке куәліктің (паспорттың) деректері:
№ __________________________________________________________________
кім берді ___________________________________________________________
берілген күні _______________________________________________________
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат ұсынуыңызды сұраймын.
“Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру” мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келсім беремін.
Қолы ___________
Толтырылған күні _______ жылғы “___” _______


 

2-қосымша  

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы 
 қоры салымшысы қаражатының түсуі
 және қозғалысы туралы ақпарат 
 беру» мемлекеттік көрсетілетін 
 қызмет стандартына 

 

   

Нысан

___________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) не
көрсетілетін қызметті алушы ұйымының атауы)
___________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

   Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № ____бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделеген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда:
құжаттардың атауы:
1) ________________________________________;
2) ________________________________________;
3)………………………..
ұсынбауыңызға және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды
ұсынуыңызға байланысты ______________________________________________
мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.

_____________________________________________________________________
Мемлекеттік корпорация қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса), қолы

Орындаушы: ____________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Телефон__________
Алдым: ________________________________________________________
көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)/ қолы

20 ____ жылғы «___» _________